Кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі екінші деңгейдегі ба

Банктік қызметті клиент қызығушылығындағы белгілі бір іс- әрекеттерді банктің орындауы деп айтуға болады. Нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейлі банктердің инвестициялық қызметі орындаусыз активті операцияларды сапалы деу қиын. Банк аралық тартылған қаражаттарын дұрыс қолдануы мүмкін емес, олар есебінен ссуда беру арқылы банкпен тек ссудалық операцияларды жүргізу жеткілікті пайда алуға мүмкіндік береді, бірақ төмен деңгейлі тәуекелді қамтамасыз етпейді. Банктер ссуда беріп, олардың қайтарылмай қалған тәуекелін өзіне алады. Сондықтан активті операцияларды тек несиелік қызметтерімен ғана шектеп қоймау қажет.

Банк өзінде бас қаражаттарын сақтап, сәйкесінше пайда алып қана қоймай, өтімділігі және диверсификациясына да көңіл бөлуі қажет. Бұл тараптарға банктің инвестициялық операциялары толық жауап береді. Банкте бар және алынатын бағалы қағаздар үлкен 2 топқа бөлінеді: бірінші резерв, екінші резерв.

Бірінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің табыстылық мақсатына қызмет етеді.

Өз несиелеріне жеткілікті табыс әкелетін көптеген бағалы қағаздар бар. Бұл жерде ұзақ уақыт аралығында қаражат ағымын қамтамасыз ететін, мемлекеттік облигация жөнінде айтылып жатыр. Бағалы қағаздың жоғары табыстылығы, оның өтімділігінен көрінеді.

Екінші резервке жататын бағалы қағаздар, банктің өтімділігін ұстау үшін арналған. Өтімді активтер үлкен табыс әкелмейді. Бірақ бұл жоғары табыс әкелетін бағалы қағаздар автоматты түрде бірінші резервке жататындығын білдірмейді. Көбіне бағалы қағаздардың өтімділігі олардың өтеу мерзіміне тәуелді болып келеді. Неғұрлым мерзімі аз болса, соғұрлым міндеттеме өтімді. Өтеу мерзімі ұзақ бағалы қағаздар, үлкен табыс әкеледі, бірақ ақша нарығында ставкалардың өзгеру нәтижесінде, оның нарықтық құнымен төмендеуінен байланысты үлкен тәуекелмен байланысты.

Екінші деңгейдегі банктің инвестициялық байланыстығын келесідей бағдардан қарастыруға болады: банктің инвестициялық саясаты, бағалы қағаздар нарығындағы оперциялар, банктің басқа да қызметтері.

Екінші деңгейдегі банктер негізгі пайда бөлігін несиелік операциялар өткізу нәтижесінде алады. Олардың орындауына, депозиттерді қабылдауды ұйымдастыру нәтижесінде қаражат көздерінен алады. Банктердің инвестициялық қызметі оларға қосымша табысты қамтамасыз етеді және тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан банктердің ұсынатын өнім қатары қосымша қызметтер есебінен әрдайым ұзарып отырады. Басқа банктік өнімдер, қызметтердің қатарын біріктіреді, соның ішінде банктік сферасына қатысты емесін де. Атап айтқанда келесідей қызметтер болуы әбден мүмкін: есептік кассалық қызметті ұйымдастыру, шетел валютасымен операциялар, құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер, кеңес беру қызметі, ақпараттық қызмет, инженерлі-экономикалық сараптама бойынша қызмет, кепілдеме беру, трастық операция, басқа қызметтер