Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
5B010200 / Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы
Бастауыш мектеп-баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасағың келсе, жалпы адамның мектептегі білім алу кезеңі және тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі қазіргі заман талаптарына сай жасағың келсе, мектептегі кез-келген жаңарулар бастауыш мектептен бастау алады. Сондықтан бастауыш мектеп мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік те салмақты. Осындай міндеттерді шешуде мұғалімдер қауымымен жүргізілетін іс-шараларды алдын-ала ұйымдастырып отыруы заман талабына сай келетін бастауыш мұғалімдері бізде оқиды.
Кез келген оқу орны дайындап жатқан салалас мамандар арасында бәсекелесе алатын, жұмысқа қабілетті, сыни ойлау машығы қалыптасқан, білім, білік дағдылары, оның болашақ өміріне жол салатыны белгілі. Сондықтан да, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқушыны жан-жақты дамытуға мүмкіндік беретін озық әдіс-тәсілдермен, әдістемемен қаруландыру, бастауыш білім беру жүйесіндегі жаңалықтармен, көкейкесті мәселелермен таныстырып отыратын бастауыш мұғалімі дайындалады.
«Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқыту технологиясы», «Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу мен бейнелеу өнерін оқыту технологиясы», «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту технологиясы», «Бастауыш сыныптарда музыка тәрбие технологиясы», атты кабинеттерді пайдалана отырып, интербелсенді дәстүрде жаңаша білім беріледі.
Осы мамандықты бітірген соң студенттер мектептерде жоғары деңгейдегі бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқара алады. Оқу процесі кезінде алған білімі мен дағдысын өзінің кәсіптік қызметінде практикалық тұрғыдан пайдалану құзіреттерің игереді.
Сонымен қатар Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын бітірген студент 6М010200- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын магистратурада жалғастыра алады. Магистратураны оқу барысында білім беру бағдарламасының мазмұнымен, базалық және кәсіби мамандық пәндерді қамтиды. Мамандық бойынша магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды. Академиялық сыртқы және ішкі ұтқырлық бойынша шетелде білім алу мүмкіндігі бар.
Магистратураны бітіруші магистрант жоғары оқу орындарында, мектеп пен колледждерде оқытушы болып қызмет атқара алады.
5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша оқуға тапсыруға Ұлттық біріңғай тестке қатысып қазақ тілі, қазақстан тарихы, математика, биология және орыс тілі пәндерінен тестілеуге қатысып, жоғары ұпай жинау қажет. Мамандықтың ерекшелігін ескере отырып таңдау пәндері бойынша төртінші пән биология болса, «математика» пәнінен 7-ұпайдан кем болмауы тиіс. Талапкер осындай ерекшелікпен қоса мемлкеттік гран конкурсына қатыса алады.