Қор таратылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтем?
ҚР заңнамасына сәйкес банкті мәжбүрлі тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде Қор «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық баспа басылымдарында банктің мәжбүрлі таратылуы және кепілді өтемді төлеудің басталуы туралы хабарландыруды жариялайды. Бұл хабарландыруда төлем кезеңі, сондай-ақ Қор конкурстық негізде іріктейтін және төлемді жүзеге асыратын агент-банктің атауы көрсетіледі. Бұдан басқа, Қор негізгі теледидарлық арналарда және радиостанцияларда, сонымен қатар мерзімді баспа басылымдарында алда тұрған төлемдерді жүргізу туралы ақпаратты орналастырады.
Спам