заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде И-К ӘРІП
КӘСІБИ БУХГАЛТЕР - кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 акпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ БУХГАЛТЕР - физическое лицо, имеющее сертификат профессионального бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
КӘСІБИ БУХГАЛТЕР СЕРТИФИКАТЫ - сертификаттау жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
СЕРТИФИКАТ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО БУХГАЛТЕРА - документ, выданный организацией по сертификации, удостоверяющий профессиональную квалификацию бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)
КӘСІБИ ДИАГНОСТИКА - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттік мүмкіндіктерін анықтау («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДИАГНОСТИКА - определение потенциальных возможностей детей к усвоению и выполнению навыков трудовой деятельности или профессии с учетом имеющегося психического и (или) физического недостатка (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
КӘСІБИ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер («ҚРмерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ И ИНЫЕ ПРАЗДНИКИ - праздники, не наделенные статусом национальных и государственных праздников, отмечаемые отдельными категориями граждан (ст. 1 ЗРК «О праздниках в РК» от 13 декабря 2001 года № 267)
КӘСІП - адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИЯ - основной род занятий, трудовой деятельности человека, подтверждаемый соответствующими документами об образовании (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
КӘСІПКЕРЛІК - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 10-бап)
ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - инициативная деятельность граждан и юридических лиц, независимо от формы собственности, направленная на получение чистого дохода путем удовлетворения спроса на товары (работы, услуги), основанная на частной собственности (частное предпринимательство) либо на праве хозяйственного ведения государственного предприятия (государственное предпринимательство). Предпринимательская деятельность осуществляется от имени, за риск и под имущественную ответственность предпринимателя (ст. 10 ГК РК от 27 декабря 1994 года)
КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС - жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
ЭКСПЕРТНЫЙ СОВЕТ ПО ВОПРОСАМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - консультативно-совещательный орган, создаваемый при центральных государственных и местных исполнительных органах для организации работы по получению экспертных заключений от аккредитованных объединений субъектов частного предпринимательства и заинтересованных некоммерческих организаций на проекты нормативных правовых актов, затрагивающих интересы частного предпринимательства (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)
КӘСІПТІК ОДАҚТАР - дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады («Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СОЮЗЫ - самостоятельные, с фиксированным индивидуальным членством общественные объединения, добровольно создаваемые гражданами на основе общности их профессиональных интересов для представления и защиты трудовых, а также других социально-экономических прав и интересов своих членов, охраны и улучшения условий труда (ст. 1 ЗРК «О профессиональных союзах» от 9 апреля 1993 года)
КӘСІПОРЫН - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 119-бап)
ПРЕДПРИЯТИЕ - имущественный комплекс, используемый для осуществления предпринимательской деятельности (ст. 119 ГК РК от 27 декабря 1994 года)
КӘСІПТІК АУРУ - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ - хроническое или острое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных и (или) опасных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)
КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ - мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ОРИЕНТАЦИЯ - система мер, направленных на оказание помощи инвалиду в выборе видов трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)
КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ - жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ЛИЦЕЙ - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и осуществляющее подготовку рабочих кадров повышенного уровня квалификации (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
КӘСІПТІК МЕКТЕП - жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ШКОЛА - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и обеспечивающее подготовку работников квалифицированного труда по различным направлениям трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛ СЫНЫБЫ - өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасқан деңгейі («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)
КЛАСС ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РИСКА - уровень производственного травматизма и профессиональной заболеваемости, сложившийся по видам экономической деятельности (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)
КӘСІПҚОЙЛЫҚ СПОРТ - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсіпкерлік қызметтің бір түрі («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СПОРТ - вид предпринимательской деятельности, главной целью которой является получение доходов путем организации спортивно-зрелищных мероприятий и участия в них (ст. 1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)
КӘСІПШІЛІК АҢ АУЛАУ - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 32-бап)
ПРОМЫСЛОВАЯ ОХОТА - добывание видов животных, являющихся объектом охоты, в целях предпринимательской деятельности (ст. 32 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года №
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ- өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кірістері тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-ІІ ҚРЗ 16-бап)
НЕКОММЕРЧЕСКОЕ АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО - юридическое лицо, выпускающее акции с целью привлечения средств для осуществления своей деятельности, доходы которого используются исключительно на развитие этого общества (ст. 16 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142-II)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМ - кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 2-бап)
НЕКОММЕРЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, не имеющее в качестве основной цели извлечение дохода и не распределяющее полученный чистый доход между участниками (ст. 2 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛДГІ- тұрған жерінен тыс орналасқан және коммерциялық емес ұйымның мүдделерін қорғауды және оның өкілдітін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлімшесі («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-ІІ ҚРЗ 24-бап)
ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВО НЕКОММЕРЧЕСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - обособленное подразделение некоммерческой организации, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее защиту и представительство интересов некоммерческой организации, совершающее от ее имени сделки и иные правовые действия (ст. 24 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ ФИЛИАЛЫ-оның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдіктің міндетін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлімшесі («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 24-бап)
ФИЛИАЛ НЕКОММЕРЧЕСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - обособленное подразделение некоммерческой организации, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее все или часть ее функций, в том числе функции представительства (ст. 24 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142-II)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ АСПАБЫ - электр қуатын, электр немесе жылу энергиясын коммерциялық есепке алуға арналған, ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)
ПРИБОР КОММЕРЧЕСКОГО УЧЕТА - техническое устройство, предназначенное для коммерческого учета электрической мощности, электрической или тепловой энергии, разрешенное к применению в порядке, установленном законодательством РК (ст. 1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ КРЕДИТТЕР-тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) жеткізушілер (сатушылар) мен алушылар (сатып алушылар) арасында тікелей жүзеге асырылатын экспорт бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе импорт бойынша алдын ала ақы төлеу (аванстық төлем) («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)
КОММЕРЧЕСКИЕ КРЕДИТЫ - отсрочка платежа по экспорту или предварительная оплата (авансовый платеж) по импорту, осуществляемая непосредственно между поставщиками (продавцами) и получателями (покупателями) товаров (работ, услуг) (ст. 1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАР - шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын және ҚР халықаралық шарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР ҚК 7-бап)
КОММЕРЧЕСКИЕ ДОКУМЕНТЫ - счета-фактуры, спецификации, отгрузочные и упаковочные листы, а также другие документы, подтверждающие стоимость товаров и используемые в соответствии с международными договорами РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ - жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайтын және қорғайтын, заңды негізде еркін қол жеткізуге адамдардың шектеулі тобы ие болатын, жариялануы, алынуы, пайдаланылуы оның мүдделеріне залал келтіруі мүмкін ақпарат («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
КОММЕРЧЕСКАЯ ТАЙНА - информация, определяемая и охраняемая субъектом частного предпринимательства, свободный доступ на законном основании к которой имеет ограниченный круг лиц, разглашение, получение, использование которой может нанести ущерб его интересам (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ӨКІЛДІК - кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда - сенімхат негізінде де әрекет жасайды (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 166-бап)
КОММЕРЧЕСКИЙ ПРЕДСТАВИТЕЛЬ - лицо, постоянно и самостоятельно представительствующее от имени предпринимателей при заключении ими договоров (коммерческий представитель), действует на основе письменного договора, содержащего указания на полномочия представителя, а при отсутствии таких указаний - также доверенности (ст. 166 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАБУ - келісім-шарт аумағында әзірлеу үшін рентабельді бір немесе бірнеше кен орнын табу («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)
КОММЕРЧЕСКОЕ ОБНАРУЖЕНИЕ - обнаружение на контрактной территории одного или нескольких месторождений, рентабельных для разработки (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАБУ - келісім-шарт аумағында өндіру үшін экономикалық жарамды бір немесе бірнеше кен орындарын табу («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
КОММЕРЧЕСКОЕ ОБНАРУЖЕНИЕ - обнаружение на контрактной территории одного или нескольких месторождений, экономически пригодных для добычи (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТАБУ - келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрінің запастары (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 291-бап)
КОММЕРЧЕСКОЕ ОБНАРУЖЕНИЕ - запасы определенного вида полезных ископаемых, открытые в пределах контрактной территории, которые являются экономически эффективными для добычи (ст. 291 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЫМ - негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын ҚР заңды тұлғасы немесе шетелдік ұйым («Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 23 ҚРЗ 2-бап)
КОММЕРЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо РК или иностранная организация, основной целью деятельности которой является извлечение дохода (ст. 2 ЗРК «О международном коммерческом арбитраже» от 28 декабря 2004 года № 23)
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰЙЬІМДАР - өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысы келтіруді көздейтін заңды тұлға (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 34-бап)
КОММЕРЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - юридическое лицо, преследующее извлечение дохода в качестве основной цели своей деятельности (ст. 34 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер («Түргын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)
КОММУНАЛЬНЫЕ УСЛУГИ - услуги, предоставляемые в жилом доме (жилом здании) и включающие водоснабжение, канализацию, газоснабжение, электроснабжение, теплоснабжение, мусороудаление и обслуживание лифтов (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)
КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАР - елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК)
КОММУНАЛЬНЫЕ ОТХОДЫ - отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)
КОМПАУНДИРЛЕУ - белгіленген сападағы мұнай өнімін алу мақсатында екі немесе бірнеше компонентті араластыру («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуір № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КОМПАУНДИРОВАНИЕ - смешивание двух или нескольких компонентов в целях получения нефтепродукта заданного качества (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)
КОНДИЦИЯЛАНҒАН СУЛАР - стандарттарға сәйкестендіру мақсатында артық ерітінді тұздардан арылту және өзгеше өңдеу (жете тазарту) («Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 1-бап)
КОНДИЦИОНИРОВАНИЕ ВОДЫ - устранение лишних растворимых солей и иная обработка (доочистка воды) с целью приведения в соответствие со стандартами (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429-I)
КОНДИЦИЯЛЫҚ ЕМЕС МҰНАЙ ӨНІМІ-ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мұнай өнімі («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)
НЕКОНДИЦИОННЫЙ НЕФТЕПРОДУКТ - нефтепродукт, не соответствующий требованиям, установленным законодательством РК о техническом регулировании (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)
КОНДИЦИЯСЫНА ЖЕТКІЗІЛМЕГЕН ТҰҚЬІМ-сорттық және егу сапасы жағынан тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмейтін тұқым («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-ІІ ҚРЗ 1-бап)
НЕКОНДИЦИОННЫЕ СЕМЕНА - семена, по сортовым и посевным качествам не соответствующие требованиям нормативных документов по стандартизации в области семеноводства (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)
КОНДОМИНИУМ - үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлесті меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)
КОНДОМИНИУМ - особая форма собственности на недвижимость как единый имущественный комплекс (далее - объект кондоминиума), при которой помещения находятся в раздельной (индивидуальной) собственности граждан, юридических лиц, государства, а общее имущество принадлежит им на праве общей долевой собственности (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)
КОНДОМИНИУМ - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік қүқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де ортақ құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)
КОНДОМИНИУМ - особая форма собственности (иного права) на недвижимость, при которой отдельные части недвижимости находятся в раздельной (индивидуальной) собственности (ином праве) физических и (или) юридических лиц, а те части недвижимости, которые не находятся в раздельной собственности, в том числе и земельный участок, принадлежат им на праве общей долевой собственности (ином общем праве) и не отделимы от прав на части недвижимости, находящиеся в раздельной (индивидуальной) собственности (ином общем праве) (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
КОНДОМИНИУМ - жылжымайтын мүлікке мшшік кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкін, бүл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 209-бап)
КОНДОМИНИУМ - собственность на недвижимое имущество может возникать в форме кондоминиума, при котором отдельные части недвижимости находятся в индивидуальной (раздельной) собственности граждан и (или) юридических лиц, а те части недвижимости, которые не находятся в раздельной собственности, принадлежат собственникам частей недвижимости на праве общей долевой собственности (ст. 209 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
КОНКУРС - тапсырыс берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуына бағытталған және ықтимал өнім берушілер арасында ашық та адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізу әдісі («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРС - способ проведения государственных закупок, направленный на приобретение заказчиком товаров, работ и услуг и обеспечивающий открытую и добросовестную конкуренцию между потенциальными поставщиками (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - тапсырыс беруші немесе «Мемлекепік сатьш алу туралы» Заңына сәйкес конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс беруші белгілеген адам («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНИЗАТОР КОНКУРСА - заказчик или лицо, определенное заказчиком в соответствии с Законом РК «О государственных закупках», для организации и проведения конкурса (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
КОНКУРСТЫҚ БАСҚАРУШЫ - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРСНЫЙ УПРАВЛЯЮЩИЙ - лицо, назначенное в установленном порядке для осуществления конкурсного производства (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
КОНКУРСТЫҚ КРЕДИТОР - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заң күшімен де, кепіл туралы келісім күшімен де артықшылығы жоқ кредитор («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРСНЫЙ КРЕДИТОР - кредитор, не имеющий преимуществ в получении удовлетворения своих имущественных требований ни в силу законодательства, ни в силу соглашения о залоге (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА - конкурсты өткізу талаптары мен тәртібі қамтылатын, конкурстық өтінімді дайындау үшін ықтимал өнім берушіге табыс етілетін құжаттама («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРСНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ - документация, представляемая потенциальному поставщику для подготовки конкурсной заявки, в которой содержатся условия и порядок проведения конкурса (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
КОНКУРСТЫҚ МАССА - конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын борышкердің мүлкі («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРСНАЯ МАССА - имущество должника, на которое может быть обращено взыскание в процессе конкурсного производства (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
КОНУРСТЫҚ ӨТІНІМДІ ҚАМТАМАСЬІЗ ЕТУ-конкурсқа қатысуға тілек білдірген ықтимал өнім беруші табыс ететін ақша кепілі немесе банк кепілдігі («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ОБЕСПЕЧЕНИЕ КОНКУРСНОЙ ЗАЯВКИ - залог денег или банковская гарантия, представленная потенциальным поставщиком, изъявившим желание принять участие в конкурсе (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМНІҢ ДЕМІІИНГТІК БАҒАСЫ-тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер белгілі бір тауар рыногында қалыптасқан бағалар деңгейінен едәуір төмен бағамен ұсынылатын, ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасы («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-П ҚРЗ 1-бап)
ДЕМПИНГОВАЯ ЦЕНА КОНКУРСНОЙ ЗАЯВКИ - цена конкурсной заявки потенциального поставщика, по которой предлагаются товары, работы и услуги, значительно ниже уровня цен, сложившихся на определенном товарном рынке (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)
КОНКУРСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан азат деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсім («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)
КОНКУРСНОЕ ПРОИЗВОДСТВО - процедура, осуществляемая с целью удовлетворения требований кредиторов и объявления банкрота (несостоятельного должника) свободным от долгов (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)
КОНОСАМЕНТ - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КОНОСАМЕНТ - документ, выдаваемый перевозчиком отправителю и удостоверяющий прием груза к перевозке (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)
КОНСЕРВАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ - қан жасушаларын сақтауға және олардың организмнен тыс тіршілігін қолдауға арналған құралдар («Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 64 ҚРЗ 1-бап)
КОНСЕРВИРУЮЩИЕ СРЕДСТВА - средства, предназначенные для хранения и поддержания жизни клеток крови вне организма (ст. 1 ЗРК «О донорстве крови и ее компонентов» от 28 июня 2005 года № 64)
КОНСИЛИУМ - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында науқас адамды зерттеу («Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 170 ҚРЗ 1-бап)
КОНСИЛИУМ - исследование больного в целях установления диагноза, определения тактики лечения и прогноза заболевания с участием не менее трех врачей (ст. 1 ЗРК «Об охране здоровья граждан» от 7 июля 2006 года № 170)
КОНСОРЦИУМ - бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде заңды тұлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестіретін ерікті түрде тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 233-бап)
КОНСОРЦИУМ - временный добровольный равноправный союз (объединение) на основе договора о совместной хозяйственной деятельности, в котором юридические лица объединяют те или иные ресурсы и координируют усилия для решения конкретных хозяйственных задач (ст. 233 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢ - ҚР Конституциясында конституциялық деп аталған, ҚР Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)
КОНСТИТУЦИОННЫЙ ЗАКОН - закон, названный в Конституции РК конституционным, принимаемый в порядке, установленном пунктом 4 статьи 62 Конституции РК (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР - өтініштері бойынша конституциялық іс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады: Республика Президенті; Парламент Сенатының Төрағасы; Парламент Мәжілісінің Төрағасы; өздерінің жалпы санының кемінде бестен бірі болатын Парламент депутаттары; Премьер-Министр; Республика соттары; актілерінің конституциялылығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» ҚР ҚЗ 20-бап)
УЧАСТНИКИ КОНСТИТУЦИОННОГО ПРОИЗВОДСТВА - лица и органы, по обращениям которых возбуждено конституционное производство: Президент Республики; Председатель Сената Парламента; Председатель Мажилиса Парламента; депутаты Парламента численностью не менее одной пятой от их общего числа; Премьер-Министр; суды Республики; государственные органы и должностные лица, конституционность актов которых проверяется (ст. 20 КЗ РК «О Конституционном Совете РК» от 29 декабря 1995 года № 2737)
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ-конституциялық іс жүргізу кез келген сатыда, бірақ қорытынды шешім шығарылғанға дейін мынадай реттерде: субъект өзі мәлімдеген өтініштен бас тартса; конституциялылығы талас тудыратын актілер күшін жойса немесе заңдық күшін жойса; мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатпаса тоқтатылуға тиіс. Конституциялық Кеңестің мәлімделгш өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі өтініш субъектісін Конституциялық Кеңеске осы негіздер бойынша қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырады (1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» ҚР КЗ 30-бап)
ПРЕКРАЩЕНИЕ КОНСТИТУЦИОННОГО ПРОИЗВОДСТВА - конституционное производство подлежит прекращению на любой стадии, но до вынесения итогового решения, в случаях: отказа субъекта от заявленного им обращения; отмены или утраты юридической силы акта, конституционность которого оспаривается; неподведомственности заявленного обращения Конституционному Совету. Решение Конституционного Совета о прекращении конституционного производства по заявленному обращению лишает субъекта обращения возможности повторно обратиться в Конституционный Совет по тем же основаниям (ст. 30 КЗ РК «О Конституционном Совете РК» от 29 декабря 1995 года № 2737)
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ - ҚР дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің консулдық іс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларынан, сондай-ақ шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдік заңды тұлғалардан алатын мемлекеттік баж түрі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 509-бап)
КОНСУЛЬСКИЙ СБОР - вид государственной пошлины, взимаемый дипломатическими представительствами и консульскими учреждениями РК с граждан и юридических лиц РК, а также иностранных граждан и лиц без гражданства, иностранных юридических лиц за совершение консульских действий и выдачу документов, имеющих юридическое значение (ст. 509 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
КОНСУЛДЫҚ АЛЫМ ТӨЛЕУШІЛЕР - өз мүдделері үшін консулдық іс-әрекеттер жасалып, заңдық маңызы бар құжаттар берілетін ҚР азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 510-бап)
ПЛАТЕЛЬЩИКИ КОНСУЛЬСКОГО СБОРА - граждане и юридические лица РК, а также иностранные граждане и лица без гражданства, иностранные юридические лица, в интересах которых совершаются консульские действия и выдача документов, имеющих юридическое значение (ст. 510 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
КОНСУЛДЫҚ МЕКЕМЕ - жеке құрамы ҚР тіркелген кез келген бас консулдық консулдық, вице-консулдық немесе консулдық агенттік(2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 -II ҚР ҚК 278-бап)
КОНСУЛЬСКОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ - любое генеральное консульство, консульство, вице-консульство или консульское агентство, персонал которых аккредитован в РК (ст.278 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
КОНОСУЛДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ-консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер (әкімшілік-техникалық міндеттерді атқаратын адамдар) және қызмет көрсетуші жеке құрамның қызметкерлері (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР КК 278-бап)
РАБОТНИКИ КОНСУЛЬСКОГО УЧРЕЖДЕНИЯ - консульские должностные лица, консульские служащие (лица, выполняющие административно-технические обязанности) и работники обслуживающего персонала (ст. 278 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
КОНСУЛДЫҚ САҒДИЯН-консулдық мекемелердің байланыс түрлерінің бірі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 278-бап)
КОНСУЛЬСКАЯ ВАЛИЗА - один из видов связи консульских учреждений (ст. 278 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
КОНТЕЙНЕР - жүктерді тасымалдауға арналған бірнеше мәрте қолданылатын әмбебап көлік жабдығы («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
КОНТЕЙНЕР - универсальное транспортное оборудование многократного применения, предназначенное для перевозки грузов (ст. 1 3PK «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
КОНТРАГЕНТ - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсіру механизмдеріне және (немесе) басқа тармақ иеленушінің кірме жолдарына жалғасатын кірме жолдарға меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде иелік ететін тұлға («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
КОНТРАГЕНТ - лицо, владеющее на праве собственности или иных законных основаниях прирельсовыми складами, площадками для хранения грузов, погрузочно-разгрузочными механизмами и (или) подъездными путями, примыкающими к подъездным путям другого ветвевладельца (ст. 1 3PK «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
КОНТРАЦЕПЦИЯ - қаламаған жүктілікті болдырмау әдістері мен құралдары («Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы № 565 ҚРЗ 1-бап)
КОНТРАЦЕПЦИЯ - методы и средства предупреждения нежелательной беременности (ст. 1 3PK «О репродуктивных правах граждан и гарантиях их осуществления» от 16 июня 2004 года № 565)
КОНТРАФАКТЫЛЫ ТАУАРЛАР - құқық иеленушінің ҚР заң актілеріне сәйкес қорғалатын құқықтары бұзыла отырып құрылған және (немесе) ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілген, интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 410-бап)
КОНТРАФАКТНЫЕ ТОВАРЫ - товары, содержащие объекты интеллектуальной собственности, созданные и (или) перемещаемые через таможенную границу РК с нарушением прав правообладателя, охраняемых в соответствии с законодательными актами РК (ст. 410 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
КОНТРАФАКТЫҚ ӨНІМ - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектілерінің жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнімі («Жосықсыз бәсеке туралы» 1998 жылғы 9 маусымдағы № 232 1-бап)
КОНТРАФАКТНАЯ ПРОДУКЦИЯ - продукция, произведенная отдельными субъектами рыночных отношений в целях недобросовестной конкуренции и введения потребителей в заблуждение (ст. 1 ЗРК «О недобросовестной конкуренции» от 9 июня 1998 года № 232)
КОНТРСТАЛИЯЛЫҚ УАҚЫТ - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиеліп тұратын уақыт кезеңі («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)
КОНТРСТАЛИЙНОЕ ВРЕМЯ - период времени, в течение которого судно находится под погрузкой сверх сталийного времени (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)
КОНЦЕДЕНТ - ҚР оның атынан әрекет ететін ҚР Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі 167 ҚРЗ 1-бап)
КОНЦЕДЕНТ - РК, от имени которой выступают Правительство РК или местный исполнительный орган, а также уполномоченные ими на заключение договора концессии государственные органы (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМДАР - әдебиет және өнер туындыларын көпшілік алдында орындауға және көркемдік ұжымдар мен жекелеген орындаушыларды танымал етуге жағдайлар жасау үшін шаралар кешенін іске асыратын ойын-сауық ұйымдары («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 23-бап)
КОНЦЕРТНЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - зрелищные организации, реализующие комплекс мер для создания условий публичного исполнения произведений литературы и искусства и популяризации художественных коллективов и отдельных исполнителей (ст. 23 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)
КОНЦЕССИЯ - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердің қаражаты есебінен міндетті түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билік ету құқығын беріп, не онсыз, жаңа объектілерді концессионер қаражаты есебінен құру (салу) құқықтарын беру («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
КОНЦЕССИЯ - передача по договору концессии объектов государственной собственности во временное владение и пользование в целях улучшения и эффективной эксплуатации, а также прав на создание (строительство) новых объектов за счет средств концессионера с предоставлением последнему права владения, пользования и распоряжения ими либо без такового с обязательным финансированием за счет средств концессионера и передачей государству (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕССИЯ БОЙЫНША КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
ОРГАНИЗАТОР КОНКУРСА ПО КОНЦЕССИИ - государственный орган, осуществляющий проведение конкурсов по концессии (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕССИЯ ОБЪЕКТІСІ - жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер (Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
ОБЪЕКТ КОНЦЕССИИ - существующие объекты государственной собственности и объекты, которые возникнут в будущем по результатам исполнения условий договора концессии (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім (Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
ДОГОВОР КОНЦЕССИИ - письменное соглашение между концедентом и концессионером, определяющее права, обязанности и ответственность сторон, условия реализации концессии (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕССИЯЛЫҚ ЖОБА - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы (Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
КОНЦЕССИОННЫЙ ПРОЕКТ - совокупность мероприятий по осуществлению концессии, реализуемой в течение ограниченного периода времени и имеющей завершенный характер (ст. 1 «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 ҚРЗ)
КОНЦЕССИОНЕР - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) («Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 ҚРЗ 1-бап)
КОНЦЕССИОНЕР - юридическое лицо (за исключением государственных предприятий и государственных учреждений), получившее права на объект концессии в соответствии с договором концессии (ст. 1 ЗРК «О концессиях» от 7 июля 2006 года № 167 КРЗ)
КОНЬЯК - емен бошкелерде немесе емен қалақшаларын пайдалана отырып эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған коньяк спиртінен әзірленген, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар күшті алкогольді ішімдік («Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 ҚРЗ 5-бап)
КОНЬЯК - крепкий алкогольный напиток с характерным букетом и вкусом, приготовленный из выдерженного не менее трех лет коньячного спирта в дубовых бочках или эмалированных резервуарах с использованием дубовой клепки (ст. 5 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429)
КООПЕРАТИВТІК УЧАСКЕ - пайшылардың белгілі бір саны біріккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативінің жарғысы белгілейтін өзге де белгі бойынша құрылуы мүмкін учаске («ҚР селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450-I ҚРЗ 2-бап)
КООПЕРАТИВНЫЙ УЧАСТОК - участок, в котором объединено определенное число пайщиков и который может создаваться по территориальному или иному признаку, определяемому уставом сельского потребительского кооператива (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450-I)
КОРПОРАТИВТІК ВЕБ-САЙТ - Интернет желісіндегі қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ресми электронды сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)
КОРПОРАТИВНЫЙ ВЕБ-САЙТ - официальный электронный сайт в сети Интернет, принадлежащий обществу и отвечающий установленным уполномоченным органом требованиям. Наличие корпоративного веб-сайта для публичных компаний обязательно (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)
КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебінен құрған қоры («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-ІІ ҚРЗ 13-бап)
КОРПОРАТИВНЫЙ ФОНД - фонд, учрежденный одним юридическим лицом или несколькими юридическими лицами - коммерческими и (или) некоммерческими организациями за счет средств этих организаций (ст. 13 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)
КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ - директорлар кеңесінің мүшесі болып табылмайтын акционерлік қоғамның не қоғамның атқарушы органының қызметкері, оны қоғамның директорлар кеңесі тағайындайды және қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындауды және жүргізуді бақылайды, акционерлер дің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайды. Корпоративтік хатшының құзыреті және қызметі қоғамның ішкі құжаттарымен айқындалады («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 1-бап)
КОРПОРАТИВНЫЙ СЕКРЕТАРЬ - работник акционерного общества, не являющийся членом совета директоров либо исполнительного органа общества, который назначен советом директоров общества и подотчетен совету директоров общества, а также в рамках своей деятельности контролирует подготовку и проведение заседаний собрания акционеров и совета директоров общества, обеспечивает формирование материалов по вопросам повестки дня общего собрания акционеров и материалов к заседанию совета директоров общества, ведет контроль за обеспечением доступа к ним. Компетенция и деятельность корпоративного секретаря определяются внутренними документами общества (ст. 1 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)
КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТ - корреспонденттік шот шарты бойынша банкке басқа банктен ашылған, банктің және оның клиенттерінің банк операциялары жүзеге асырылатын банктік шот («Ақша төлемімен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 6-бап)
КОРРЕСПОНДЕНТСКИЙ СЧЕТ - банковский счет, открытый банку в другом банке по договору корреспондентского счета, по которому осуществляются банковские операции банка и его клиентов (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах» от 29 июня 1998 года № 237)
КӨЛДЕТЕ СУАРУ - гидротехникалық құрылыстар жүйесінің көмегімен немесе оларсыз қар суын, тасқын суды және басқа да суларды ауыл шаруашылығы алқаптарына жайып жіберу үшін пайдалану (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481-П ҚР Су кодексі 1-бап)
ЛИМАННОЕ ОРОШЕНИЕ - использование талых, паводковых и других вод для затопления сельскохозяйственных угодий с помощью системы гидротехнических сооружений или без них (ст. 1 Водного кодекс РК от 9 июля 2003 года № 481)
КӨЛІК ЖЕРЛЕРІ - жерді пайдаланушыларға көлік объектілеріне деп бөлінген жерлер; жолдар мен желілерді салуды және пайдалануға беруді жүзеге асыратын көлік, жол және басқа ұйымдарға бөлінген көлік жолдары мен желілеріне арналған жерлер («ҚР көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 ҚРЗ 4-бап)
ЗЕМЛИ ТРАНСПОРТА - земли, отведенные землепользователям под объекты транспорта; земли для транспортных дорог и путей, отводимые транспортным, дорожным и другим организациям, осуществляющим их строительство и эксплуатацию (ст. 4 ЗРК «О транспорте в РК» от 21 сентября 1994 года № 156)
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ - көпір, тоннель және өзге де көліктік құрылыстардың, жол тарамдары мен белгі беру құрылғыларын, байланысты реттейтін жол өткізгіштерінің, көлік жұмысын инженерлік қамтамасыз ету, жүктерді, жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарына қызмет көрсету, өндірістік және қызмет көрсетуші адамдардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін объектілердің, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныс және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетілген бағыт жолдарына және жылжымайтын мүлік объектілерін қамтитын объектілерге заңдарда бекітілген жерлердің кешені бар жерүсті (автомобиль және (немесе) темір) жолдар, су (теңіз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы («ҚР сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ТРАНСПОРТНАЯ ИНФРАСТРУКТУРА - совокупность наземных (автомобильных и (или) железных) дорог, водных (морских и (или) речных) путей сообщения с комплексом мостовых, тоннельных и иных транспортных сооружений, дорожных развязок и путепроводов, регулирующих сигнальных устройств, связи, объектов инженерного обеспечения работы транспорта, обслуживания транспортных средств, перемещаемых грузов, пассажиров, обеспечения функциональной деятельности производственного и обслуживающего персонала, складских помещений и территорий, санитарно-защитных и охранных зон, а также земель, законодательно закрепленных за указанными путями сообщения и объектами, с находящимися на них объектами недвижимости (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
КӨЛІК КӘСІПОРНЫ - жүктерді, жолаушыларды, тендеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, олар да техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол ҚР заңдарына сәйкес іс-әрекет жасайды («ҚР көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156 ҚРЗ 1-бап)
ТРАНСПОРТНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ - юридическое лицо, занятое хозяйственно-коммерческой деятельностью по перевозке грузов, пассажиров, багажа, хранению, техническому обслуживанию и ремонту транспортных средств, действующее в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О транспорте в РК» от 21 сентября 1994 года № 156)
КӨЛІК ҚҰЖАТТАРЫ - халықаралық автомобиль жүк құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен ҚР көлік туралы заң актілерінде және ҚР халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)
ТРАНСПОРТНЫЕ ДОКУМЕНТЫ - международная автомобильная накладная, железнодорожная транспортная накладная, багажная ведомость, багажная квитанция, авианакладная, коносамент, а также документы, используемые при перемещении товаров трубопроводным транспортом и по линиям электропередачи, и иные документы, сопровождающие товары и транспортные средства при перевозках, предусмотренные законодательными актами РК о транспорте и международными договорами РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)