заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде Қ ӘРІП

ҚОРҒАНЫС - ҚР әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекарасына қол сұғылмаушылықты қару-жарақпен қорғау жөніндегі саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-құқықтық және өзге де сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
ОБОРОНА - система государственных мер политического, военного, экономического, экологического, социально-правового и иного характера по обеспечению военной безопасности, воруженной защиты суверенитета,
территориальной целостности и неприкосновенности границ РК (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)


ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТІЛЕРІ - Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мемлекеттік мекемелеріне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымайтын мүлік («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
ОБОРОННЫЕ ОБЪЕКТЫ - недвижимое имущество, закрепленное на праве оперативного управления за государственными учреждениями Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

ҚОРҒАНЬІСТЫҚ ТАПСЬІРЬІСТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС БЕРУШІСІ - ҚР қорғанысы мен қауіпсіздігінің қажеттері үшін өнім (жұмыс, қызметтер) жасауға, зерттеуге, өндіруге, беруге тапсырыстарды жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы («Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЗАКАЗЧИК ОБОРОННОГО ЗАКАЗА - государственный орган РК, осуществляющий заказы на разработку, исследование, производство, поставку продукции (работ, услуг) для нужд обороны и безопасности РК (ст. 1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146)

ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫҢ ОРЫНДАУШЫСЫ - мемлекеттік тапсырыс берушімен (басқа орындаушымен) жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауға қатысатын заңды тұлғалар («Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ИСПОЛНИТЕЛЬ ОБОРОННОГО ЗАКАЗА - юридические лица, которые участвуют в выполнении оборонного заказа на основе договора, заключенного с государственным заказчиком (другим исполнителем) (ст. 1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146)

ҚОРҒАНЫСТЫҚ ТАПСЫРЫСТЫҢ ӨНІМІ - номенклатурасын ҚР Үкіметі белгілейтін тауарлар, қару-жарақ, әскери техника, екіұдай мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер («Мемлекеттік қорганыстық тапсырыс туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-П ҚРЗ 1-бап)
ПРОДУКЦИЯ ОБОРОННОГО ЗАКАЗА - товары, вооружение, военная техника, товары и технологии двойного применения (назначения), работы и услуги, номенклатура которых устанавливается Правительством РК (ст. 1 ЗРК «О государственном оборонном заказе» от 19 января 2001 года № 146)

ҚОРҒАУ - қылмыс жасады деп сезік келтірілгш адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
ЗАЩИТА - процессуальная деятельность, осуществляемая стороной защиты в целях обеспечения прав и интересов лиц, которые подозреваются в совершении преступления, опровержения или смягчения обвинения, а также реабилитации лиц, неправомерно подвергшихся уголовному преследованию (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ҚОРҒАУ БАЖДАРЫ - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды отандық өндірушілерге елеулі залал келтіруі немесе оны келтіру қаупін туғызуы мүмкін мөлшер мен жағдайларда ҚР аумағына қандай да болсын тауар жеткізіп берілген жағдайларда кеден органдары өндіріп алатын кеден бажының ставкасынан тыс баждар («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337-I ҚРЗ 1-бап)
ЗАЩИТНЫЕ ПОШЛИНЫ - пошлины, которые взимаются таможенными органами сверх ставки таможенной пошлины, в случаях поставок на таможенную территорию РК какого-либо товара в таких количествах и в таких условиях, при которых возможно нанесение серьезного ущерба или угрозы его нанесения отечественным производителям подобных или непосредственно конкурирующих товаров (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337-I)

ҚОРҒАУ ҚҰЖАТТАРЫ - ҚР патент заңына сәйкес берілген алдын ала патенттер мен өнертабыс пен өнеркәсіп үлгілеріне патенттер, пайдалы модельдерге патенттер (1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-1 «ҚР патент заңы» ҚРЗ 1-бап)
ОХРАННЫЕ ДОКУМЕНТЫ - выданные в соответствии с Патентным законом предварительные патенты и патенты на изобретения и промышленные образцы, патенты и полезные модели (ст. 1 ЗРК «Патентный закон» от 16 июля 1999 года № 427-I)

ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірушілеріне елеулі залал келтіретіндей немесе оны келтіру қаупін туғызатындай мөлшер (отандық өндіріске абсолютті немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда ҚР аумағына оның ішкі рыногындағы еркін айналыс үшін әкелінетін тауар жеткізіп беруге қорғау баждары және (немесе) квоталар белгілеу түрінде ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы («Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 337ҚРЗ 1-бап)
ЗАЩИТНЫЕ МЕРЫ - совокупность средств административно-экономического воздействия, применяемых на основании постановления Правительства РК в виде защитных пошлин и (или) установления квот на поставки товара, который ввозится на территорию РК для свободного обращения на ее внутреннем рынке в таких количествах (абсолютно или относительно отечественного производства) и в таких условиях, когда наносится серьезный ущерб или возникает угроза его нанесения отечественным производителям подобного или непосредственно конкурирующего товара (ст. 1 ЗРК «О мерах защиты внутреннего рынка при импорте товаров» от 28 декабря 1998 года № 337)


ҚОРҒАУШЫ - заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 70-бап)
ЗАЩИТНИК - лицо, осуществляющее в установленном законом порядке защиту прав и интересов подозреваемых и обвиняемых и оказывающее им юридическую помощь (ст. 70 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ҚОРҒАУШЫ - әкімшілік жауапқа тартылушы адамның құқықтары мен мүдделерін заңда белгіленген тәртіппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегін көрсететін адам. Қорғаушы ретінде адвокаттар, әкімшілік жауапқа тартылушы адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және қоғамдық бірлестік мүшелерінің істері бойынша осы бірлестіктердің өкілдері жіберіледі. Егер заңда белгіленген тәртіппен өзара қатынас негізінде ҚР тиісті мемлекетпен халықаралық шартында көзделсе, шетелдік адвокаттар іске қорғаушы ретінде қатысуға жіберіледі (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБТК 588-бап)
ЗАЩИТНИК - лицо, осуществляющее в установленном законом порядке защиту прав и интересов лица, привлекаемого к административной ответственности, и оказывающее ему юридическую помощь. В качестве защитников допускаются адвокаты, супруг (супруга), близкие родственники или законные представители лица, привлекаемого к административной ответственности, представители профсоюзов и других общественных объединений по делам членов этих объединений. Иностранные адвокаты допускаются к участию в деле в качестве защитников, если это предусмотрено международным договором РК с соответствующим государством на взаимной основе, в порядке, определяемом законодательством (ст. 588 КоАП РК от 30 января 2001 года № 155)

ҚОРДЫҢ АКТИВТЕРІ - әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық табыс және Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, әлеуметтіктөлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артық төленген қаражатты қайтаруды шегеріп тастағанда, Қорға түсетін ҚР заңдарында көзделген өзге де түсімдер («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ 1-бап)
АКТИВЫ ФОНДА - социальные отчисления, пеня, полученная за просрочку уплаты социальных отчислений, инвестиционный доход и иные предусмотренные законодательством РК поступления в Фонд за минусом комиссионного вознаграждения на обеспечение деятельности Фонда, средств, направленных на социальные выплаты и возврат ошибочно зачисленных или излишне уплаченных средств (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)

ҚОРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеуді, маркетингтік, инжинирингтік және өзге де зерттеулерді, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)
ИНВЕСТИЦИОННАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ФОНДА - деятельность Фонда, связанная с осуществлением инвестиций, включающая инвестирование в уставные капиталы организаций, сбор и обработку информации по инвестиционным проектам, маркетинговые, инжиниринговые и иные исследования, принятие участия в обеспечении планово-прогнозной и проектно-сметной документацией, а также организацию контроля за инвестициями (ст. 1 ЗРК «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ҚОРҚЫТУ - өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 112-бап)
УГРОЗА - угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение (ст. 112 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚОРҚЫТЫП АЛУШЫЛЫҚ - қорқытып алушылық яғни бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүліктік сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен не жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 181-бап)
ВЫМОГАТЕЛЬСТВО - вымогательство, то есть требование передачи чужого имущества или права на имущество или совершения других действий имущественного характера под угрозой применения насилия либо уничтожения или повреждения чужого имущества, а равно под угрозой распространения сведений, позорящих потерпевшего или его близких, либо иных сведений, оглашение которых может причинить существенный вред интересам потерпевшего или его близких (ст. 181 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚОРЛАУ - қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 130-бап)
ОСКОРБЛЕНИЕ - оскорбление, то есть унижение чести и достоинства другого лица, выраженное в неприличной форме (ст. 130 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚОРШАҒАН ОРТА - атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
ОКРУЖАЮЩАЯ СРЕДА - совокупность природных и искусственных объектов, включая атмосферный воздух, озоновый слой Земли, поверхностные и подземные воды, земли, недра, животный и растительный мир, а также климат в их взаимодействии (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН OPTAFA КЕЛТІРІЛЕТІН ЗАЛАЛ - табиғи ресурстардың жұтаңдауы мен сарқылуын немесе тірі организмдердің қырылуын туындатып немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
УЩЕРБ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЕ - загрязнение окружающей среды или изъятие природных ресурсов свыше установленных нормативов, вызвавшее или вызывающее деградацию и истощение природных ресурсов или гибель живых организмов (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАР-ластағыш заттардың шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
ЭМИССИИ В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ - выбросы, сбросы загрязняющих веществ, размещение отходов производства и потребления в окружающей среде, вредные физические воздействия (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН КВОТА - нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінген қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттің бір бөлігі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
КВОТА НА ЭМИССИИ В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ - часть лимита на эмиссии в окружающую среду, выделяемая конкретному природопользователю на определенный срок (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН ЛИМИТТЕР - белгілі бір мерзімге арнап белгіленетін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтік көлемі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
ЛИМИТЫ НА ЭМИССИИ В ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ - нормативный объем эмиссий в окружающую среду, устанавливаемый на определенный срок (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫНЫҢ НОРМАТИВТЕРІ-қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
НОРМАТИВЫ КАЧЕСТВА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - показатели, характеризующие благоприятное для жизни и здоровья человека состояние окружающей среды и природных ресурсов (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫНЫҢ НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ - қоршаған ортаның сапасын біртіндеп жақсарту қажеттігі ескеріле отырып, қоршаған ортаның белгілі бір уақыт кезеңіне арнап нормаланатын параметрлерінің шекті деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
ЦЕЛЕВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ КАЧЕСТВА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - показатели, характеризующие предельный уровень нормируемых параметров окружающей среды на определенный период времени с учетом необходимости постепенного улучшения качества окружающей среды (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауғажәне оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚРЭК 1-бап)
ОХРАНА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - система государственных и общественных мер, направленных на сохранение и восстановление окружающей среды, предотвращение негативного воздействия хозяйственной и иной деятельности на окружающую среду и ликвидацию ее последствий (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АВАРИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластағыш заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берілетін деңгейден асатын электромагниттік, температуралық әсер ету, жарықтың әсері немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенгттен абайсызда ластауы (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)
АВАРИЙНОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - внезапное непреднамеренное загрязнение окружающей среды, вызванное аварией, происшедшей при осуществлении экологически опасных видов хозяйственной и иной деятельности физических и (или) юридических лиц, и являющее собой выброс в атмосферу и (или) сброс вредных веществ в воду или рассредоточение твердых, жидких или газообразных загрязняющих веществ на участке земной поверхности, в недрах или образование запахов, шумов, вибрации, радиации, или электромагнитное, температурное, световое или иное физическое, химическое, биологическое вредное воздействие, превышающее для данного времени допустимый уровень (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АВАРИЯЛЫҚ ЛАСТАНУЫ - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластаушы заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттік, температуралық эсер, жарықтың әсері немесе сол уақыт үшін жол берілетін деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы («Міндетті экологияльщ сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)
АВАРИЙНОЕ ЗАГРЯЗНЕНИЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ - внезапное непреднамеренное загрязнение окружающей среды, вызванное аварией, происшедшей при осуществлении экологически опасных видов хозяйственной и иной деятельности физических и (или) юридических лиц, и являющее собой выброс в атмосферу и (или) сброс вредных веществ в воду или рассредоточение твердых, жидких или газообразных загрязняющих веществ на участке земной поверхности, в недрах, или образование запахов, шумов, вибрации, радиации, или электромагнитное, температурное, световое или иное физическое, химическое, биологическое вредное воздействие, превышающее для данного времени допустимый уровень (ст. 1 ЗРК «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)