Ресми тізімге енгізілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығын

Ресми тізімге енгізілген, бағалы қағаздардың сауда-саттығын қалай ашады?
Бағалы қағаздардың сауда-саттығы осы бағалы қағаздардың рұқсат ету бастамашысының және олардың маркет-мейкерінің (егер листингілік ережелердің талаптарына сәйкес маркет-мейкердің болуы міндетті болса) өтініші негізінде ашылады.

Егер Листингілік комиссияның осы бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы шешімі өз күшіне енген күннен бастап үш ай бойы сауда-саттық ашылмаса, Листингілік комиссияның жуырдағы отырысында осы бағалы қағаздардың делистингі туралы мәселесі қаралады.