Алаяқтың құрбаны болдым!

Менің бір қарындасым өзі студент, фэйсбукта отырып бір жасы үлкен әйелмен танысып, кездескен. Жасы үлкен әйел қарындасымның іші-бауырына кіріп, екеуі бұрын таныс адамдардай әңгімелесіп кеткен. (Студент қарындасым жаз бойы анау-мынау ажұмыстар істеп өзіне ақша жинап жүр еді ). Сөйтіп олар араласып жүріп, бір күні әйел қарындасымды үйіне шақырған. Үйіне қондырып, тамаққа тойдырған. Сосын келесі жексенбіде тағы да шақырған. Ол қарындасым әйелге үйреніп, жатсынбай барған. Сол кезде әйел қарындасыма өзінің тез арада ауруханаға жату керек екенін айтып, қарыз сұрап, жылаған. Қарындасым аяп кетіп, әрең жинаған 100 мың теңге ақшасын қарызға берген. Қарызды 2 апта ішінде қайтарам деген әйел ақшаны алып, содан бастап із-түзсіз жоқ болып кеткен. Әйелдің үйіне барған қарындасым ол үйдің жалға берілетін пәтер екенін анықтаған. Фэйсбуктегі парақшасын да өшірген әйелдің алдап, сан соқтырып кеткенін қарындасым сонда барып бір-ақ түсінген. Адамдар, кейбіреулер сенімге кіріп алып, адамдарды аяусыз алдайды! Сақ болыңыздар! Танымайтын адамға сенбеңіздер! Егер сіздің басыңыздан да алаяқтыққа алданып қалған жағдай болса, жаза отырыңыздар! Өзгеге сабақ болсын!

Шынымен де адамдардың бәрі жақсы емес, өмірде алаяқтықпен күн көретін адамдар бар. Мен де бір танысыма қатты қиналып тұрмын деген соң 20 мың теңге ақша беріп едім, әлі ала алмай жүрмін. Танысым мені танымайтын адамдай менімен байланысын үзді! 20 мың теңге үшін танысымның үй-ішімен қырылысуға батпай жүрмін. Садақа деп. Сондықтан алаяқтар бейтаныс қана емес, көзі таныс адамдардың да арасында болады екен! Ешкімге, ешкімге, ешкімге ақша қарыз бермеу керек! "Жоқ" деп айта біліңіздер! Маған осы оқиға сабақ болды.
Шынын айтқанда алаяқтық қазір өршіп тұр. Адамдар жеңіл жолмен оңай олжаға кенелу жолында ештеңеден тайынбайды. Бірақ кінә әр адамның өзінде де бар. Сенбеу керек! Студент кезімде мен де алаяқтық құрбаны болған едім. Көшеде тұрған хабарландыруда "Студенттерге жұмыс бар!" деп жазылып тұрды. Екі құрбымды ертіп алып, сол жаққа Алматыдағы көк базар жаққа бардық. Барсақ бір жас қыз отыр екен кеңсенің ішінде. "Мына келісімшартты толтырасыңдар, сосын ертеңнен бастап жұмысқа шығасыңдар, қандай жұмыс екенін өзіміз айтамыз"деді. Келісіп, келісімшартты толтырып болған соң, "енді әрқайсысың 2 мың теңгеден беріңдер" деді. Үшеуміз 2 мың теңгеден 6 мың теңге бердік. Ертеңінде еш хабар-ошар жоқ. Қайтып сол жерге барсақ, ана қыз жоқ, орнында басқа біреу отыр. Ана қыздың атын да сұрамаппыз. "Жас қыз, сары шашты" деп, "келісімшарттың"өзіміздегі нұсқасын көрсетсек, "білмейміз ондай нәрсені, танымаймыз" деп бізді шығарып салды. Сөйтіп бір сан соққанымыз бар. Түсінгенім, егер жұмыс тауып берем деп, қандай да бір ақша сұраса, ол дұрыс, жөнді нәрсе емес, алаяқтық! Дұрыс, жөнді жұмыс ешқашан алдын ала ақша сұрамайды! Керісінше жұмысың үшін ақша төлейді емес пе? Сондықтан бұл заманда тірі жанға сенбеу керек!