Түрлі ән байқаулары
"SuperstarKz", "X-Factor", "Жұлдыздар фарбрикасы" және тағы басқа ән байқаулары жайлы ойларыңыз. Қатысып көргенсіздер ме?
Қатыскым келеді , бірақ қатысқан емеспін
Super Star мен Х-Factorда шыныменде таланттылар көп болды... қазір Х-Faсtorды қараймын, Mezzo, Санда,сосын атын ұмытып тұрғаным ай тағы бір қыз бар дауыстары керемет
Былтырғы "X-Factor"-ды қарап едім. Дария Ғабдулға жанкүйер болып. Осы жылы қарамадым. Дария да жоғалып кетті.
Сәлем!қалайсыңдар???????????????мен де бұрын super Stars.X-faktor korgenmin,супер старда жанкүйер болмаппын,ал осы жылы X-faktorда Mezzo тобын қолдаймын,Жәнібек есімді жігіт біздің танысымыз болып шықты,дауыстары сөз жоқ!!!кім жеңетінін білмеймін,бірақ Санда жеңетін шығар,бірақ Mezzo жеңсе қуанышымда шек болмас еді......Өз басым кішкентайымда болмаса, тек облыстық байқауларға қатысқанмын,домбыра үйірмесінде оқып жүргенімде Туған же атты байқауға қатысып үшінші орын алдым,тағы бірде колледж атын қорғағанда бірінші орын бізге бұйырды)))))))))
Сәлем!! Мен де қатысып көрмеппін, бірақ қатысқам келеді. Алайда мен әлі өзімнің дайын емес екенімді білемін) Вокалға да бармағалы көп болды сабақ деп. Сол вокалға барып жүргенде Жұлдыздар фабрикасындағы Равиль Исаков, алдыңғы жылдың Х Факторына қатысқан Дария Акпарова және қазіргі "Изумруд" ән тобындағы Айнұр Қадырова деген адамдармен бірге ән айтатынбыз)
суперстардың ең алғашқы байқауының аймақтық іріктеу кезеңіне өтініш бергенмін. бірақ сол күні диплом алатын болдым да бармадым. абырой болыпты. Мен оған Басков орындайтын Мгновение деген әнді дайындағам. сол күні әпкем тұрмысқа шығып жатты байқаудан бәрібір оңбай құлайтын едім. телевидениеде істейтін әріптестерім солай құлап мазақ болдыҚҚҚ
Супер стар жайлы емес.Бул жерде сондай өнерлі,талантты балалар жайлы сөз қозғауымыз керек ағайын! Кішкентай кезінен букіл елді аузына қаратып,талантына тәнті қылған баланың өнерін қалай бағаламасқа!Біздің елде де құдайға шүкір ондай бала болған жоқ емес болды. Ол, Мейрамбек Беспаев ағамыз. Ол ондай жетім болмаса да, жетім баланың образына ене біліп бүкіл елді жылатты.Бозторғай әнін бозторғайша шырылдатып айтқанда ет жүрегінді елжіретіп жіберер еді гой. Оны бірақ біз қазақ мақтанбайтын қасетіміздің арқасында әлемге таныта алмадық. Қадіріне жетпедік. Бір монғолдың баласының әнінен сол Бозторғай кем ба еди?
Суперстарға бауырым қатысқан. Кейінгі турларына өзі бармай қалды.
Супер стар бірнеше жұлдыздарды жарыққа шығарды. Бүгінде сол байқаудың жеңімпаздары биіктерден көрініп те жүр. Ал Х факторды көруге қызықпаймын!