Vk.com топтары жайлы көзқарасыңыз?
Мәселен вк-да За тебя, Баке, Қызықты топ, Махаббат қызық мол жылдар сияқты мықты топтар бар. Олар туралы көзқарастарыңызбен бөліссеңіздер.
Мәселен вк-да За тебя, Баке, Қызықты топ, Махаббат қызық мол жылдар сияқты мықты топтар бар. Олар туралы көзқарастарыңызбен бөліссеңіздер.
Өзім кезінде 3 топты басқарғаннан кейін айтар ойым: күн сайын қызықты, әрі басқа топтардан сөзбе-сөз көшірмей жазсаң, оқырманың да көбейе түседі.
Былтыр "Сіз білесіз бе?" деген қызықты топ аштық, оқырманы да көбейе бастады. Сосын біздің материалдарды суретіне дейін көшіріп жазған топ болды. Аты да "Сіз білесіз бе?", тіпті, біздің адрес factkaz болса, олардыкі kazfact болған. Кейіннен біз өзгертіп тастадық, бірақ тура біздікіндей топ көбейіп кеткен соң, саны бар, сапасы жоқ топтардың қатарын көбейтпейік деп жұмысын тоқтатып тастадық.
Қазір вк-да екінің бірі емес, екеуі де топ ашып алатын болды ғой. Кейбір қазақша топтарға кірсең, не қазақша әріптер жоқ, не жазбалары аударма.кз-тен аударып сала салғандай көрінеді.
Айтпақшы, сол топтың админі ретінде айтайын. Қазір жұмысы жақсарып келе жатыр ол топтың. 2500-ден астық, шүкір. Кезінде жұмысының тоқтап қалу себебі: админдерінің бәрі өзің айтқан "Сіз білесіз бе?" тобының жұмысын жақсартуға кетті де, ешкім қалмады. Мен екінші рет қайтадан осы жұмысты 3-4 қызбен бірігіп жасап жатырмыз.