ALi | Cho Young Jin | 알리

Али - 1984 жылы туған Оңтүстік Корейлік әнші-композитор. K-Pop, R&B, Soul және Hip-Hop жанрларында ән шырқайды. Ол 2009 жылы «After The Love Has Gone» альбомымен және «365 Days» атты басты әнімен дебют жасады. «Өлмес ән» шоуының 2-маусымына қатысуының арқасында оны көп адамдар тани бастады. Оның дауысының табиғаты өзгеше. Али әндер ғана емес, танымал дорамалардың да ОСТ-тарын орындайды.