заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде К ӘРІП
КІНӘСІН МОЙЫНДАП КЕЛУ - адамның оған қатысты әлі күмән келтірілмегенде немесе аталған қылмысты жасағанына айып тағылмағанда өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 179-бап)
ЯВКА С ПОВИННОЙ - добровольное заявление лица о совершенном им преступлении, когда в отношении этого лица еще не выдвинуто подозрение или не предъявлено обвинение в совершении данного преступления (ст. 179 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
КІРМЕ ЖОЛДАР - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тікелей немесе басқа да кірме жолдар арқылы магистралдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
ПОДЪЕЗДНЫЕ ПУТИ - железнодорожные пути, предназначенные для обслуживания грузоотправителей, грузополучателей и примыкающие непосредственно или через другие подъездные пути к магистральным и (или) станционным путям (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
КІРМЕ ЖОЛДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ - кірме жолдарды пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ ҚРЗ 1-бап)
УСЛУГИ ПОДЪЕЗДНЫХ ПУТЕЙ - услуги по предоставлению в пользование подъездных путей (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
КІРІСТЕР - есепті кезең ішінде активтерді көбейту немесе олардың құнын арттыру түрінде экономикалық пайданы ұлғайту не меншік иелерінің салымдарына байланысты емес өз капиталын көбейтуге әкеп соғатын міндеттемелерді азайту («Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 ҚРЗ 13-бап)
ДОХОДЫ - увеличение экономических выгод в течение отчетного периода в форме притока или прироста активов или уменьшения обязательств, которые приводят к увеличению капитала, отличному от увеличения, связанного с взносами лиц, участвующих в капитале (ст. 13 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
КІРІСТЕРДІ БӨЛУ НОРМАТИВІ - кірістерді әртүрлі деңгейлердегі бюджетгердің арасында бөлудің проценттік арақатынасы (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 4-бап)
НОРМАТИВ РАСПРЕДЕЛЕНИЯДОХОДОВ - процентное соотношение распределения доходов между бюджетами разных уровней (ст. 4 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
КІТАПХАНА - ақпараттық, мәдени, білім беру функцияларын орындайтын, баспа және қолжазба құжаттарының ұйымдастырылған қоры, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдары, электронды жетк ізгіштерде құжаттары бар және оларды жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға беретін мекеме («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 24-бап)
БИБЛИОТЕКА - учреждение, выполняющее информационные, культурные, образовательные функции, располагающее организованным фондом печатных и рукописных документов, а также графическими, аудиовизуальными материалами, документами на электронных носителях и предоставляющее их во временное пользование физическим и юридическим лицам (ст. 24 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
КІТАПХАНА ІСІ - міндеттеріне кітапханалар желісін құру және дамыту, олардың қорларын қалыптастыру және өңдеу, кітапхана пайдаланушыларға кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, кітапхана мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, кітапханалардың дамуын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету кіретін мәдениет саласы («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 24-бап)
БИБЛИОТЕЧНОЕ ДЕЛО - отрасль культуры, в задачи которой входят создание и развитие сети библиотек, формирование и обработка их фондов, организация библиотечного, информационного и информационно-библиографического обслуживания пользователей библиотек, подготовка и повышение квалификации библиотечных кадров, научное и методическое обеспечение развития библиотек (ст. 24 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
Қ
ҚАБЫЛДАУ КВОТАСЫ-1, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар мен ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін бөлінетін білім беру гранттары мен кредиттерінің шекті саны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
КВОТА ПРИЕМА - предельное количество выделяемых образовательных грантов и кредитов для приема в организации образования, дающие среднее профессиональное и высшее профессиональное образование, граждан из числа инвалидов I, II групп, инвалидов с детства, детей-инвалидов, аульной (сельской) молодежи и лиц казахской национальности, не являющихся гражданами РК, а также детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ - объектінің (кешеннің) дайындығына кешенді тексеру технологиялық жабдықтар мен инженерлік жүйелерге бақылаушылық сынақ жүргізетін және салынған объектіні пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ПРИЕМОЧНАЯ КОМИССИЯ - временный коллегиальный орган, проводящий комплексную проверку готовности объекта (комплекса), контрольное испытание технологического оборудования и инженерных систем и принимающий построенный объект в эксплуатацию (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
ҚАБІЛЕТСІЗДІК - психикасының ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан азаматтар дың өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы («Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 96 ҚРЗ 1-бап)
НЕДЕЕСПОСОБНОСТЬ - признание судом невозможности лица, вследствие психического заболевания или слабоумия, понимать значения своих действий или руководить ими (ст. 1 ЗРК «О психиатрической помощи и гарантиях прав граждан при ее оказании» от 16 апреля 1997 года № 96-I)
ҚАҒИДА - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 3-бап)
ПРАВИЛА - нормативный правовой акт, определяющий порядок организации и осуществления какого-либо вида деятельности (ст. 3 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
ҚАДАҒАЛАУ - атом энергиясын пайдалану процесін реттеу мақсатында уәкілетті органның өз құзыреті шегінде ҚР нормативтік қүқықтық актілерінің, лицензиялар мен халықаралық шарттар ережелерінің орындалуын тексеру жөніндегі іс-әрекеті («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)
НАДЗОР - действия уполномоченного органа по проверке исполнения нормативных правовых актов РК, условий лицензий и международных договоров в пределах своей компетенции в целях регулирования процесса использования атомной энергии (ст. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93-I)
ҚАДАҒАЛАУ САТЫСЫ - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібінде қарайтын сот (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
НАДЗОРНАЯ ИНСТАНЦИЯ - суд, рассматривающий в порядке надзора дело по жалобе, протесту стороны на вступившие в законную силу судебные решения предшествовавших судебных инстанций (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерінің заңдылығы («Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 ҚРЗ 34-бап)
ПРЕДМЕТ НАДЗОРА - соблюдение прав и свобод человека и гражданина в ходе осуществления оперативно-розыскной деятельности, проведения оперативно-розыскных мероприятий, а также законность актов и действий органов и должностных лиц, правомочных осуществлять оперативно-розыскную деятельность (ст. 34 ЗРК «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года № 2709)
ҚАДАҒАЛАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешілердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
БЕЗНАДЗОРНЫЙ - несовершеннолетний, контроль за поведением которого отсутствует вследствие неисполнения или ненадлежащего исполнения обязанностей по его воспитанию, обучению и (или) содержанию со стороны родителей или законных их представителей, а также педагогов, воспитателей и других работников учебного, воспитательного и иного учреждения, обязанного осуществлять надзор за несовершеннолетними, либо вследствие самовольного ухода его из дома или организаций, осуществляющих функции по защите прав ребенка (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)
ҚАДАҒАЛАУСЫЗ ҚАЛУ - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс («Кәмелетке толмағандар арасындагы құқық бұзушылықтардын профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
БЕЗНАДЗОРНОСТЬ - социальное явление, характеризующееся отсутствием надлежащего контроля за поведением и образом жизни несовершеннолетних, способствующее совершению ими правонарушений (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ - қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да қүқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 38-бап)
НЕОБХОДИМАЯ ОБОРОНА - не является административным правонарушением совершение предусмотренного Кодексом РК об административных правонарушениях деяния в состоянии необходимой обороны, то есть при защите личности, жилища, собственности, земельного участка и других прав обороняющегося или иных лиц, охраняемых законом интересов общества или государства от противоправного посягательства путем причинения посягающему вреда, если при этом не было допущено превышения пределов необходимой обороны (ст. 38 КРКоАП от 30 января 2001 года № 155)
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ - қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қажетгі қорғану шегінен асып кетушілікке жол бермей қорғауы (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 32-бап)
НЕОБХОДИМАЯ ОБОРОНА - защита личности, жилища, собственности, земельного участка и других прав обороняющегося или иных лиц, охраняемых законом интересов общества или государства от общественно опасного посягательства путем причинения посягающему вреда, если при этом не было допущено превышения пределов необходимой обороны (ст. 32 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ШЕГІНЕН ШЫҒУ - қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі танылады, нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіріледі. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 32-бап)
ПРЕВЫШЕНИЕ ПРЕДЕЛОВ НЕОБХОДИМОЙ ОБОРОНЫ - явное несоответствие защиты характеру и степени общественной опасности посягательства, в результате чего посягающему причиняется явно чрезмерный, не вызываемый обстановкой вред. Такое превышение влечет за собой уголовную ответственность лишь в случаях умышленного причинения вреда (ст. 32 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
ҚР АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - ҚР азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат («Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 271-П ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР ГРАЖДАНСКИХ ВОЗДУШНЫХ СУДОВ РК - документ, в котором производится государственная регистрация гражданских воздушных судов РК, прав на них и сделок с ними (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании гражданской авиации» от 15 декабря 2001 года № 271)
ҚР АУМАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ БАС СХЕМАСЫ - аумақты ұйымдастыру және оның кеңістігіне өндіргіш күштерді орналастыру ҚР аумағын ұйымдастырудың бас схемасында қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 42-бап)
ГЕНЕРАЛЬНАЯ СХЕМА ОРГАНИЗАЦИИ ТЕРРИТОРИИ РК - организация территории и размещение производительных сил на ее пространстве осуществляется в соответствии с решениями, принятыми в генеральной схеме организации территории РК (ст. 42 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
ҚР ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОСПАРЫ - ҚР Президенті бекітетін, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жұмылдыра өрістету жөніндегі шараларды іске асыруға, ҚР экономикасын, мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, әкімшілік-аумақтық бірліктері мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де іс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында жұмыс істеу режиміне көшіруге бағытталған іс-шаралар жоспары («Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127 ҚРЗ 1-бап)
МОБИЛИЗАЦИОННЫЙ ПЛАН РК - утверждаемый Президентом РК план мероприятий, направленный на реализацию мер по мобилизационному развертыванию Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований, перевод экономики, государственных органов, организаций, административно-территориальных единиц и населения РК на режим деятельности в период мобилизации, военного положения и в военное время путем выполнения мобилизационных заказов (заданий), а также иных мероприятий мобилизационной подготовки (ст. 1 ЗРК «О мобилизационной подготовке и мобилизации» от 16 июня 1997 года № 127)
ҚР ЗАҢДЫ ТҰЛҒАСЫ - ҚР зандарында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, соның ішінде шет ел қатысатын заңды тұлға («Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ЮРИДИЧЕСКОЕ ЛИЦО РК - юридическое лицо, в том числе юридическое лицо с иностранным участием, созданное в порядке, установленном законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об инвестициях » от 8 января 2003 года № 3 73)
ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗЕТІН ЗАҢ - ҚР Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
ЗАКОН, ВНОСЯЩИЙ ИЗМЕНЕНИЯ И ДОПОЛНЕНИЯ В КОНСТИТУЦИЮ РК - закон, принимаемый в порядке, установленном пунктом 3 статьи 62 Конституции РК (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213-I)
ҚР НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІΜΙ - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын ҚР нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылгы 24 наурыздағы № 213-I ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТОВ РК - единая система государственного учета нормативных правовых актов РК, содержащая реквизиты нормативных правовых актов и другие сведения информационно-справочного характера об этих актах (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
ҚР ӘДІЛЕТ ОРГАҢДАРЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮИЕСІ - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезіктілер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы және өкімші функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жүйесі («Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304-ІІ ҚРЗ 10-бап)
УГОЛОВНО-ИСПОЛНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА ОРГАНОВ ЮСТИЦИИ РК - система органов и учреждений, осуществляющих исполнительные и распорядительные функции по обеспечению исполнения уголовных наказаний и содержания под стражей в следственных изоляторах подозреваемых и обвиняемых, а также организаций, обеспечивающих жизнедеятельность органов и учреждений уголовно-исполнительной системы (ст. 10 ЗРК «Об органах юстиции» от 18 марта 2002 года № 304)
ҚР САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІ - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақтылы төлшуін бақылауды жүзеге асыру мақсатымен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілерді есепке алудың мемлекеттік деректер базасының жүйесі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ ҚР СК 520-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЕСТР НАЛОГОПЛАТЕЛЬЩИКОВ РК - система государственной базы данных учета налогоплательщиков, которую ведет уполномоченный государственный орган с целью осуществления контроля над правильностью исчисления и своевременностью уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет (ст. 520 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ІШКІ ӘСКЕРЛЕРІ-ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмысты және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған әскери құрама болып табылады. ҚРІІМ ішкі әскерлерінің жалауы және рәмізі болады. ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады («ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы ҚРЗ 1-бап)
ВНУТРЕННИЕ ВОЙСКА МИНИСТЕРСТВА ВНУТРЕННИХ ДЕЛ РК - внутренние войска Министерства внутренних дел РК являются воинским формированием, предназначенным для обеспечения безопасности личности, общества и государства, защиты прав и свобод человека и гражданина от преступных и иных противоправных посягательств. Внутренние войска МВД РК имеют флаг и символ. Соединения и воинские части внутренних войск МВД РК имеют боевые знамена установленного образца (ст. 1 ЗРК «О внутренних войсках Министерства внутренних дел РК» от 23 июня 1992 года)
ҚР ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру қүқығынсыз ҚР ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)
КУЛЬТУРНОЕ НАСЛЕДИЕ НАРОДА РК - совокупность культурных ценностей, имеющих государственное значение, исключительно принадлежащих РК без права их передачи иным государствам (ст. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
ҚР ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ - экспорттық бақылауға жататын қару-жарақ пен әскери техниканың, ядролық және арнаулы ядролық емес материалдардың, екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялардың, жекелеген шикізат түрлерінің, материалдардық, жабдықтардың, техникалық, ғылыми-техникалық ақпараттық, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын және транзитін бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органдары («Экспорттық бақылау туралы» 1996жылғы 18 маусым № 9 ҚРЗ 1-бап)
ГОСУДАРСТВЕННЫЕ ОРГАНЫ РК СИСТЕМЫ ЭКСПОРТНОГО КОНТРОЛЯ - центральные исполнительные органы РК, осуществляющие контроль за экспортом, реэкспортом, импортом, реимпортом и транзитом вооружений и военной техники, ядерных и специальных неядерных материалов, товаров и технологии двойного применения (назначения), отдельных видов сырья, материалов, оборудования, технической, научно-технической информации, работ и услуг, подпадающих под действие экспортного контроля (ст. 1 3PK «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҚЫЛАУ ЖАСАЛУҒА ТИІСТІ ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ ТІЗІМІ - халықаралық Конвенциялар негізінде нөмірленіп, тиісті кестелерде және тізімдерде біріктірілген Қазақстан Республикасында бақылау жасауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесі («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
СПИСОК НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ, ПОДЛЕЖАЩИХ КОНТРОЛЮ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - перечень подлежащих контролю в РК наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, пронумерованных и объединенных в соответствующие таблицы и списки на основе международных конвенций (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТІҢ ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕСІ - кәсіпкерлік қызметі, оның ішінде уәкілетті тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ ҚР СК 177-бап)
ПОСТОЯННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ НЕРЕЗИДЕНТА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - постоянное место деятельности, через которое он полностью или частично осуществляет предпринимательскую деятельность, включая деятельность, осуществляемую через уполномоченное лицо (ст. 177 НК РК от12 июня 2001 года № 209)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ЖӘНЕ УАҚЫТША ЖҮРГЕН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ-тұрақты тұруға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдік-тер («ҚР шетел азаматтарының құқықтық жагдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 ҚРЗ 4-бап)
ПОСТОЯННО ПРОЖИВАЮЩИЕ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН ИНОСТРАННЫЕ ГРАЖДАНЕ - иностранцы, получившие на то разрешение и документ на право постоянного проживания в порядке, определяемом Правительством РК (ст. 4 ЗРК «О правовом положении иностранных граждан в РК» от 19 июня 1995 года № 2337)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДВОКАТ- жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін ҚР азаматы. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнінен бастап бір жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды («Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195 ҚРЗ 7-бап)
АДВОКАТ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - гражданин РК, имеющий высшее юридическое образование, получивший лицензию на право осуществления адвокатской деятельности, обязательно являющийся членом коллегии адвокатов и оказывающий юридическую помощь на профессиональной основе в рамках адвокатской деятельности, регламентируемой Законом РК «Об адвокатской деятельности». Адвокатом не может быть лицо, имеющее судимость за умышленное преступление, признанное в установленном порядке недееспособным или ограниченно дееспособным, исключенное из коллегии адвокатов, уволенное из правоохранительных органов за совершение дисциплинарного проступка, в течение одного года со дня увольнения, а также лицо, действие лицензии которого прекращено в порядке, установленном Законом РК «Об адвокатской деятельности» (ст. 7 ЗРК «Об адвокатской деятельности» от 5 декабря 1997 года № 195)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР - ҚР азаматтары емес және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі жоқ адамдар) («ҚР шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 ҚРЗ 2-бап)
ЛИЦА БЕЗ ГРАЖДАНСТВА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - лица, не являющиеся гражданами РК и не имеющие доказательства своей принадлежности к гражданству иного государства (ст. 2 ЗРК «О правовом положении иностранных граждан в РК» от 19 июня 1995 года № 2337)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЬІ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР - жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар), сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар («Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылғы 15 қаңтардағы ҚРЗ 7-бап)
РЕЛИГИОЗНЫЕ ОБЪЕДИНЕНИЯ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - местные религиозные объединашя (общины), религиозные управления (центры), а также духовные учебные заведения и монастыри (ст. 7 ЗРК «О свободе вероисповедания и религиозных объединениях» от 15 января 1992 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПТІК ОДАҚТАР - дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады («Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СОЮЗЫ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН - самостоятельные с фиксированным индивидуальным членством общественные объединения, добровольно создаваемые гражданами на основе общности их профессиональных интересов для представления и защиты трудовых, а также других социально-экономических прав и интересов своих членов, охраны и улучшения условий труда (ст. 1 ЗРК «О профиссионалъных союзах» от 9 апреля 1993 года)