Менің Қазақстаным!
Қазақстан туралы керемет деректер:
1. Халық саны – 17 202 600 адам. Бұл әлем бойынша 62-ші орын.
2. Қазақстанда 1 шаршы км-ге 6 адамнан келеді. Ал Сингапурда 7437 адам.
3. Қазақстанда шамамен 130 ұлт өкілі бар.
4. Қазақстанда 3,3 милионға жуық жеңіл автокөлік бар.
5. Қазақстанда орыс тілінде 88, қазақ тілінде 83, ал аралас болып 32 газет шығады.
6. Қазақстанның териториясына 5 Франция, немесе 3 Түркия, немесе 7 Жапония сиып кетер еді.
7. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелдік 150 млрд доллар инвестиция құйылған.
8. Қазақстан ТМД елдерінің арасында 2000 жылы бірінші болып Халықаралық Пұл Қорының (МВФ) барлық қарызынан құтылған.
9. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара - әлемдегі құрлықпен өтетін (АКШ пен Канададан кейiн) ең ұзын шекара болып табылады : 7 512 км.
10. Жылқылар алғашқы мәрте қазіргі Қазақстанның аумағында қолға үйретілді.
11. Қазақстан – тюльпан мен алманың отаны.
12. Екібастұздық ГРЭС-2 электр станциясының мұржасы әлемдегі ең биік. Оның ұзындығы 420м.
13. Медеу - әлемдегі ең биік орналасқан мұз айдыны.
14. Қазақстан табиғат қорларымен ең бай мемлекеттердің бірі, Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 бар, 70-нің қоры анықталған, 60 өндіріледі.
15. Мұнай өндіруденде 8 орын алады. Болжам бойынша оның жалпы көлемі 12-17 миллиард тонна. Мұндай көлеммен Қазақстанды потенциалды мұнай державаларының бірі деп санай аламыз.
16. Қазақстанда шамамен жалпы уранның бестен бір бөлігі бар. Оны өндіруден 1 орындамыз.
17. Астық экспортынан Қазақстан лидерлердің бірі. Қазақстан жылына 40 елге астық экспорттайды.
18. Шай ішуден Қазақстан алғашқы орындарда келеді. Жылына әр адам басына 1,2 кг, ал Үндістанда небәрі 650 гр.
19. Байқоңыр космодромы әлемдегі ең үлкен әрі ең тығыз графикті космодром.
20. Қазақстан өзінің тарихы, әдет-ғұрпы, алып таулары, жабайы ормандары, ыстық шөлдері, мөлдір көлдері, жылжып аққан өзендері, керемет жануарлармен өсімдіктері бар кең даласымен бай ел.
Дәулет Мұқаев