Дефектология мамандығы
5B010500 - Дефектология - педагогикалық ғылымдаға жатады. Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық дене ерекшеліктерін және оларды тәрбиелеу мен оқыту заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Яғни нашар және мүлде естімейтіндерді, көзі көрмейтіндерді, ақыл-есі кем балаларды, қозғалысында ауытқуы бар балаларды емдеу, оларға диагноз қою, арнайы білім беру, түзетуге бағытталған көмек түрі. Дефектология саласы психология, философия саласымен тығыз байланысты, яғни сіз бұл саладан психолог (адамдарға сөзбен жәрдем), логопед (тіл кемістігі бар балалармен жұмыс), сурдолог (мылқаулармен жұмыс, қолмен сөйлеу), типлопед (көзі көрмейтіндермен жұмыс, брагин), олигропед (ақыл-есі кем балалармен жұмыс) мамандықтарын игеріп шыға аласыз. Дефектология саласы қазіргі таңда қажетті мамандықтар қатарында.