Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері және әдістері?

Инвестициялық қызметті жүргізудің басты шарты – инвестициялық ресурстарды қалыптастыру үдерісі болып табылады. Инвестициялық ресурстар – бұл нақты және қаржылық инвестициялаудың объектілеріне жұмсалатын мемлекеттің, кәсіпорындардың қаржылық қаражаттары. Инвестициялық ресурстарды қалыптастыру бастапқы капиталды жинақтаумен байланысты:

ұлттық табысты бөлу кезіндегі мемлекет шеңберінде;
таза табысты бөлу кезіндегі кәсіпорын шеңберінде;
қарыздық қаражаттарды (олардың көлемі қарыздық капитал құнына байланысты) тарту кезіндегі кәсіпорын шеңберінде.

Макроэкономикалық деңгейде инвестициялық ресурстар келесідей көздерден құралады:

1) халықтың жинақтары;

2) жеке және заңды тұлғалардан салықтық төлемдер;

3) кәсіпорындар мен ұйымдардың, соның ішінде қаржылық институттардың жинақтары;

4) Ұлттық банктің несиелері және бюджеттік қаржыландыру;

5) шетелдік инвестициялар;

6) халықаралық қаржылық ұйымдардың қарыздары мен несиелері;

7) гранттар, бейрезиденттерден қайырымдылық жарналары.

Микродеңгейде кәсіпорындардың қаражаттары маңызды орынды алады. Олар кәсіпорынның меншік қаражатынан, сонымен қатар тартылған және қарыздық қаражаттардан қалыптасады.

Инвестициялық ресурстар келесідей белгілер бойынша жіктелінеді:

Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі келесідей ерекшеліктерді ескеруіне байланысты:

Инвестициялық қызмет инвестициялық ресурстарды қалыптастырусыз жүргізілмейді.
Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру тұрақты сипатқа ие, себебі инвестициялау барлық қызмет кезеңдерінде жүргізіледі.
Кәсіпорынның инвестициялық ресурстарын қалыптастыру кезінде реинвестициялау пайданы аудару, амортизациялық аударымдар, негізгі активтерді сату есебінен жүргізіледі.

Отандық капитал есебінен құрылған инвестициялық ресурстар көптеген формалары бар. Қазақстанда олар кіші, орта бизнес кәсіпорындары үшін ең қолайлы. Шетелдердің қатысуымен инвестициялық ресурстар негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы ірі жобаларды жүзеге асыруда сипат алады.

Кәсіпорындардың инвестицияларын қаржыландыру көздері

Кәсіпорындардың инвестициялық қызметінде инвестицияны қаржыландыруды ұйымдастыру, қаржыландырудың қолайлы, тиімді көздерін іздеу мен таңдау маңызды орынды алады.

Кәсіпорындарды қаржыландырудың көздері – бұл негізгі және айналым капиталына қызмет етуге капиталды тиімді қолдану мақсатында капиталды шоғырландыруды білдіреді (машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алу; тауарлық-материалдық құндылықтар запасын толтыру; жаңа құрылыс; әрекет ететін өндірісті жаңарту және т.б.).

Инвестиция көздерінің келесідей түрлері бар.

Инвестициялау субъектілеріне қатыстылығына қарау:

ішкі көздер;
сыртқы көздер (тартылған, қарыздық).

Меншік сипатына қарай:

меншіктік;
қарыздық.

Жарғылық капитал кәсіпорындардың меншік иеленушілердің бастапқы инвестициялау есебінен құралады және компания қарыз берушілері алдында міндеттемені білдіреді. Жарғылық капиталдың көлемі бастапқыда анықталынады және келесідей жағдайларда өзгереді: қосымша акцияларды шығару, жаңа құрылтайшыны тарту, акцияның номиналдық құнынан нақтылы құнының жоғарлауы және т.б.

Резервтік қор шетелдердің қатысуымен құрылған компания үшін міндетті, әдетте акционерлік қоғамдар түрінде қалыптасады. Ол компания шығындарын, облигация бойынша міндеттемелерді жабуға арналған. Мақсаттық бағытқа ие болғандықтан басқа мақсаттарға қаражаттар қолданылмайды.

Амортизациялық қор істен шығу мерзімі 1 жылдан жоғары болатын негізгі қорлардың және басқа да материалдық активтердің құнын қайта бағалау нәтижесінде қалыптасады.

Мұндай капиталды құру компанияның инвестициялық қызметіне жағымды шарттар береді. Себебі, активтердің құнын қазіргі бағасына сай өзгертуге мүмкіндік береді.

Таза пайда – барлық міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған, инвестиция көзі ретінде сипат алатын компания табысының басты бөлігі.

Амортизациялық аударымдар негізгі активтердің құнын жаңадан жасалған өнімге аудару үдерісі. Амортизация нәтижесіндегі алынған қаражаттарда мақсаттық бағыты бар. Сондықтан да олар реинвестицияланады және компанияның ішкі басқаруында қалады. Ал, пайдадан аударымдар ерікті сипатқа ие.

Меншік капиталдың оң жағы ретінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Алайда, жаңа құрылыспен байланысты кәсіпорынның инвестициялық мүмкіншілігін ұлғайту үшін сыртқы көздерден ақшаны тартуды қажет етеді.

Ішкі және сыртқы көздерде бірқатар артықшылықтар мен кемшіліктер бар ( кесте 5).

Қарыздық қаражаттарға шектеулі мерзімде алынған және пайызды төлеумен бірге қайтарылатын ақша қаражаттар жатады. Дегенмен, көп көлемде қарыздық капиталды тарту компанияның қаржылық жағдайының тұрақсыздығына және төлем қабілетсіздігіне әкеледі.

Тартылған қаражаттарға жатқызылады: тұрақты негізде тартылатын қаржыландырудың сыртқы көздері (бірақ дивидендтерді немесе проценттерді төлегеннен кейін).