"Түнімен қайда болдың, Мэри?!" Корей сериалы

Альтернативті аты: Marry Me, Mary!
Жыл: 2010
Жанр: романтика, мелодрама, музыкалық
Сериялар саны: 16

Рөлдерде:
Мун Гын Ёң (Moon Geun Young) - Wee Mae Ri / Ви Мэ Ри
Чан Гын Сок (Jang Geun Suk) - Kang Moo Kyul / Кан Му Гёль
Ким Чжэ Вук (Kim Jae Wook) - Byun Jung In / Пён Чжон Ин
Ким Хё Чжин (Kim Hyo Jin) - Seo Joon / Со Чжун

Сипаттама:
Мэ Ри – сүйкімді, әсершіл, ақкөңіл, әрі адал қыз. Ешқашан мұңайып, көңілін түсірмейді. Бір күні Му Гёль атты рок-музыканттың концертіне кездейсоқ тап болады. Сымбатты жігіттің ештеңемен уайымы жоқ, ол музыканы жақсы көреді, танымал болуға ұмтылмайды, алайда оған ғашық қыздардан аяқ алып жүргісіз. Му Гёль біздің кейіпкер қызға қолтаңба беріп, құшақтап, сүйеді. Таныстық үшін түнімен ішеді, ал таң атса... екеуі Мэ Ридің үйінде ұйықтап жатыр.
Сол уақытта әкесі қызын бұрынғы досының ұлы - бай бизнесмен атастырып қойғаны жайлы айтуға жетіп келеді. Чжон Ин - бай, сымбатты, әрі өте мәдениетті жігіт. Былайынша айтқанда Му Гёльге кереғар десе болады. Ең бастысы оның қаржылық мәселелерін шешіп бере алады.
Енді... Мэ Риге 100 күннің ішінде таңдау жасау керек. Уақыт кетті, Мэ Ри!