Сәлем, рух! / Hello, ghost!


Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жанр: комедия, мистика, драма
Жыл: 2010
Ұзақтығы: 01:51:14
Режиссер: Ким Ен-так / Kim Yeong-tak
Рөлдерде:
Ча Тай-хьон / Cha Tae-hyeon
Каң Е-вон / Kang Ye-won
Ли Мун-су / Lee Moon-soo
Ко Чаң-сок / Ko Chang-seok

Сипаттама
Жалғыздықтан, мағынасыз өмірден әбден жалыққан Каң Саң Ман тағы да өзіне қол салады. Сәтсіз әрекеттен кейін ғажайып түрде өлген адамдардың елесін, былайша айтқанда әруақтарды көре алатын қасиетке ие болады. Енді қайтпек? Күтпеген «қонақтардан» арылу үшін медиум-экстрасенстің көмегіне жүгінеді. Алайда ол әруақтарды кетіру оның қолынан келмейтінін, олар қалаған кезде өздері кететінін айтады. Ең әуелі Саң Ман «қонақтарының» жүзеге аспай қалған армандарын орындауы керек екен...

Аударған: [b:va24iegh]Dos[/b:va24iegh]

Редактор: [b:va24iegh]Zere[/b:va24iegh]

[size=150:8j5yehzb]Корей фильмдері сериалдары сияқты өте әсерлі келеді. Бірақ сериалдағыдай ырың-жырың, ұзақ сценалар жоқтың қасы. Ойы терең, пәлсапасы биік, қозғайтын тақырыптары да өзекті. Қазіргі кезде бүкіл әлемді шарпып алған суицид тақырыбы да өзекті болып тұр. Міне, корейліктер осы мәселені де қолға алып, жан тебірентер фильм түсірген екен.
Отбасынан кішкентай кезінде айрылған кейіпкеріміз жалғыздықтан әбден шаршап, өмірден безу үшін өз-өзіне қол салу әрекеттеріне барып тұрады. Тағы бір осындай әрекетінен кейін көзіне әруақтар елестейтін болады. Ол әруақтарға не керек? Неге оны аңдып жүр? Ең әуелі кейіпкеріміз олардың арманын орындауы керек екен. Не үшін? Оны біз фильм соңында білетін боламыз.
Бір қарағанда аса көп иллюзия құрарлық фильм болып көрінбегенімен, түбінде үлкен философия жатыр. Жалғыз адам шын мәнінде жалғыз ба? Өмірім осымен бітті дегенде алға жетелейтін қандай тылсым сезім бар? Оны қайдан алу керек? Және тағы басқа сұрақтарға осы фильмнен жауап табасыздар.
Фильмді аударға Nayman-Aidos-қа үлкен рахмет! Сіздерге де ұнайды деген сенімдеміз[/size:8j5yehzb]

[size=200:8j5yehzb]ОНЛАЙН ҚАРАУ[/size:8j5yehzb]
Осы корей телесериалының "Мағынасыз, бос өмірге өкпелеп" суицид жасау деген идеясы ұнамайды. :shock: Жасөспірімдерге көрсеткен тәрбиесі мен үлгі-өнегесіне "жол болсын!" :(
Осы корей телесериалының "Мағынасыз, бос өмірге өкпелеп" суицид жасау деген идеясы ұнамайды. :shock: Жасөспірімдерге көрсеткен тәрбиесі мен үлгі-өнегесіне "жол болсын!" :(

Бұл фильм керісінше өмірден безгісі келетін адамдарды өмірге жетелейтін, рух беретін фильм. Егер жасөспірімдерге қандай да бір зияны тиетінін білсек сайтқа салмас едік.
фильм жақсы шыққан. Сөзсіз. аудармасы жақсы. Көңілді екен. Күлкіден жарылдым. Өзіндік мән мағынасы бар. шынайы туынды.
фильм жақсы шыққан. Сөзсіз. аудармасы жақсы. Көңілді екен. Күлкіден жарылдым. Өзіндік мән мағынасы бар. шынайы туынды.

Рахмет, Шахмұрат! :)
фильм жақсы шыққан. Сөзсіз. аудармасы жақсы. Көңілді екен. Күлкіден жарылдым. Өзіндік мән мағынасы бар. шынайы туынды.


Рахмет! Сіздерге ұнағанына қуаныштымын. :)
ЗЕРЕ Калай Аударт
ЗЕРЕ Калай Аударт

Олжас, сізге авторизация жібердім. Не болмаса мені агентке қосыңызшы: anarkina@bk.ru