Тұрмысқа шыққым келеді / Хочу замуж / Still, Marry me

Мемлекет: Корея
Жанр: Романтика, Комедия
Сериялар саны: 16
Жыл: 2010

Рөлдерде:
Пак Чжин Хи / Ли Шин Ён
Ом Чжи Вон / Чжон Да Чжон
Ван Бит На / Ким Бу Ки
[b:2q1pme1a]Ким Бом[/b:2q1pme1a] / Ха Мин Чжэ
Чхве Чхоль Хо / На Бан Сок
Ли Пхиль Мо / Юн Сан У
Пак Чжи Ён / Чхве Сан Ми
Ким Ён Хе / Ха Мён Сок
Ан Хе Кюн / Хе Чжин

Сипаттама:

Шин Ён карьерасы өрге домалаған тележурналист. Жасы 34-ке келсе де әлі тұрмыс құрмаған. Бірақ жігіті оған үлкен бриллианты бар сақина сыйлап, үйленуге ұсыныс жасайды. Шин Ён бақыттан басы айналардай. Әрине, өзі армандаған жігітті кездестірді: интеллигент, бай, карьера жасау талпынысына еш қарсылығын білдірмейді. Ең бастысы, «отырып қалғандар» санатынан шығатын болды. Бірақ... өртеніп жатқан мотель туралы репортаж жасауға барса – мотель терезесінен жартылай жалаңаш жас қызбен кім секіріп жатыр дейсіз?.. Шин Ённің жігіті!
Опасыздықтың құрбаны болып, дизайн консультанты Бу Ки құрбысына күйініш-шерін тарқатып болған соң Шин Ён жігітінің үйіне аттанады. Бірақ үйдің жанында тағы да сол жігітпен «лақтырылған» қыз – аудармашы Чжон Да Чжонды кездестіреді.
Көңіл қалудан шаршап, бірақ жасы келген, күйеуге шығуды мақсат еткен қыздың ендігі тірлігі не болмақ? Ал кезіккен жігіт он жасқа кіші, әрі жас қыздардың кумирі болса ше?

"Тұрмысқа шыққым келеді" міне, осындай батыл лозунгпен 2010 жылы Корей режиссерлары әлемге тағы бір сериал сыйлады. Әрине, кәмелеттік жастан өтіп, білім алған соң, әрбір қыз баласының алға қояр мақсаты отбасын құрып, ана болу. Бізде ғана емес, бүткіл әлемде көпшілік осы жоспарлармен өмір сүреді. «City Lovers/Still, Marry Me» атпен аталған сериал жастары орда бұзар 30-дан асса да әлі теңін таппаған үш құрбы жайлы сыр шертеді.



Ең басты кейіпкерлер қатарында Ли Шин Ёң, 34-жасар репортер қыз. Өмірінде үлкен махаббаты болса да, шет елде оқысы келген үшін қарым-қатынасын бұзуға бел буады. Оқудан келген соң, бұрынғы жігіті үйленгелі жатқанын естіп, қатты уайымға салынады. Бірақ ол жігіт үйленбей қалып, қайтып келгенде, өмірде басқа махаббаты пайда болады. Бәрі де керемет болар еді, алайда жаңа келген махаббат одан 10 жасқа кіші болмаса…



Екінші кейіпкеріміз Чжон Да Чжон – атақты аудармашы. Қалай да болса тұрмысқа шығуды көздеген бұл қыздың бастан кешпейтіні жоқ. Жолын аштыруға шамандарға барады, біреудің айтуымен махаббат жайлы өлеңді караокеде 34 рет айтып шығады, танысады, іздейді, ақырында тапқанда, өмірдің мәні тұрмыс құру емес екенін біледі. Жалпы осы кейіпкердің рөлі өте терең. Өйткені көптеген құндылықтардың маңызын көрсетеді. Жасы үшін жігітінің әкесі оны қабылдамайды, тіпті ода бәрі бар, ол қаншама жұмыс істеген, ондай қыздардан береке жоқ деген де әңгімелерді естиді. Бір эпизод бар, Да Чжон аялдамада тұрып, жанындағы автоответчиктен келесі автобус мынанша уақыттан кейін келеді дегенді естіп, «шіркін осындай өмірде де болса ғой, автоответчикті қосасың, мынадай жігіт мынанша уақыттан кейін келеді, ол бай болады, бірақ мынадай проблемалары бар деген сияқты, немесе басқа жігіт ақылды болады, мінезі жақсы болады, бірақ 100 жылдан кейін келеді» – деп шошып кетеді. ))



Үшінші кейіпкеріміз тіптен күйеуге шығуды ойламайтын Бу Ки. Араларында ең ақылды, салмақты, өзі үшін ғана өмір сүретін құрбысы. Екі құрбысында проблема шықса екеуі де осы Бу Киге келіп көмек сұрайды. Бу Кидің барлық өмірлік жағдайларға кеңестері жетерлік. Ол 10 жыл жүрген жігіті ақырында үйленетін кезде қанша ақша әкелесін дегені үшін, осыдан кейін тек өзім үшін ғана өмір сүремін деп, барлық жігіттерді сызып тастаған. Ол үшін күйеудің түк пайдасы жоқ, өмір оларсыз да қызық дегенге саяды.



Міне, осы үш кейіпкердің арқасында режиссерлар әлемдегі “отырған” қыздардың проблемасын ашуға барынша ат салысады. Жалпы күйеуге шығудың бір формуласы жоқ шығар. Бәрін де уақыт пен мүмкіндіктер шешеді. Қандай да бір ережелерді үлгі тұтатын адам болған соң көштен қалмай, ережеге сай жасауды қалайсың, бірақ бәріне өмір бірдей емес қой. Сол себептен де егер бірі бұйырмай жатса, басқа толған қызықтардан ләззат алуға тырысу керек деп ойлаймын.

Айтпақшы, осы сериалда бізге танымал Ким Бом ойнайды. Бұл жолы оны есейген қалпын көруге мүмкіндік бар. Жалпы осы сериалда Жігіттер сарбазынан ол маған көбірек ұнады. Мүмкіншілік болса бір қарап шығуға тұрарлық сериал.

Ия кызык сериал екен ел арнадан корсетип жатыр.расында да кызык.
мен тусинбедим сонда аудармашы курбысы Шин Еннын жигитимен журеди ме?ал Шин Ен мен гитарашы жигит бир бирин жаксы корип калады ма?тагы да Шин Енге даригер жигит те гашык болып жур гой?соны калай екен кызык!!! :roll:
мен тусинбедим сонда аудармашы курбысы Шин Еннын жигитимен журеди ме?ал Шин Ен мен гитарашы жигит бир бирин жаксы корип калады ма?тагы да Шин Енге даригер жигит те гашык болып жур гой?соны калай екен кызык!!! :roll:

Ия, ана жігіт Шин Енді де, аудармашы қызды да алдап кеткен. Әрі қарай сериалдан көріңіздер. :)
:lol: жынд дамыған сериалдың бірі ғо :lol: менің кезінде осы сериалға крышам кеткен :lol:
әсресе шашы жере жабысып қаған кезде :lol: :lol: :lol: көріп біткенше шегім қатып осы сериалға :lol:
osi serial kulkili bar mes pa arine tek magan 21 jastagi balanin 30-dan askan kizga uilengeni unamadi birak serial kulkili bolip barin umittirip ketedi :P