Мәдениеттану мамандығы

5B020400 - Мәдениеттану

Мәдениет дегеніміз не?

Мәдениет – адам болмысының өте күрделі факторы.

Күнделікті ауыз тілде «мәдениет» – бәрімізге өте таныс сөз: біз сарайлар мен мәдени саябақтар, қызмет көрсету мәдениеті және тұрмыс мәдениеті, мұражай, театр, кітапхана туралы айтамыз.

Сонымен бір мезгілде мәдениет – әлеуметтік-гуманитарлық танымның мәдениеттанушылар зерттейтін ең бір басты ғылыми түсінігі болып табылады.

Адам тіршілігінің өзіне тән ерекшелігін туралы ойлау адам болмысының ерекшеліктерінен көрініс беретін арнайы түсініктерді қажет етті, олар адам болмысының даму мүмкіншіліктерімен, оның санасымен рухани әлемімен байланысты.

Мәдениеттану – мәдениет теориясы – кешенді гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы мәдениет туралы ғылыми білімнің интеграциясының жалпы тенденциясын көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану, жантану, антропология, этнология, этнография, өнертану, семиотика, лингвистика, ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.

Мәдениеттану – ХХ ғасырда ғана ғылыми пән ретінде қалыптасқан жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ ғасырлардан бастап философтар мен тарихшыларды қызықтыра бастады.

Бұл мамандыққа оқу сіздің интеллектуальдық потенциалыңызды көтеріп, Сіздің рухани дүниеніңізді байытады.