заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде Қ ӘРІП

ҚАЗАҚСТАН РЕСІІУБЛИКАСЬІНДАҒЬІ КЕДЕН ІСІ-
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР ҚК 1-бап)
ТАМОЖЕННОЕ ДЕЛО В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - таможенное дело в РК включает в себя порядок и условия перемещения товаров и транспортных средств через таможенную границу РК, таможенного оформления и таможенного контроля, применения таможенных режимов, взимания таможенных платежей и налогов, ведения борьбы с правонарушениями в сфере таможенного дела и другие средства реализации таможенной политики, основанные на властных отношениях между государством и лицами, осуществляющими внешнеэкономическую и иную деятельность (ст. 1 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТ - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ «Нотариат туралы» Заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңда мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі («Нотариат туралы» 1997жылғы 14 шілдедегі № 155 ҚРЗ 1-бап)
НОТАРИАТ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - законодательно закрепленная система защиты прав и законных интересов физических и юридических лиц путем совершения нотариальных действий, направленных на удостоверение прав и фактов, а также на осуществление иных задач, предусмотренных Законом «О нотариате» (ст. 1 ЗРК «О нотариате» от 14 июля 1997 года № 155)

ҚР АЗАМАТТЫҒЫ - адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысы, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді («ҚР азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы ҚРЗ Кіріспе)
ГРАЖДАНСТВО РК - устойчивая политико-правовая связь лица с государством, выражающая совокупность их взаимных прав и обязанностей (Преамбула ЗРК «О гражданстве РК» от 20 декабря 1991 года)

ҚР АСТАНАСЫ - мемлекеттің әкімшілік-саяси орталығы, ҚР Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының, Бас Прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері («ҚР астанасының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 20 мамырдағы № 230 ҚРЗ 1-бап)
СТОЛИЦА РК - административно-политический центр государства, место нахождения Президента, Парламента, Правительства, Конституционного Совета, Верховного Суда, Генеральной прокуратуры и центральных исполнительных органов РК (ст. 1 ЗРК «О статусе столицы РК» от 20 мая 1998 года № 230)

ҚР АҚПАРАТТАНДЬІРУ САЛАСЬІНДАҒЬІ ЖҰМЬІСТАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫ - «Электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, ҚР Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесу органы («Ақпараттандыру» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
МЕЖВЕДОМСТВЕННАЯ КОМИССИЯ РК ПО КООРДИНАЦИИ РАБОТ В СФЕРЕ ИНФОРМАТИЗАЦИИ - консультативно-совещательный орган при Правительстве РК, осуществляющий координацию работ в области формирования «электронного правительства» и информатизации государственных органов (ст. 1 «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ҚР АУМАҒЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС - ҚР аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 6-бап)
ПРЕСТУПЛЕНИЕ, СОВЕРШЕННОЕ НА ТЕРРИТОРИИ РК - деяние, которое начато или продолжилось, либо было окончено на территории РК. (ст. 6 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ҚР ӘДІЛЕТ БІЛІКТІЛІК АЛҚАСЫ - мәжіліс депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер-ғалымдардан, әділет органдарының қызметкерлерінен құралатын дербес, тәуелсіз мекеме («ҚР Әділет біліктілік алқасы туралы» 2001 жылғы 11 шілдедегі № 234-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КВАЛИФИКАЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ ЮСТИЦИИ РК - автономное независимое учреждение, формируемое из депутатов Мажилиса, судей, прокуроров, преподавателей права и ученых-юристов, работников органов юстиции (ст. 1 ЗРК «О Квалификационной коллегии юстиции РК» от 11 июля 2001 года № 234)

ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ - ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президенті құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган («Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 ҚРЗ 6-бап)
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РК - центральный исполнительный орган, входящий в структуру Правительства РК, образуемый, реорганизуемый и упраздняемый Президентом Республики по представлению Премьер-Министра РК (ст. 6 ЗРК «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года № 304)

ҚР ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ - өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары («Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНЫ ЮСТИЦИИ РК - органы исполнительной власти, в пределах своей компетенции осуществляющие правовое обеспечение деятельности государства, поддерживающие режим законности в работе государственных органов, организаций, должностных лиц и граждан, обеспечивающие защиту прав и законных интересов граждан и организаций (ст. 1 ЗРК «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года № 304)

ҚР ӘУЕ КЕҢІСТІГІ - ҚР құрлықтық және сулы аумағының, оның ішінде аумақтық суларының үстіндегі әуе кеңістігі (ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация кызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)
ВОЗДУШНОЕ ПРОСТРАНСТВО РК - воздушное пространство над сухопутной и водной территории РК, в том числе над ее территориальными водами (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

ҚР БІРТҰТАС ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ-ҚР тұтынушыларын сенімді және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр беру желілері мен шағын станциялардың жиынтығы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
ЕДИНАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ СИСТЕМА РК - совокупность электрических станций, линий электропередачи и подстанций, обеспечивающих надежное и качественное энергоснабжение потребителей РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ҚР БІРТҰТАС ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЭЛЕКТР ҚУАТЫНЫҢ РЕЗЕРВІ - шартта көзделген талаптарға сәйкес керекті құрылымы, шамасы, сондай-ақ диспетчерлендіруге әзірлік дәрежесі бар энергия өндіруші ұйымдар агрегаттарының электр қуаты («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
РЕЗЕРВ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ МОЩНОСТИ ЕДИНОЙ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКОЙ СИСТЕМЫ РК - электрическая мощность агрегатов энергопроизводящих организаций, имеющих требуемую структуру, величину, а также степень готовности к диспетчеризации, соответствующие требованиям, предусмотренным договором (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ҚР ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ - ҚР Конституциясына, «ҚР дипломатиялық қызметі туралы» ҚР Заңына, ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын ҚР дипломатиялық қызмет органдарындағы ҚР азаматтарының кәсіби қызметі («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ДИПЛОМАТИЧЕСКАЯ СЛУЖБА РК - профессиональная деятельность граждан РК в органах дипломатической службы РК, осуществляемая в соответствии с Конституцией РК, Законом РК «О дипломатической службе», иными нормативными правовыми актами и международными договорами РК (ст. 1 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)

ҚР ЖАРИЯЛЫ ТӘРТІБІ - ҚР заңнамасында бекітілген мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негіздері («Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 23 ҚРЗ 2-бап)
ПУБЛИЧНЫЙ ПОРЯДОК РК - основы государственного и общественного устройства, закрепленные в законодательстве РК (ст. 2 ЗРК «О международном коммерческом арбитраже» от 28 декабря 2004 года № 23)

ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІ - ҚР Конституциясында көзделген ҚР Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган («ҚР Жоғары Coт Кеңесі туралы» 2001 жылғы 28 мамырдағы № 203-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ВЫСШИЙ СУДЕБНЫЙ СОВЕТ РК - консультативно-совещательный орган при Президенте РК, предусмотренный Конституцией РК (ст. 1 ЗРК «О Высшем Судебном Совете РК» от 28 мая 2001 года № 203)

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ - азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы 81-бап)
ВЕРХОВНЫЙ СУД РК - высший судебный орган по гражданским, уголовным и иным делам, подсудным судам общей юрисдикции, осуществляет в предусмотренных законом процессуальных формах надзор за их деятельностью и дает разъяснения по вопросам судебной практики (ст. 81 Конституции РК от 30 августа 1995 года)

ҚР КЕДЕНДІК АУМАҒЫ МЕН КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ - ҚР кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ ҚР құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында ҚР юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 -II ҚР ҚК 6-бап)
ТАМОЖЕННАЯ ТЕРРИТОРИЯ И ТАМОЖЕННАЯ ГРАНИЦА РК - сухопутная территория, территориальные воды (море) и внутренние воды, воздушное пространство над ними, а также находящиеся на континентальном шельфе РК искусственные острова, установки, сооружения и иные объекты, в отношении которых РК обладает исключительной юрисдикцией в сфере таможенного дела (ст. 6 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)


ҚР КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретін шектерде мемлекетгің, ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ ҚР басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі («ҚР дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы № 299 ҚРЗ 1-бап)
КОНСУЛЬСКАЯ СЛУЖБА РК - часть дипломатической службы, направленная на обеспечение защиты прав и интересов государства, граждан и юридических лиц РК в пределах, допускаемых международным правом, а также содействующая развитию дружественных отношений РК с другими государствами, расширению экономических, торговых, научно-технических, гуманитарно-культурных связей и туризма (ст. 1 ЗРК «О дипломатической службе РК» от 7 марта 2002 года № 299)

ҚР КӨЛІГІ - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ ҚР аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі («ҚР көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 ҚРЗ 1-бап)
ТРАНСПОРТ РК - зарегистрированный на ее территории железнодорожный, автомобильный, морской, внутренний водный, воздушный, городской электрический, в том числе метрополитен, а также находящийся на территории РК магистральный трубопроводный транспорт (ст. 1 ЗРК «О транспорте в РК» от 21 сентября 1994 года № 156)

ҚР ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ ОРГАНДАРЫ - заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар («ҚР қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі № 336 ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНЫ ФИНАНСОВОЙ ПОЛИЦИИ РК - специальные
государственные органы, осуществляющие правоохранительную деятельность, направленную на предупреждение, выявление, пресечение, раскрытие и расследование преступных и иных противоправных посягательств на права человека и гражданина, интересы общества и государства в сфере экономической и финансовой деятельности, борьбы с коррупцией путем проведения оперативно-розыскной деятельности, предварительного следствия и дознания, административного производства в пределах их полномочий, установленных законом (ст. 1 ЗРК «Об органах финансовой полиции РК» от 4 июля 2002 года № 336)

ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ - қорғанысты қамтамасыз ету, агрессияға тойтарыс беру немесе тікелей сыртқы қатерді болдырмау, сондай-ақ ҚР халықаралық міндеттемелерінен туындайтын міндеттерді орындау үшін ҚР құрған және ұстайтын мемлекеттің әскери ұйымының негізі («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап )
ВООРУЖЕННЫЕ СИЛЫ РК - основа военной организации государства, создаваемая и содержащаяся РК для обеспечения обороны, отражения агрессии или предотвращения непосредственной внешней угрозы, а также выполнения задач, вытекающих из международных обязательств РК (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)

ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІҢ ЭМБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ АЙЫРЫМ БЕЛГІСІ-ақ түс аясындағы қызыл жарты ай геральдикалық белгісі («ҚР Қарулы Күштері медициналық қызметінің эмблемасы мен айырым белгісі туралы» 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 268-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ЭМБЛЕМА И ОТЛИЧИТЕЛЬНЫЙ ЗНАК МЕДИЦИНСКОЙ СЛУЖБЫ ВООРУЖЕННЫХ СИЛ РК - геральдический знак красного полумесяца на белом фоне (ст. 1 ЗРК «Об эмблеме и отличительном знаке медицинской службы Вооруженных Сил РК» от 14 декабря 2001 года № 268)

ҚР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ - Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады («Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3 ҚРЗ 2-бап)
ОБЩЕСТВЕННЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ РК - политические партии, профессиональные союзы и другие объединения граждан, созданные на добровольной основе для достижения ими общих целей, не противоречащих законодательству. Общественные объединения являются некоммерческими организациями (ст. 2 ЗРК «Об общественных объединениях» от 31 мая 1996 года № 3)

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК (ҮКІМЕТТІК, ЕГЕМЕНДІК) KEПIЛДIГІ-
ҚР қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеуге ҚР Үкіметінің қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 205-бап)
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ГАРАНТИЯ (ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ, СУВЕРЕННАЯ) РК - обязательство Правительства РК перед заимодателем полностью или частично погасить задолженность в случае неуплаты заемщиком-резидентом РК причитающейся с него суммы в установленный срок (ст. 205 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҚР ҚҰРАМА КОМАНДАЛАРЫ - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорт медицинасы ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары спорттық түрлері бойынша федерациялардың құрамдас бөлігі болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға ҚР Мемлекеттік туы астында қатысу мақсатында құрылады («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 18-бап)
СБОРНЫЕ КОМАНДЫ РК - коллективы спортсменов, тренеров, ученых, других работников физкультурно-спортивных организаций и организаций спортивной медицины являются составной частью федераций по видам спорта, создаются в целях подготовки к международным соревнованиям и участия в них под Государственным флагом РК (ст. 18 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК НЫШАНДАРЫ - ҚР мемлекеттік нышандары: ҚР Мемлекеттік туы; ҚР Мемлекеттік елтаңбасы; ҚР Мемлекеттік гимні болып табылады («ҚР мемлекеттік нышандары туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 ҚР ҚЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СИМВОЛЫ РК - государственными символами РК являются: Государственный флаг РК; Государственный герб РК; Государственный гимн РК (ст. 1 КЗ РК «О государственных символах РК» от 4 июня 2007 года № 258)

ҚР МЕМЛКЕТТІК ФАРМАКОПЕЯСЫ-дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін нормалайтын мемлекеттік стандарттар мен ережелер жинағы («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ФАРМАКОПЕЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - сборник государственных стандартов и положений, нормирующих качество и безопасность лекарственных средств (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ФЕЛЬДЪЕГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ- мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 22-бап)
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ФЕЛЬДЪЕГЕРСКАЯ СЛУЖБА РК - служба, осуществляющая правительственную курьерскую связь с обеспечением защиты государственных секретов (ст. 22 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ - Қазақстан аумағының шегін - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабаты. Мемлекеттік шекара ҚР Парламенті бекіткен ҚР халықаралық шарттарымен белгіленеді («ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы»1993 жылғы 13 қаңтардағы № 1873 ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННАЯ ГРАНИЦА РК - линия и проходящая по ней вертикальная плоскость, определяющие пределы территории - суши, вод, недр и воздушного пространства Казахстана. Государственная граница определяется международными договорами РК, ратифицированными Парламентом РК (ст. 1 ЗРК «О Государственной границе РК» от 13 января 1993 года № 1873)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ - Республика Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республика Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және Үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Республика Президентше халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы беріледі. Республика Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру заң бойынша қудаланады («ҚР Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 ҚР КЗ 1-бап)
ПРЕЗИДЕНТ РК - Президент Республики является главой государства, его высшим должностным лицом, определяющим основные направления внутренней и внешней политики государства и представляющим Казахстан внутри страны и в международных отношениях. Президент Республики - символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина. Президент Республики обеспечивает согласованное функционирование всех ветвей государственной власти и ответственность органов власти перед народом. Президенту Республики принадлежит право выступать от имени народа и государства. Президент Республики, его честь и достоинство неприкосновенны. Посягательство на честь и достоинство Президента Республики преследуется по закону (ст. 1 КЗРК «О Президенте РК» от 26 декабря 1995 года № 2733)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы 40-бап)
ПРЕЗИДЕНТ РК - символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина (ст. 40 Конституция РК от 30 августа 1995 года)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ - ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және «ҚР Президентінің Күзет қызметі туралы» Заңымен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган («ҚР Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы № 2483 ҚРЗ 1-бап)
СЛУЖБА ОХРАНЫ ПРЕЗИДЕНТА РК - непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту РК специальный государственный орган, относящийся к силам обеспечения национальной безопасности РК и осуществляющий в пределах установленной Законом «О Службе охраны Президента РК» компетенции охранные мероприятия по обеспечению безопасности охраняемых лиц и объектов (ст. 1 ЗРК «О Службе охраны Президента РК» от 3 октября 1995 года № 2483)


ҚР ПРОКУРАТУРАСЫ - республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президенті есеп беретін мемлекеттік орган («Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 ҚРЗ 1-бап)
ПРОКУРАТУРА РК - подотчетный Президенту РК государственный орган, осуществляющий высший надзор за точным и единообразным применением законов, указов Президента РК и иных нормативных правовых актов на территории Республики, за законностью оперативно-розыскной деятельности, дознания и следствия, административного и исполнительного производства (ст. 1 ЗРК «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года № 2709)

ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ - ұлттық ғылым академиясының толық мүшелерін (академиктерін), корреспондент-мүшелерін және елдің жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме, оның қызметінің негізгі бағыттары ғылыми-зерттеу қызметі, ғылымның жай-күйін талдау және оның дамуын болжау, ғылымды дамытудың және ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттарын белгілеу, ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және олардың орындалуын үйлестіру, өз құзыреті шегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытуға жәрдемдесу болып табылады («Ғылым туралы» 2001 жығы 9 шілдедегі № 225-ІІ ҚРЗ 7-бап)
НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ НАУК РК - государственное научное учреждение, объединяющее действительных членов (академиков), членов-корреспондентов Национальной Академии наук и ведущих ученых страны, основными направлениями деятельности которого являются научно - исследовательская деятельность, анализ состояния и прогнозирование развития науки, определение приоритетных направлений развития науки и подготовки научных кадров, научно-экспертное обеспечение, формирование и координация выполнения программ научных исследований, содействие в пределах своей компетенции развитию международного научного сотрудничества, инновационной и инвестиционной деятельности (ст. 7 ЗРК «О науке» от 9 июля 2001 года № 225)

ҚР ҰЛТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛЬІҚ-ГЕОДЕЗИЯЛЬІҚ ҚОРЫ - геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпы мемлекеттік салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, топографиялық, картографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығы («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 12-бап)
НАЦИОНАЛЬНЫЙ КАРТОГРАФО-ГЕОДЕЗИЧЕСКИЙ ФОНД РК - совокупность геодезических, топографических, картографических, гидрографических, аэрокосмосъемочных, гравиметрических материалов и данных, полученных в результате осуществления геодезической и картографической деятельности и имеющих общегосударственное, межотраслевое, специальное и (или) отраслевое значение (ст. 12 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ - елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі («ҚР Ұлттық кауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)
НАЦИОНАЛЬНАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ РК - состояние защищенности национальных интересов страны от реальных и потенциальных угроз (ст. 1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)

ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫ - ҚР қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын және өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар («ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНЫ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ РК - непосредственно подчиненные и подотчетные Президенту РК специальные государственные органы, являющиеся составной частью системы обеспечения безопасности РК и предназначенные в пределах предоставленных им полномочий обеспечивать безопасность личности и общества, защиту конституционного строя, государственного суверенитета, территориальной целостности, экономического, научно-технического и оборонного потенциала страны (ст. 1 ЗРК «Об органах национальной безопасности РК» от 21 декабря 1995 года № 2710)

ҚР ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІ-іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамы құндылықтарын, түпқазық мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын ҚР саяси, экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы («ҚР Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы № 233 ҚРЗ 1-бап)
НАЦИОНАЛЬНЫЕ ИНТЕРЕСЫ РК - совокупность политических, экономических, социальных и других потребностей РК, от реализации которых зависит способность государства обеспечивать защиту конституционных прав человека и гражданина, ценностей казахстанского общества, основополагающих государственных институтов (ст. 1 ЗРК «О национальной безопасности РК» от 26 июня 1998 года № 233)

ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТЫ - ҚР шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байла-нысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық реттейтін халықаралық келісім («ҚР халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 ҚРЗ 1-бап)
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДОГОВОР РК - международное соглашение, заключенное РК с иностранным государством (иностранными государствами) или с международной организацией (международными организациями) в письменной форме и регулируемое международным правом независимо от того, содержится такое соглашение в одном документе или в нескольких связанных между собой документах, а также независимо от его конкретного наименования (ст. 1 3PK «О международных договорах РК» от 30 мая 2005 года № 54)

ҚР ІШКІ СУ ЖОЛДАРЫ - навигациялық белгілермен немесе өзге де тәсілдермен белгіленген және кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)
ВНУТРЕННИЕ ВОДНЫЕ ПУТИ РК - естественные или искусственно созданные пути сообщения, обозначенные навигационными знаками или иным способом и используемые в целях судоходства (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ҚР ІШКІ СУ КӨЛІГІ - ҚР заңдарына сәйкес ҚР аумағында ііркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)
ВНУТРЕННИЙ ВОДНЫЙ ТРАНСПОРТ РК - вид транспорта, зарегистрированный на территории РК в соответствии с законодательством РК и осуществляющий судоходство и иную, связанную с судоходством деятельность на внутренних водных путях (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ҚР ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ - ҚР заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдар («ҚР Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНЫ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РК - специальные государственные органы, осуществляющие в соответствии с законодательством РК дознание, предварительное следствие и оперативно-розыскную деятельность, а также исполнительные и распорядительные функции по охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности, предупреждению и пресечению преступных и иных противоправных посягательств на права и свободы человека и гражданина, интересы общества и государства (ст. 1 ЗРК «Об органах внутренних дел РК» от 21 декабря 1995 года № 2707)

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым құрайды («ҚР Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 ҚРЗ 6-бап)
НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК КАЗАХСТАНА - является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет самостоятельный баланс и вместе со своими филиалами, представительствами и организациями составляет единую структуру (ст. 6 ЗРК «О Национальном Банке РК» от 30 марта 1995 года № 2155)

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ НОТАЛАРЫ - Қазақстан Ұлттық Банкі эмиссиялайтын мемлекеттік бағалы қағаздар. Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының ақсаттарына сәйкес қысқа мерзімді ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы («ҚР Ұлттық Банкі туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 36-2-бап)
КРАТКОСРОЧНЫЕ НОТЫ НАЦИОНАЛЬНОГО БАНКА КАЗАХСТАНА - государственные ценные бумаги, эмитируемые Национальным Банком Казахстана. Порядок и условия выпуска, размещения, обращения и погашения краткосрочных нот определяются Национальным Банком Казахстана. Национальный Банк Казахстана в соответствии с целями денежно-кредитной политики вправе осуществлять выпуск краткосрочных нот как в национальной, так и в иностранной валюте (ст. 36-2 ЗРК «О Национальном Банке РК» от 30 марта 1995 года № 2155)

ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТАУАРЛАР - ҚР аумағында өндірілгенін растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
ТОВАРЫ КАЗАХСТАНСКОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ - товары, имеющие сертификат происхождения, подтверждающий его производство на территории РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕПОЗИТАРИЙЛІК ҚОЛХАТ-ҚР резиденті емес эмитенттің басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-П ҚРЗ 1-бап)
КАЗАХСТАНСКАЯ ДЕПОЗИТАРНАЯ РАСПИСКА - производная эмиссионная ценная бумага, подтверждающая право собственности на определенное количество эмиссионных ценных бумаг эмитента-нерезидента РК, выпущенных в соответствии с законодательством другого государства (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)


ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЗМҰН - жыл сайынғы қазақстандық кадрларды міндетті оқыту бағдарламаларын және олардың біліктілігін арттыруды іске асыру шаралары бойынша жыл сайын саны азаюға тиіс шетелдік қызметкерге шаққандағы арақатынасында әрбір санат бойынша жеке проценттік мазмұнын көрсете отырып, қызметкер санаты бойынша бөліп, келісім-шартты орындаған жағдайда жұмысқа тартылған қазақстандық кадрлардың;мердігер тауарларының, жұмыстары мен көрсететін қызметтердің жалпы құнынан тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да иемденіп алынатын Қазақстанда шығарылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құны көлемінің проценттік мазмұны («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтар № 2828 ҚРЗ 1-бап)
КАЗАХСТАНСКОЕ СОДЕРЖАНИЕ - процентное содержание ежегодных объемов: задействованных при исполнении контракта казахстанских кадров с разбивкой по категориям персонала с указанием отдельного процентного содержания по каждой категории в соотношении с иностранным персоналом, количество которого должно снижаться по годам по мере реализации обязательных программ обучения и повышения квалификации казахстанских кадров; стоимости товаров, работ и услуг казахстанского происхождения, приобретаемых как напрямую, так и посредством заключения договоров субподряда от общей стоимости товаров, работ и услуг подрядчика (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНДІРУШІ - Қазақстанда шығатын тауарларды өндіретін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін ҚР жеке және заңды тұлғалары («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
КАЗАХСТАНСКИЙ ПРОИЗВОДИТЕЛЬ - физические и юридические лица РК, производящие товары, выполняющие работы и оказывающие услуги казахстанского происхождения (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАР - толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, ҚР аумағында еркін айналыс үшін шығарылған, ҚР Кеден кодексіне сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚРҚК 7-бап)
КАЗАХСТАНСКИЙ ТОВАР - товар, полностью произведенный в РК, переработанный в РК в соответствии с критериями достаточной переработки, выпущенной для свободного обращения на территории РК, обращенный в собственность государства в соответствии с Таможенным кодексом (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТҰЛҒА - ҚР азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, ҚР заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкер, сондай-ақ ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
КАЗАХСТАНСКОЕ ЛИЦО - гражданин РК, лицо без гражданства, имеющее постоянное место жительства в РК, индивидуальный предприниматель, зарегистрированный в РК в соответствии с законодательством РК, а также юридическое лицо, созданное в соответствии с законодательством РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ (ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТАУАРЛАР, ЖҰМЫСТАР, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР) - ҚР жеке және (немесе) заңды тұлғаларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ҚР аумағында тікелей өндіруі (орындауы) («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
КАЗАХСТАНСКОЕ ПРОИСХОЖДЕНИЕ (ТОВАРЫ, РАБОТЫ, УСЛУГИ КАЗАХСТАНСКОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ) - непосредственное производство (выполнение) на территории РК товаров, работ и услуг физическими и (или) юридическими лицами РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996года № 2828)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ - мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын акционерлік қоғам («Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-ІІ ҚРЗІ-бап)
БАНК РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА - акционерное общество со стопроцентным участием государства (ст. 1 ЗРК «О Банке развития Казахстана» от 25 апреля 2001 года № 178)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ - қордың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылатын ҚР резиденттерінің-акционерлік қоғамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары («Қазақстан инвестициялық қоры туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 575 ҚРЗ 1-бап)
ИНВЕСТИЦИИ ИНВЕСТИЦИОННОГО ФОНДА КАЗАХСТАНА - вложения Фонда в уставные капиталы акционерных обществ-резидентов РК и иностранных юридических лиц, осуществляемые в соответствии с целями и задачами Фонда (ст. 1 ЗРК «Об Инвестиционном фонде Казахстана» от 6 июля 2004 года № 575)

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын («Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 ҚРЗ 31-бап)
КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - предприятие, обладающее государственным имуществом на праве оперативного управления (ст. 31 ЗРК «О государственном предприятии» от 19 июня 1995 года № 2335)

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН - жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 104-бап)
КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - предприятие, обладающее государственным имуществом на праве оперативного управления (ст. 104 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ҚАЗІРГІ ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҚТАРЫ - талап ету құқықтарын басқаға беру шартын жасасқан кезде болатын талап ету құқықтары («Секъюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
СУЩЕСТВУЮЩИЕ ПРАВА ТРЕБОВАНИЯ - права требования, существующие на момент заключения договора уступки прав требования (ст. 1 ЗРК «О секъюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)

ҚАЙТА ЖАСАЛҒАН ӨТІНІШ - бір тұлғадан бір мәселе бойынша кемінде екі рет келіп түскен: осының алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасалған; егер бұрын жіберілген өтініш келіп түскен уақыттан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, алайда арыз беруші жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған; осының алдындағы өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілген өтініш («Жеке және заңды тұлғалардын өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚРЗ 1-бап)
ПОВТОРНОЕ ОБРАЩЕНИЕ - обращение, поступившее от одного и того же лица по одному и тому же вопросу не менее двух раз, в котором: обжалуется решение, принятое по предыдущему обращению; сообщается о несвоевременном рассмотрении ранее направленного обращения, если со времени его поступления истек установленный срок рассмотрения, но ответ заявителем не получен; указывается на другие недостатки, допущенные при рассмотрении и разрешении предыдущего обращения (ст. 1 ЗРК «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» от 12 января 2007 года № 221)

ҚАЙТА ЖАСАУ ХИРУРГИЯСЫ - организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
РЕКОНСТРУКТИВНАЯ ХИРУРГИЯ - хирургический метод лечения, направленный на восстановление или компенсацию нарушенных функций организма (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

ҚАЙТА ӨНДІРІЛГЕН ДӘРІЛІК ЗАТ (ГЕНЕРИК)-құрамы мен сапалық көрсеткіштері, қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінен бірегей дәрілік затпен бірдей және бірегей дәрілік затқа қорғау құжаттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін айналымға түскен дәрілік зат («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
ВОСПРОИЗВЕДЕННОЕ ЛЕКАРСТВЕННОЕ СРЕДСТВО (ГЕНЕРИК) - лекарственное средство, идентичное оригинальному лекарственному средству по составу и показателям качества, безопасности и эффективности и поступившее в обращение после истечения срока действия охранных документов на оригинальное лекарственное средство (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ҚАЙТА ӨҢДЕУІШ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРКТЕСТЕРІ - қайта өңдеуші ауыл шаруашылық серіктестері ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеумен, оны өзінің көтерме және бөлшек сауда жүйесі арқылы сатумен айналысады («Ауыл шаруашылық серіктестері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 133-II ҚРЗ 8-бап)
ПЕРЕРАБАТЫВАЮЩИЕ СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННЫЕ ТОВАРИЩЕСТВА - перерабатывающие сельскохозяйственные товарищества занимаются переработкой сельскохозяйственной продукции и ее реализацией через собственную систему оптовой и розничной торговли (ст. 8 ЗРК «О сельскохозяйственных товариществах и их ассоциациях (союзах)» от 25 декабря 2000 года № 133-II)

ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ - өздерінің арасында жасасқан қайта сақтандыру шартына сәйкес бір жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін қайта сақтандыруға беруіне және екінші жағынан осы тәуекелдерді қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-П ҚРЗ 3-бап)
ПЕРЕСТРАХОВАНИЕ - деятельность и связанные с ней отношения, возникающие в связи с передачей перестрахователем всех или части страховых рисков в перестрахование, с одной стороны, и принятием этих рисков перестраховочной организацией, с другой стороны, в соответствии с заключенным между ними договором перестрахования (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУШЫ) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылгы 18 желтоқсандағы № 126-ПҚРЗ 3-бап)
ПЕРЕСТРАХОВОЧНАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ (ПЕРЕСТРАХОВЩИК) - юридическое лицо, осуществляющее деятельность по заключению и исполнению договоров перестрахования на основании соответствующей лицензии уполномоченного органа (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

ҚАЙТА САҚТАНДЫРУШЫ (ЦЕДЕНТ) - өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-П ҚРЗ 3-бап)
ПЕРЕСТРАХОВАТЕЛЬ (ЦЕДЕНТ) - страховая или перестраховочная организация, осуществляющая передачу принятых ею страховых рисков в перестрахование (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)

ҚАЙТА ШЫҒАРУ - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектілерінің бір немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдіспен және кез келген нысанда, толық немесе ішінара, тікелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс - немесе бейнежазбаны дайындау, екі өлшемдік немесе үш өлшемдік туындының бір немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін кез келген материалдық нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлері болып табылады («Авторльщ құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 ҚРЗ 2-бап)
ВОСПРОИЗВЕДЕНИЕ - изготовление одного или более постоянных или временных экземпляров произведений или объектов смежных прав любым способом и в любой форме, полностью или частично, непосредственно или косвенно. Видами воспроизведения являются: изготовление звуко- или видеозаписи, изготовление одного или более экземпляров двухмерного или трехмерного произведения, а также любое постоянное или временное хранение произведений или объектов смежных прав в любой материальной форме (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ҚАЙТАДАН БАҒАЛАУ - бағалау қызметінің субъектілері арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын белгілеу («ҚР бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109-ІІ ҚРЗ 2-бап)
ПОВТОРНАЯ ОЦЕНКА - определение рыночной или иной стоимости объекта вследствие возникающих споров по результатам оценки между субъектами оценочной деятельности (ст. 2 ЗРК «Об оценочной деятельности в РК» от 30 ноября 2000 года № 109)

ҚАЙТАЛАМА ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСТАРЫ - шгізгі өндірістік ілеспе өнімі немесе қалдығы ретінде алынатын энергетика ресурсы («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)
ВТОРИЧНЫЕ ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЕ РЕСУРСЫ - энергетические ресурсы, получаемые в качестве побочного продукта или отхода основного производства (ст. 1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210)

ҚАЙТАЛАМА ЛИЗИНГ - лизинг берушінің өз меншігінде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бүзылған жағдайда, «Қаржы лизингі туралы» Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берілетін лизингтің бір түрі («Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-ІІ ҚРЗ 3-бап)
ВТОРИЧНЫЙ ЛИЗИНГ - разновидность лизинга, при котором предмет лизинга, оставшийся в собственности лизингодателя в случае прекращения или расторжения договора лизинга, передается в лизинг другому лизингополучателю в соответствии со статей 2 Закона РК «О финансовом лизинге» (ст. 3 ЗРК «О финансовом лизинге» от 5 июля 2000 года № 78-II)

ҚАЙТАРУ ЛИЗИНГІ - лизингтің бір түрі, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке алу талабы-мен сатады («Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78 ҚРЗ 3-бап)
ВОЗВРАТНЫЙ ЛИЗИНГ - разновидность лизинга, при котором продавец продает предмет лизинга лизингодателю с условием получения данного предмета лизинга в лизинг в качестве лизингополучателя (ст. 3 ЗРК «О финансовом лизинге» от5 июля 2000 года № 78-II)

ҚАЙЫРМАЛДЫҚ - жалпы пайдалану мақсатында затты немесе құқықты сыйға тарту. Қайырмалдық азаматтарға, емдеу, тәрбие беру мекемелеріне, әлеуметтік қорғау мекемелеріне және басқа да сол сияқты мекемелерге, қайырымдылық, ғылыми және оқу мекемелеріне, қорларға, мүра-жайлар мен басқа да мәдениет мекемелеріне, қоғамдық және діни бірлестіктерге, сондай-ақ мемлекетке және азаматтық құқықтың басқа да субъектілеріне жасалуы мүмкін (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-I ҚРАК516-бап)
ПОЖЕРТВОВАНИЯ - дарение вещи или права в общеполезных целях. Пожертвования могут делаться гражданам, лечебным, воспитательным учреждениям, учреждениям социальной защиты и другим аналогичным учреждениям, благотворительным, научным и учебным учреждениям, фондам, музеям и другим учреждениям культуры, общественным и религиозным объединениям, а также государству и другим субъектам гражданского права (ст. 516 ГК РК от 1 июля 1999 года № 409)

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК - жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатында өтеусіз негізде берілетін мүлік (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)
БЛАГОТВОРИТЕЛЬНАЯ ПОМОЩЬ - имущество, предоставляемое на безвозмездной основе физическим лицам с целью оказания им социальной поддержки, некоммерческим организациям, а также организациям, осуществляющим деятельность в социальной сфере, с целью поддержания их уставной деятельности (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

ҚАЛААРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫ - қалааралық байланыс жолын, қалааралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі қалааралық телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
ОПЕРАТОР МЕЖДУГОРОДНОЙ СВЯЗИ - оператор фиксированной связи, владеющий и (или) эксплуатирующий междугородную линию связи, междугородные коммутационные станции и предоставляющий услуги междугородной телефонной связи (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЫ - қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын және трафик транзиті мен басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық байланыс қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
ОПЕРАТОР МЕЖДУГОРОДНОЙ И МЕЖДУНАРОДНОЙ СВЯЗИ - оператор фиксированной связи, владеющий и (или) эксплуатирующий междугородные и международные линии связи, междугородные и международные коммутационные станции и предоставляющий услуги междугородной и международной телефонной связи по транзиту трафика и предоставлению сетевых ресурсов другим операторам связи (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)


ҚАЛААРАЛЫҚ ОБЛЫСАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬМЕН ТАСЫМАЛДАУ - тасымалдаушылар екі немесе бірнеше облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-ІІ ҚРЗ 1-бап)
МЕЖДУГОРОДНЫЕ МЕЖОБЛАСТНЫЕ АВТОМОБИЛЬНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ - перевозки, осуществляемые перевозчиками между городами или иными населенными пунктами в пределах двух или нескольких областей (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ҚАЛААРАЛЫҚ ОБЛЫСІШІЛІК АВТОМОБИЛЬМЕН ТАСЫМАЛДАУ - тасымалдаушылар бір облыс шегінде қалалар немесе өзге де елді мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476-П ҚРЗ 1-бап)
МЕЖДУГОРОДНЫЕ ВНУТРИОБЛАСТНЫЕ АВТОМОБИЛЬНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ - перевозки, осуществляемые перевозчиками между городами или иными населенными пунктами в пределах одной области (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ҚАЛААРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫС ЖОЛЫ-ҚР аумағында байланыс операторының қалааралық коммутация станцияларын қосатын байланыс жолы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 1-бап)
МЕЖДУГОРОДНАЯ ЛИНИЯ СВЯЗИ - линия связи, соединяющая междугородные коммутационные станции оператора связи на территории РК (ст. 1 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ҚАЛААРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫ-жергілікті телефондық қосылыстарды қоспағанда, ҚР аумағындағы байланыс қызметін пайдаланушылар арасындағы теле-фондық қосылыс («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 1-бап)
МЕЖДУГОРОДНАЯ ТЕЛЕФОННАЯ СВЯЗЬ - телефонное соединение между пользователями услугами связи, находящимися на территории РК, за исключением местных телефонных соединений (ст. 1 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС ҚҰЖАТТАМАСЫ - аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен салуды қала құрылысын жоспарлау, объектілерді салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, уақытша тоқтатып қою және кейіннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендіру үшін қажетті (жо-балау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесі («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ГРАДОСТРОИТЕЛЬНАЯ И АРХИТЕКТУРНО-СТРОИТЕЛЬНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ - система взаимоувязанных документов (включая предпроектную и проектную документацию, государственные и межгосударственные нормативные документы), необходимых для организации территорий, градостроительного планирования развития и застройки территорий и населенных пунктов, строительства (расширения, модернизации, технического перевооружения, реконструкции, реставрации, капитального ремонта, консервации и постутилизации) объектов, а также организации строительства, инженерной подготовки территории, благоустройства, озеленения, внешнего оформления (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫНЫҢ ЕСЕПТЕУ БІРЛІКТЕРІ - тұтастай ҚР, облыстар, аудандар, елді мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстардың барлық түрлерін қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектілерінің ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтері («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
УЧЕТНЫЕ ЕДИНИЦЫ ГРАДОСТРОИТЕЛЬНОГО КАДАСТРА - элементы организованной и используемой территории РК в целом, областей, районов, населенных пунктов, объектов недвижимости, включая все виды объемных, плоскостных и линейных сооружений (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)