"Сен келерсің" телехикаясы, актерлері, суреттер

"Сен келерсің" телехикаясы жайлы осында әңгімелесейік.

Сурбхи Джиоти: «Мен өзімді жұлдыз сезінбеймін»



«Сен келерсің» телехикаясында Зоя рөлін сомдайтын актриса Сурбхи Джиоти аз уақытта дүниежүзіндегі миллиондаған телекөрермендердің жүрегін жаулап үлгерді. Телехикая экранға шыққан сәттен бастап ол жұлдызға айналып шыға келді. Сегіз қырлы, бір сырлы актриса бір жағынан талантты театр суретшісі, енді бір жағынан телевизиялық шоулардың жүргізушісі, тіпті зияткерлік теледебаттардың жеңімпазы.

Актриса 29 мамыр 1988 жылы Пенжабеде туған. Әкесі кәсіпкер, анасы үй шаруасындағы әйел. Оның өзінен кейін інісі бар. Қазіргі уақытта ол бөлесімен бірге Мумбаида тұрады. Сурбхи білімді бойжеткен: көп уақытын кітап оқуға арнайды, көркем сурет магистрі деген ғылыми атағы бар, үш рет зияткерлік теледебаттың жеңімпазы атанған.
Телехикая мен телевизиялық шоуларға түспес бұрын Джиоти өзі оқыған колледжде театр үйірмесіне қатысқан. Бірақ оған үлкен атақ пен даңқты Зояның рөлі әкелген. Тек кейіпкері мұсылман бойжеткеннен актрисаның айырмашылығы – ол индуизм дінінің өкілі.

«Мен сияқты әуесқой актриса үшін танымал телехиякада басты кейіпкердің рөлін сомдау үлкен жетістік. Шынымды айтсам, мен өзімді әлі жұлдыз сезіне алмаймын, - дейді 26 жасар актриса. – Түсірілім басында көп жылайтынмын. Өйткені отбасымды қатты сағынып жүрдім. Каран (Каран Сингх Гровер, Асадтың рөлін сомдайтын актер, авт) маған қолдау көрсетіп, актерлік шеберліктің қыр-сырын үйретті. Ал мен түсірілім басталған кезде оның кино индустриясындағы үлкен тұлға екенін білген жоқпын. Содан кейін барып жанкүйер қыздардың оны қалай жақсы көретінін түсіндім».

Махаббат туралы телехикая көгілдір экраннан көрсетіле бастаған кезде баспасөз өкілдері бұл екі жұлдыздың арасында хикаяда ғана емес, шынайы өмірде де байланыс бар деген қауесет таратты. Бірақ актриса сол қауесетті жоққа шығаруға асықты: «Алғашында Каранмен арадағы роматикалық көріністер кезінде өзімді ыңғайсыз сезінетін едім. Бірақ кейін бәрі реттеліп кетті. Ол маған кішкентай бала сияқты қарайды. Біз туралы айтылған көптеген өсек-әңгімеге қарамастан, мен оның әйелі Дженнифермен жақсы қарым-қатынастамын. Олар өте жарасымды жұп».

Сурбхи тамақ дайындағанды, жаңбырды және Бангкокте дүкен аралағанды жақсы көреді. Оның сүйікті киімі – джинсы мен футболка, Issey Miyake парфюмін қолданады. Пиццаны жек көреді. Кейіпкері Зоя сияқты ол да тым салмақты адамдарды ұнатпайды және крикет оның да ең сүйікті ойыны. Ол тазалықты жақсы көреді және қызуқанды. Актриса өзінің жаны нәзік екенін мойындады, сол себепті экранда жылай салу оған қиындық тудырмайды екен. Ол шегірткеден қатты қорқады. Ал өмірдегі басты арманы – актер Амир Ханмен бірге үлкен экранда фильмге түсу.
- See more at: http://www.31.kz/news31/show/id/441/lan ... jS2wt.dpuf
Каран Сингх Гровер. Маркетологтан актерге дейінгі жол



Каран Сингх Гровер – «31 арнада» тұсауы кесілген, қазіргі уақытта аса танымалдыққа ие, атышулы «Сен келерсің» жаңа үнді телехикаясында Асадтың рөлін сомдайтын актер. Ол әсіресе нәзік жанды телекөрермендердің сүйікті актеріне айналып үлгерді. Келісті сыртқы келбеті мен ғажап актерлік тартымдылығы үшін көпшіліктің назарына ілікті. Каранның өзі де әйелдер қауымының ортасында жүргенді жақсы көреді және мұны жанкүйерлерінен жасырмайды. Ол үнемі ел назарын өзіне аударып үйренген, актер назардан тыс қалған кездерде жүректерді қалай жаулап алу керектігін өте жақсы біледі.

Каран 23 ақпан 1982 жылы Делиде пенджаб секхтерінің отбасында дүниеге келген. Оның інісі Илмит Сингх әншілігімен танымал. Болашақ актер бала күнінде отбасымен бірге Сауд Арабиясына көшіп келіп, сол жерде Халықаралық Үнді мектебінде білім алады. 2000 жылы Үндістанға қайтып оралған Каран қонақ үй менеджменті мамандығы бойынша колледжге оқуға түскен. Колледжде оқып жүріп, «Мың децибел» тобының мүшесі ретінде сахнаға шығып жүреді. Дегенмен болашағын өнермен еш байланыстырғысы келмеген Каран оқуын тәмамдаған соң Оманның Маскат қаласында тұрып жатқан отбасының жанына оралады. Сол жерде қаладағы ірі қонақ үйлердің біріне маркетинг бөлімінің жетекшісі ретінде қызметке орналасады.

Сөйтіп жүргенде жас актер өзінің тумысынан маркетинг маманы болуға жаралмағанын түсініп, отанына қайтып келген. Сыртқы келбеті келісті жас жігіт өз еліндегі алғашқы өнер жолын модель болып бастайды. Сол жылдары ол сән көрсетілімдеріне қатысып, жарнамаға түсіп, тіпті радиода жүргізуші болып біраз уақыт еңбек етеді. Ал 2004 жылы сәнгерлер байқауына қатысуға жолдама алып, «Ең танымал модель» деген марапатқа ие болады. Дәл осы жеңіс актердің одан арғы тағдырын түбегейлі өзгертіп, Каран және байқауға қатысқан басқа да бес актер MTV арнасында көрсетілетін телехикаяға түсуге шақырту алған. Одан әрі махаббат туралы хикаяларда бірнеше рөлді сомдап, танымалдығы бір демде артып сала береді.

2009 жылы Каранның өміріндегі ең алғашқы шулы оқиға орын алды. Содан бір жыл бұрын, 2008 жылы ол өзінің құрбысы, телевизия актрисасы Шраддха Нигаммен Гоа қаласында жасырын түрде некеге отырған болатын. Жастардың тойы тек қана жақын туыстары мен достарының арасында өтеді. Өкінішке орай, олардың некесі ұзаққа созылмай, 10 айдың ішінде ғашықтар ажырасып тынады. Оған себеп – жас жұбайдың қалыңдығының көзіне шөп салып, көңілін қалдыруы еді.
Ал, 2012 жылдың 9 сәуірінде Каран екінші рет отау тігеді. Бұл жолғы оның таңдауы өзінің кезекті фильмдегі серіктесі Дженнифер Уингетке түседі. Үйленгенге дейін екі жас 7 жыл бойы достық қарым-қатынаста болған.

Телехикаялардан бөлек актер көптеген реалити-шоуларға қатысып келеді. 2012 жылы ол Үндістандағы ең танымал бишілер шоуына қатысып, үшінші маусымында бірінші орынды, шоудың ақырғы қорытындысы бойынша екінші орынды жеңіп алған. Біз білетін Асад Ахмед Ханның рөлін сомдаудың арқасында жас актер қазіргі заманғы үнді телехикаяларының жарық жұлдызына айналып, өз елінде емес, шетелдерде де үлкен танымалдыққа қол жеткізді.