Акция мен облигация түсінігі, олардың ерекшеліктері?

Акция – үлесті немесе меншік куәландыратын бағалы қағаз.

Ол иеденушісіне компанияның, капиталының, мүлкінің кіріс бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді.

Облигация - несие берушi (облигация иесi) мен қарызданушы (облигация эмитентi) араларындағы заем қатынасы бар екендiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:

1. Облигация ұстаушы қоғамға несие беруші, ал облигация – қоғамды несиелеудің куәлігі. Акционер қоғамды меншіктенуші. Ал акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.

2. Облигация ұстаушыға процент түрінде табыс төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіліп, нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша процент басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Қоғамның процентті уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде табыс алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер қоғам дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер қоғамға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.

3. Басқа несие беруші сияқты, облигация ұстаушының дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, қоғамды басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше, акция иесінің қоғамның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.