Ли Мин Хо (Lee Min Ho)

Есімі: Ли Мин Хо / Lee Min Ho / 이민호
Туылған күні: 22 маусым 1987 жыл
Мамандығы: актер, модель
Бойы: 185 см
Жұлдыз белгісі: Шаян
Қан тобы: A (II)
Агентство: Star House Entertainment / 스타우스엔터테인먼트
Дебют: 2005 г.
Білімі: Namsung бастауыш мектебі, Banpo орта мектебі, Danggok жоғарғы мектебі, Konkuk University - Motion Picture Art Major
Отбасы: ата-анасы, әпкесі
Сүйікті тағамы: қой етінен жасалған чили
Сүйікті әуені: поп, баллада
Сүйікті әншілері: Lee Seung Chul, Im Jae Bum
Сүйікті актерлер: Леонардо Ди Каприо, Kim Su Ro, Seol Kyung Gu
Бала күнгі арманы: футболист болу
Идеал әйел: Song Hye Gyo
Хобби: спортпен шұғылдану

Түскен дорамалары:
2011 - City Hunter / Қала тыңшысы
2010 - Personal Preference / Личные предпочтения
2009 - Boys Before Flowers / Жігіттің сарбаздары
2008 - But I Don’t Know too
2008 - Get Up
2007 - I’m Sam / Мен - ұстаз
2007 - Mackerel Run / Алға, скумбрия, алға!
2006 - Secret Campus
2005 - Love Hymn
2004 - Nonstop 5 / Без остановки 5

Түскен фильмдері
2008 - Our School E.T / Біздің ағылшын мұғаліміміз
2008 - Public Enemy Returns (강철중: 공공의 적)
2007 - Humming
2006 - Arang
2004 - Ghost Lives
1997 - Repechage

[b:1smsj7pj]Осы ғой менің іздеп отырғаным! :lol: Міне, нағыз сері жігіт!! Ұсыныс білдірсе қарсы болмас едім деппа :roll: [/b:1smsj7pj]
[quote:32cd49e2][b:32cd49e2]Осы ғой менің іздеп отырғаным! :lol: Міне, нағыз сері жігіт!! Ұсыныс білдірсе қарсы болмас едім деппа :roll: [/b:32cd49e2][/quote:32cd49e2]
Армандапсың. :lol: Оның ұсынысын миллиондаған қыздар күтіп жүр 8-)
Армандағанның не айыбы бар? :roll:
Қазіргі уақытта трансляцияда жүрген «Қала тыңшысы»(«City hunter») дорамасы ел назарын өзіне баурап отыр. Өйткені басты рөлдердің бірін сүйкімді актерлер Ли Мин Хо мен Пак Мин Йоң ойнайды. Дораманың қыза түскен уақытында Ли Мин Хо Me2Day әлеуметтік желісіне сұхбат беріп те үлгеріпті. Сол сұхбаттан қысқаша аудармасын сіздерге ұсынамын:

Ли Мин Хо мырза, «City hunter» дорамасына түсу үшін сыртқы пішініңізге, стиліңізге өзгерістер керек болды ма?

Рөлге дайындықтан бастап ептілігім мен мықтылығымды арттыра бастадым. Экшн көріністер үшін фитнесспен айналыстым. Оқиға өрбіген сайын кейіпкерім Lee Yoon-sung-ның ішкі жай күйіне ене бастадым, оның жалғыздығы, қасіретін сезініп, және де оны көрсетпеуге тырысатын екінші жағын да үйрендім.

Экшн көріністер өте көп. Дайындыққа қанша уақыт кетті? Болашақта тағы одан да қиын көріністер бола ма?

Бастапқы көріністерден-ақ физикалық жаттығулар мен күрес-тартыстқа көштім, сол себепті көп машықтандым. «City hunter»-де бірнеше қызықты экшн-көріністер бар, мысалы «қасықпен экшн» деп аталатын көрініс. Болашақта көруді жіберіп алмаңыздар ))

Түсірілім барысында Тайландта көп тұрақтап қалдыңыз. Ауа-райына, тамағына үйренісуге қиын болмады ма?

Осыған дейін Тайландта бірнеше рет болғанмын, керісінше демалып, рахаттанамын. Бірақ расымен өте ыстық болған кездер болды, температура 37 градусты көрсеткен кездер де. Бәрімізге соған үйренісуге тура келді.

Сіз түскен жұмыстарыңыздан қай кейіпкердің образы сізге ұнайды?

Қазіргі кейіпкерім Lee Yoon-sung. Бөліп жарғым да келмейді, әрбір кейіпкермен байланысым бар ғой.

Кейіпкерлеріңіздің образына қатты берілесіз бе?

Қатты берілемін. Бірақ дорама мәресіне жеткен соң демалып, өз-өзіме келіп, басқа жұмыстарымды бітіріп жүре беремін, образдан шығу қиын емес.

Бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Кіммен өткізгенді қалайсыз?

Ерекше ештеңе жоқ, фильмдер қараймын, үй тірліктері, ойындар ойнаймын. Мектептен бергі досым Jung Il-woo немесе Kim Bum-мен бірге тамақтанып қайтамын, кейде оларды отбасымның мүшелері алмастырады.

Сізбен бірге басты рөлдерде ойнаған актрисалар (Gu Hye-sun, Sohn Ye-jin, Park Min-young) көбінесе сізден үлкен болды. Осы күні Park Min-young-мен жұмыс қалай жүріп жатыр?

Бұл менің әлі де жас екенімді білдіре ме? Негізінде өзімнен үлкен көптеген актрелермен істес болдым. Сонымен қатар Park Min-young-мен біраз бұрын, 20 жасымда тағы бір дорамада бірге ойнағанбыз. Қуанышыма орай «City hunter»-де менен де жас актерлер бар, сол себепті де атмосфера да жарқын.

Досыңыз Ким Бум «City hunter» жайлы қандай ойда?

Екеуміз де көріністерді жасаудың қаншалықты қиын екенін білеміз. Сол себепті ол көбіне «Өзіңе абай бол» деп қамқорлығын білдіреді.

Өз-өзіңіздің сымбатыңызға тамсанатын уақыт бола ма?

Мэйкап пен гримды жуған соң ба? ))) Бір кездері өзіңе тамсанасын, кейбір кезде өзіңе қарап: «Неткен ұсқынсызсың!» — дейтін кездерім де болады.

«Жігіттің сарбаздарынан» (Boys over flowers) кейін көшеде емін-еркін жүріп көрдіңіз бе? Қоғамдық көлікке мініп деген сияқты?

«Жігіттің сарбаздары» дүркіреп тұрған уақытында өте қиын болатын. Одан кейін промоакцияларға қатысу үшін шетелге кеттім. Бір күні қызметкерлермен кетіп бара жатсам, бір корей азаматы жақындап: «Сіз Ли Мин Хо емессіз бе? Мұнда неғып жүрсіз?» — дейді. Бұл расымен күлкілі жағдай болды, өзім де біртүрлі болдым. Ал қазір емін-еркін, жалғыз жүре беру аса қиын емес.

Өзіңізді жайсыз сезінгенде көңіліңізді көтеру үшін не істейсіз?

Көңіл-күйім түсіп кетсе аз сөйлеуге тырысамын, көбінесе ұйықтап тұрған соң бәрі дұрыс болып кетеді. Жұмыс көп болғандықтан бұл іске аспай қалады. Сондықтан позитивті ойлап, жаман ойларды ысырып тастауға тырысамын.

Болашаққа қандай жоспарлар?

Бар ойым осы «City hunter»-дегі рөлімді жақсы алып шықсам. Ал ол біткен соң фильмге түсуді ойлап жүрмін.

(с)dramabeans
аудармаға рахмет.
үй тірліктері// :lol: капец. үйінде нақты не істейді екен қызық :lol: былай маған бұлардың қарапайымдылықтары ұнайды, соц.сет, испан тіліне аударып, сұхбаттарын/суреттерін беріп отырад соған қарағанда бүт материкке кетіп қалған бұлдардың өнерлері :lol: , бұларды тек Антарктида пингвиндері ғана білмейтін шығар :lol:

[b:o4zz4kkj]Personal Test [/b:o4zz4kkj] маған қатты ұнады :D , әйтеуір, қыздары ақымақ/сұлу емес босада соған ғашық етіп қояды :lol:
Ф4 образы онша ашылмаған :( мне кажись, ато Personal Test тәп/тәуір ойнап шықты. Еще естен кетпес киім үлгілері/ай. прям сол киім үлгілерге бола, Сеулге мәңгі бақиға кетіп қалғың келеді ;)
Кореяда жыл сайын "Періштелерден келген хат" атты көрме ұйымдастырылады. Бұл көрмеде әйгілі корей өнерпаздары кішкентай балаларды көтеріп, суретке түседі. Бұл деген жұртшылықты бала асырап алуға үгіттейтін көрме болып есептеледі. Кореяда да қалыпты елдердегі сияқты тастанды балалар мәселесі бар және корей жұлдыздарын осы мәселеге тарту арқылы шешуге тырысатын шара.
Сол көрмеге Ли Мин Хо да қатысқан.
"Қала тыңшысы" дорамасына бірге түскен Ли Мин Хо мен Пак Мин Ёң 2011 жылдың шілде айында кездесіп жүргендерін жария еткен еді. Алайда 2012 жылдың 25 қаңтарында екі актердің агенттіктері бұл жұптың ажырасқанын хабарлады.
Ең басты себеп, екі актердің де кездесулерге уақыттары жоқ, тығыз кестемен жұмыс істеулеріне байланысты екен. Бір жағынан сымбатты актеріміздің басы босағаны қуантса, осындай әдемі жұптың ажырасуы көңілге кірбің ұялатты.
Махаббатта жолдары болсын деп тілейік.
[youtube:1o4q92cz]http://www.youtube.com/watch?v=TmS4rfvTHs0[/youtube:1o4q92cz]
Ли Мин Хо қазақстандықтарға сәлем айтып жатыр. Келемін дейді. :)

[youtube:39n2hk1l]http://www.youtube.com/watch?v=X1DztrFGsWw&[/youtube:39n2hk1l]