заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде Қ ӘРІП

ҚҰРАМЫНДА ЕСІРТКІ ,ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР БАР ӨСІМДІКТЕРДІ ЖИНАУ - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тізімге енгізілген, құрамында есірткі бар жабайы өсетін немесе егілетін өсімдіктерді жинау («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
СБОР РАСТЕНИЙ, СОДЕРЖАЩИХ НАРКОТИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА, ПСИХОТРОПНЫЕ ВЕЩЕСТВА - собирание дикорастущих или культивируемых наркотикосодержащих растений, включенных в Список в соответствии с международными конвенциями (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАР - ҚР мынадай құрметті атақтар белгіленеді: - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана); - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» (Летчик-космонавт Казахстана) («ҚР мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 ҚРЗ 24-бап)
ПОЧЕТНЫЕ ЗВАНИЯ - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (Заслуженный деятель Казахстана); - «Қазақстанның ғарышкер-үшқышы» (Летчик-космонавт Казахстана) (ст. 24 ЗРК «О государственных наградах РК» от 12 декабря 1995 года № 2676)

ҚҰРСАҚ AHA (СУРРОГАТ AHA) - донорлық эмбрион ендіріліп, нәресте көтеретін әйел («Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 565 ҚРЗ 1-бап)
СУРРОГАТНАЯ МАТЬ - женщина, вынашивающая плод после введения донорского эмбриона (ст. 1 «О репродуктивных правах граждан и гарантиях их осуществления» от 16 июня 2004 года № 565)

ҚҰРЫЛТАЙ ШАРТЫ - коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтайшылардың келісімі, мұнда оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібі, оның меншігіне (жедел басқару) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу шарты («Коммерциялъщ емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 23-бап)
УЧРЕДИТЕЛЬНЫЙ ДОГОВОР - соглашение учредителей о создании некоммерческой организации, в котором определяются порядок совместной деятельности по ее созданию, условия передачи в ее собственность (оперативное управление) своего имущества и участия в ее деятельности (ст. 23 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ - көлемдік-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргізуге, аумақты инженерлік жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілер құрылысын уақытша тоқтатып қою және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-П ҚРЗ 1-бап)
ПРОЕКТ СТРОИТЕЛЬСТВА - проектную (проектно-сметную) документацию, содержащую объемно-планировочные, конструктивные, технологические, инженерные, природоохранные, экономические и иные решения, а также сметные расчеты для организации и ведения строительства, инженерной подготовки территории, благоустройства. К проектам строительства также относятся проекты консервации строительства незавершенных объектов и постутилизации объектов, выработавших свой ресурс (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)


ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ-жаңа объектілер салу және (немесе) бар объектілерді (үйлерді, ғимараттар мен олардың кешендерін, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндіру), сондай-ақ аяқталмаған объектілер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндірістік және өндірістік емес негізгі қорларды құру жөніндегі қызмет («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-11 ҚРЗ 1-бап)
СТРОИТЕЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность по созданию основных фондов производственного и непроизводственного назначения путем возведения новых и (или) изменения (расширения, модернизации, технического перевооружения, реконструкции, реставрации, капитального ремонта) существующих объектов (зданий, сооружений и их комплексов, коммуникаций), монтажа (демонтажа), связанного с ними технологического и инженерного оборудования, изготовления (производства) строительных материалов, изделий и конструкций, а также осуществления работ по консервации строительства незавершенных объектов и постутилизации объектов, выработавших свой ресурс (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ - құрылыс қызметі, ол: жер жұмыстарын және топырақтағы арнаулы жұмыстарды; үйлер мен ғимараттардың (оның ішінде көпірлер, көлік эстакадалары, тоннельдер мен метрополитендер, жол құбыры, труба құбыры, өзге де жасанды құрылыстар) тіреу және (немесе) қоршау конструкцияларын салуды; желілік құрылыстарды төсеу жөніндегі арнаулы кұрылыс және монтаж жұмыстарын; сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстар, сондай-ақ ішкі инженерлік жүйелер құруды; конструкциялар мен жабдықтарды қорғау және өңдеу жөніндегі жұмыстарды; автомобиль жолы және темір жол құрылысын; технологиялық жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), іске қосу-жөндеу жөніндегі жұмыстарды қамтиды («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
СТРОИТЕЛЬНО-МОНТАЖНЫЕ РАБОТЫ - строительная деятельность, включающая: земляные работы и специальные работы в грунтах; возведение несущих и (или) ограждающих конструкций зданий и сооружений (в том числе мостов, транспортных эстакад, тоннелей и метрополитенов, путепроводов, трубопроводов, иных искусственных строений); специальные строительные и монтажные работы по прокладке линейных сооружений; устройство наружных инженерных сетей и сооружений, а также внутренних инженерных систем; работы по защите и отделке конструкций и оборудования; строительство автомобильных и железных дорог; монтаж (демонтаж) технологического оборудования, пусконаладочные работы (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚҰРЫЛЫС ӨНІМІ - сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-11 ҚРЗ 1-бап)
СТРОИТЕЛЬНАЯ ПРОДУКЦИЯ - промежуточный и (или) конечный результат архитектурной, градостроительной и (или) строительной деятельности (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚҰРЫЛЫС ӨНІМІНІҢ САПАСЫ (ОБЪЕКТІНІҢ САПАСЫ) - қызметтің (пайдалануға беру, пайдалану, қолдану) бүкіл мерзімі бойында меншік иелерінің (пайдаланушылардың) тұтас алғанда қоғамның мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды білдіретін, тұтынушыларғажеткізілген түпкілікті құрылыс өнімі сипаттамасының (эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда) жиынтығы («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-11 ҚРЗ 1-бап)
КАЧЕСТВО СТРОИТЕЛЬНОЙ ПРОДУКЦИИ (КАЧЕСТВО ОБЪЕКТА) - совокупность характеристик (включая эстетические) доведенной до потребителя конечной строительной продукции, отражающих требования, направленные на обеспечение интересов и безопасности собственников (пользователей) и общества в целом на протяжении всего срока службы (эксплуатации, использования, применения) (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚҰРЫЛЫС САЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ - елді мекендердің аумақтарында сәулет, қала құрлысы және құрлыс қызметін жергілікті жерде реттейтін аумақтық (облыстық аудандық, қалалық) құрылыс салу ережелері қолданылады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 30-бап)
ПРАВИЛА ЗАСТРОЙКИ - на территориях населенных пунктов действуют территориальные (областные, районные, городские) правила застройки, регулирующие архитектурную, градостроительную и строительную деятельность на местах (ст. 30 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚҰРЫЛЫС САЛУДЫ РЕТТЕЙТІН СЫЗЫҚ (ҚҰРЫЛЫС САЛУ СЫЗЫҒЫ) - қызыл және сары сызықтардан немесе жер учаскелері шекарасынан шегіндіре отырып, үйлерді (ғимараттарды, құрылыстарды) орналастыру кезінде белгіленген құрылыс салу шекарасы («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16шілдедегі № 242-11 ҚРЗ 35-бап)
ЛИНИИ РЕГУЛИРОВАНИЯ ЗАСТРОЙКИ (ЛИНИИ ЗАСТРОЙКИ) - границы застройки, устанавливаемые при размещении зданий (сооружений, строений) с отступом от красных и желтых линий или от границы земельного участка (ст. 35 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)


ҚҰРЫЛЫС САЛУШЫ - өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлар салуды ұйымдастыру үшін үлескерлердің ақшаларын тарту жөніндегі қызметгі жүзеге асыратын заңды тұлға («Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 180 ҚРЗ 1-бап)
ЗАСТРОЙЩИК - юридическое лицо, осуществляющее лицензируемую деятельность по привлечению денег дольщиков для организации строительства жилых зданий на земельных участках, принадлежащих ему на праве собственности или на праве землепользования, предоставленном местным исполнительным органом (ст. 1 ЗРК «О долевом участии в жилищном строительстве» от 7 июля 2006 года № 180)

ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі іс-қимылдар («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардын мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
СПАСАТЕЛЬНЫЕ РАБОТЫ - действия в зоне чрезвычайных ситуаций по спасению людей, материальных и культурных ценностей, защите окружающей среды, ее локализации и подавлению или доведению до минимально возможного уровня воздействия характерных для нее опасных факторов (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87-I)

ҚҰТҚАРУШЫ - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
СПАСАТЕЛЬ - гражданин, прошедший специальную подготовку и аттестацию (переаттестацию) на проведение спасательных и неотложных работ (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87-I)

ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ МӘРТЕБЕСІ - ҚР заңдарымен белгіленген құтқарушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
СТАТУС СПАСАТЕЛЕЙ - совокупность прав и обязанностей спасателей, установленных законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87-I)

ҚЫЗМЕТКЕР - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
РАБОТНИК - физическое лицо, состоящее в трудовых отношениях с работодателем и непосредственно выполняющее работу по трудовому договору (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨКІЛДЕРІ - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
ПРЕДСТАВИТЕЛИ РАБОТНИКОВ - органы профессиональных союзов, их объединений и (или) иные уполномоченные работниками физические и (или) юридические лица (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндіруге) бағытталмаған, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де қажет қызметтерді ақылы негізде жүзеге асыру («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
УСЛУГИ - осуществление на платной основе деятельности, необходимой как для непосредственного использования при проведении операций по недропользованию, так и для деятельности, предусмотренной в контракте как сопутствующая, не направленной на создание (производство) товаров или других материальных предметов (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ - ҚР заңдарына сәйкес қызметтік қару иемденіп алуға (алуға) құқығы бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, ҚР Парламенті депутатгарының, прокурорлардың жеке басының, сондай-ақ ұйымдардың оларға заңмен жүктелген немесе өз жарғыларында (ережелерінде) көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бағалы және қауіпті жүктерді, арнаулы корреспонденциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қару («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-I ҚРЗ 6-бап)
СЛУЖЕБНОЕ ОРУЖИЕ - оружие, предназначенное для использования в целях обеспечения личной безопасности политическими государственными служащими, имеющими право приобретать (получать) служебное оружие в соответствии с законодательством РК, депутатами Парламента РК, прокурорами, а также организациями при осуществлении возложенных на них законодательством и предусмотренных их уставами (положениями) задач по защите жизни и здоровья граждан, собственности, по охране объектов окружающей среды и природных ресурсов, ценных и опасных грузов, специальной корреспонденции (ст. 6 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-I)


ҚЫЗМЕТТІК ҚҰПИЯ - мемлекеттік құпияның құрамына кіруі мүмкін, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттің ұлттық мүдделеріне, ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін жекелеген деректер сипаты бар мәліметтер («Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I ҚРЗ 1-бап)
СЛУЖЕБНАЯ ТАЙНА - сведения, имеющие характер отдельных данных, которые могут входить в состав государственной тайны, разглашение или утрата которых может нанести ущерб национальным интересам государства, интересам государственных органов и организаций РК (ст. 1 ЗРК «О государственных секретах» от 15 марта 1999 года № 349-I)

ҚЫЗМЕТТІК ӨНЕРТАБЫС - қызметкердің өз қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің нақты тапсырмасын орындау кезінде жасаған өнеркәсіптік меншік объектілері (1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 «ҚР патент заңы» ҚРЗ 1-бап)
СЛУЖЕБНЫЕ ИЗОБРЕТЕНИЯ - объекты промышленной собственности, созданные работником при выполнении им своих служебных обязанностей или конкретного задания работодателя (ст. 1 ЗРК «Патентный закон РК» от 16 июля 1999 года № 427)