ҚР Ұлттық Банкінің алтын валюта резервтері жылдың басынан
ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері жылдың басынан бері 9,2%-ға өсті.
2014 жылғы 1 тамыз Алматы
ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері бойынша серпін оң болып табылады.
Ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2 пайызға өсті (0,5 млрд. АҚШ доллардан аса) және айдың соңында 27 млрд. АҚШ долларын құрады.
Бұл ретте жылдың басынан бері ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері 2,3 млрд. АҚШ долларына (+9,2%) өсті.
Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамы нығайып, ағымдағы сәтте 1 АҚШ доллары үшін 182,08 теңгені құрады.