Нұртас ИМАНҚҰЛ. Қатын алсаң орыстан...

Нұртас ИМАНҚҰЛ. Қатын алсаң орыстан...


Қазақ қоқайды орыстан қатын алған қазақтардан көріп жүр. Естеріңізге салайын, «Экспресс К», № 164 санында(9.09.2011 ж) орыстан және өзге ұлтттан қатын алғандардың тізімін жариялап еді.Сонда көрдік Қасымжомарт Тоқаевтың әйелі Надежда Давыдовна, Мәжіт Есенбаевтың әйелі Лариса Николаевна, Бақытжан Жұмағұловтың әйелі Валентина Ивановна, Ермұқанбет Ертісбаевтің әйелі Людмила Анатольевна, Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Владимировна, Тоқтар Әубәкіровтің әйелі Татьяна Михайловна деген маржалар екен.

Кешегі Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов сияқты өзге ұлттан өмірлік серігін тауып қазаққа адал, жанашыр дос еткен жампоздардың өнегесін өрге бастыру бүгінгілерге бұйырмапты, әйтеуір орыстан қатын алғанның көбі қарақан басының қамынан, отбасының мүддесінен аса алмай қалатынын көзіміз көріп жүр. «Қатын алсаң орыстан, құтылмайсың борыштан» дейді қазақ. Бұл арада «борыш» дегеніміз кәдімгі борыш, парыз деген сөз бе, әлде, орыстың «борщ» көжесі ме, ол жағын білмедік, бірақ орыстан қатын алғандардың қағынан жеріп, қазаққа жат болып кететіні шындық.

«Маса-ақпарат»

Құрметті Нұрмат Арғын! Ұлттық араздықты қоздыратын мәселелерді саяси сайттарға барып, талқыға салғаныңыз жөн. Біздің сайт танымдық, ойын-сауық порталы екенін екінші мәрте есіңізге саламыз. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда, сіздің аккаунтыңыз өшіріледі. Сайт ережесімен мына жерден таныссаңыз болады. http://massaget.kz/zhoba-turaly
астарлы шындыққа негізделген өлең