заң терминдерінің сөздігі қазақша және орыс тілінде К ӘРІП

ИЕЛЕНУ MEP3IMI - мүлікіің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікіі кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 240-бап)
ПРИОБРЕТАТЕЛЬНАЯ ДАВНОСТЬ - гражданин или юридическое лицо, не являющееся собственниками имущества, но добросовестно, открыто и непрерывно владеющие как своим собственным недвижимым имуществом в течение

КАРАНТИН - індет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында індет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуді немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердің орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим («Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚРЗ 1-бап)
КАРАНТИН - правовой режим, предусматривающий систему ветеринарных и административно-хозяйственных мероприятий, направленных на ограничение или прекращение хозяйственных связей и приостановку перемещений подконтрольных государственному ветеринарному надзору грузов между эпизоотическим очагом, неблагополучным пунктом и территорией ветеринарно-санитарного благополучия в целях ликвидации эпизоотического очага и недопущения распространения заболевания (ст. 1 ЗРК «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года № 339)

КАРАНТИНГЕ ЖАТҚЫЗЫЛҒАН ӨНІМ - өздері арқылы карантинді объектілерді таратуы мүмкін кез келген материалдар (жүктер) («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I ҚРЗ 1-бап)
ПОДКАРАНТИННАЯ ПРОДУКЦИЯ - любые материалы (грузы), с помощью которых могут распространяться карантинные объекты (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІ АЙМАҚ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызған деп жарияланған аумақ («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I ҚРЗ 1-бап)
КАРАНТИННАЯ ЗОНА - территория, объявленная в установленном порядке под карантином, в связи с выявлением карантинного объекта (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІ ОБЪЕКТ - бекітілген карантиндік түрлер тізбесіне сәйкес зиянкес, өсімдіктердің ауруын қоздырғыш немесе өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Республика аумағында жоқ немесе шектеулі таралған арамшөп («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I ҚРЗ 1-бап)
КАРАНТИННЫЙ ОБЪЕКТ - согласно утвержденному перечню карантинных видов, вредитель, возбудитель болезни растений или сорняк, который может причинить значительный вред растениям и растительной продукции, отсутствующий или ограниченно распространенный на территории республики (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІ ОБЪЕКТІНІҢ ОШАҒЫ - карантинді объект анықталған және карантиндік шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-I ҚРЗ 1-бап)
ОЧАГ КАРАНТИННОГО ОБЪЕКТА - территория, на которой выявлен карантинный объект и где должны осуществляться или осуществляются карантинные мероприятия (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІК СЕРТИФИКАТ - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 акпандағы № 344-I ҚРЗ 1-бап)
КАРАНТИННЫЙ СЕРТИФИКАТ - документ, удостоверяющий карантинное состояние подкарантинной продукции, предназначенной для внутригосударственных перевозок (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРАНТИНДІК ШАРА - Республика аумағына карантинді объектілердің енуін немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсім («Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344-IҚРЗ 1-бап)
КАРАНТИННАЯ МЕРА - процедура, направленная на предотвращение проникновения или распространения карантинных объектов на территории Республики (ст. 1 ЗРК «О карантине растений» от 11 февраля 1999 года № 344)

КАРТ-ШОТ - карт-шот шарты негізінде: клиент ақшасының болуын қамтамасыз етуге; клиенттің пайдасына ақша қабылдауға (есептеуге); клиенттің карт-шот шартында көзделген тәртіппен төлем карточкасын пайдалана отырып үшінші тұлғалардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыруына; ҚР заң актілерінде және (немесе) карт-шот шартында көзделген негіздер бойынша клиенттің ақшасын алып қою туралы үшінші тұлғалардың үкімін орындауға; ҚР заңдарында және (немесе) карт-шот шартында белгіленген тәртіппен клиенттен қолма-қол ақша қабылдауды жүзеге асыруға; толем карточкасын пайдалана отырып клиентке қолма-қол ақша беруге; карт-шот шартында айқындалған мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге; клиентке ҚР заңдарында және (немесе) карт-шоттың шартында көзделген өзге де банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операцияларды орындау үшін банктің клиентке ашатын шоты («Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы № 237 ҚРЗ 6-бап)
КАРТ-СЧЕТ - банковский счет, открываемый банком клиенту на основании договора карт-счета для выполнения операций, связанных с: обеспечением наличия денег клиента; принятием (зачислением) денег в пользу клиента; осуществлением клиентом платежей в пользу третьих лиц с использованием платежной карточки в порядке, предусмотренном договором карт-счета; исполнением распоряжения третьих лиц об изъятии денег клиента по основаниям, предусмотренным законодательными актами РК и (или) договором карт-счета; осуществлением приема от клиента наличных денег в порядке, установленном законодательством РК и (или) договором карт-счета; выдачей клиенту наличных денег с использованием платежной карточки; выплатой вознаграждения в размере и порядке, определяемым договором карт-счета; осуществлением иного банковского обслуживания клиента, предусмотренного законодательством РК и (или) договором карт-счета (ст. 6 ЗРК «О платежах и переводах денег» от 29 июня 1998 года № 237)


КАРТОГРАФИЯ - картографиялық туындыларды зерделеу, жасау және пайдалану жөніндегі ғылыми, техникалық және өндірістік қызмет процесінде туындайтын қатынастар саласы («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КАРТОГРАФИЯ - область отношений, возникающих в процессе научной, технической и производственной деятельности по изучению, созданию и использованию картографических произведений (ст. 1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАРТОГРАФИЯЛЫҚ-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ҚОР-геодезиялық және картографиялық қызмет нәтижесінде жасалған, жалпы мемлекетгік, сала аралық маңызы бар және одан әрі пайдалану мақсатында ұзақ сақталуға тиіс материалдар мен деректер жиынтығы («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КАРТОГРАФО-ГЕОДЕЗИЧЕСКИЙ ФОНД - совокупность материалов и данных, созданных в результате геодезической и картографической деятельности, имеющих общегосударственное, межотраслевое значение и подлежащих длительному хранению в целях их дальнейшего использования (ст. 1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӨНІМ - картографиялық қызмет нәтижесінде Жер бетінің және аспан денелерінің белгілі бір математикалық заңдар бойынша және шартты белгілердің қабылданған жүйесінде құрылып, кішірейтілген, өлшенетін және жинақталған, қағазға және магниттік жеткізушіге түсіріп алынған бейнелері («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КАРТОГРАФИЧЕСКАЯ ПРОДУКЦИЯ - полученные в результате картографической деятельности уменьшенные, измеримые и обобщенные изображения на бумажных и магнитных носителях поверхности земли и небесных тел, построенные по определенным математическим законам и в принятой системе условных знаков (ст. 1 «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)

КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР-қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, «ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» ҚР заңының 5 бабының 1 -тармағында және 2-тармағының 2), 6) тармақшаларында көрсетілген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оны қабылдау және беру («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсан № 110 ҚРЗ 5-бап)
КАССОВЫЕ ОПЕРАЦИИ - прием и выдача наличных денег при осуществлении одной из банковских операций, указанных в пункте 1 и подпунктах 2), 6) пункта 2 статьи 5 Закона РК «О жилищных строительных сбережениях в РК», включая их размен, обмен, пересчет, сортировку, упаковку и хранение (ст. 5 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)

КАРЦЕР - күзетте ұстаудың белгіленген тәртібін қасақана бұзған адамды ұстауға арналған бір адамдық камера («Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-I ҚРЗ 2-бап)
КАРЦЕР - одиночная камера, предназначенная для содержания лица, совершившего злостное нарушение установленного порядка содержания под стражей (ст. 2 ЗРК «О порядке и условиях содержания под стражей подозреваемых и обвиняемых в совершении преступлений» от 30 марта 1999 года № 353-I)

КАСТОДИАН - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және ҚР заң актілеріне сәйкес өзге қызметті жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы («Багалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КАСТОДИАН - профессиональный участник рынка ценных бумаг, осуществляющий учет финансовых инструментов и денег клиентов и подтверждение прав по ним, хранение документарных финансовых инструментов клиентов с принятием на себя обязательств по их сохранности и иную деятельность в соответствии с законодательными актами РК (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

КАСТОДИАН-БАНК - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
БАНК-КАСТОДИАН - банк, осуществляющий деятельность по фиксации и учету прав по ценным бумагам, хранению документарных ценных бумаг и учету денег (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

КАСТОДИАНДЫҚ ШАРТ - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт («ҚР зейнетақымен камсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)
КАСТОДИАЛЬНЫЙ ДОГОВОР - договор об ответственном хранении и учете ценных бумаг и денег, заключаемый банком-кастодианом и его клиентом (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136)

КАФЕ - тұтынушыларға міндетті түрде даяшылар қызмет көрсететін, дайындалуы күрделі емес ас мәзірінің түр-түрін, сондай-ақ, алкоголь өнімдерін ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектісі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
КАФЕ - объект общественного питания и отдыха, предлагающий ассортимент блюд несложного приготовления, а также алкогольную продукцию с обязательным предоставлением услуг официантов потребителям (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)


КАЮТАЛЫҚ БАГАЖ - жолаушының белгіленген мөлшер мен көлем шегінде өзімен бірге алып жүретін, жинақы буып-түйілген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркін орналастырылатын заттары («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)
КАЮТНЫЙ БАГАЖ - компактно упакованные и свободно размещаемые в каюте или на полках в общих местах вещи пассажира, перевозимые им при себе, в пределах установленных количества и габаритов (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

КӘБІЛ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЖҰРТТЫҢ НАЗАРЫНА ХАБАРЛАУ-туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшықтар арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегімен хабарлау («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-1 ҚРЗ 2-бап)
СООБЩЕНИЕ ДЛЯ ВСЕОБЩЕГО СВЕДЕНИЯ ПО КАБЕЛЮ - сообщение произведения, фонограммы, исполнения, передачи организаций эфирного или кабельного вещания для всеобщего сведения посредством кабеля, провода, оптического волокна или с помощью аналогичных средств (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

КӘБІЛДІК КӘРІЗ - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жер асты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілде № 567 ҚРЗ 2-бап)
КАБЕЛЬНАЯ КАНАЛИЗАЦИЯ - совокупность подземных трубопроводов и колодцев, предназначенных для прокладки, монтажа и технического обслуживания кабелей связи (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - қару-жарақты, әскери техниканы, арнаулы құралдарды олардың ұрысқа жарақты қасиеттерін пайдалануды немесе тікелей мақсаты бойынша қолдануды болдырмайтын жағдайға келтіру, сондай-ақ олардың компоненттерін кейіннен пайдалану мақсатында бөлшектеу («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
УТИЛИЗАЦИЯ - приведение вооружения, военной техники, специальных средств в состояние, исключающее использование их боевых свойств или применение по прямому предназначению, а также разукомплектование в целях последующего использования их компонентов (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК » от 7января 2005 года № 29)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУСЫЗ ЖӘНЕ ПАНАСЫЗ ҚАЛУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналармен немесе басқа да заңды өкілдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі («Кәмелетке толғандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФИЛАКТИКА ПРАВОНАРУШЕНИЙ СРЕДИ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ И ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ ДЕТСКОЙ БЕЗНАДЗОРНОСТИ И БЕСПРИЗОРНОСТИ - система правовых, педагогических, медицинских и иных мер, направленных на предупреждение правонарушений, безнадзорности, беспризорности и антиобщественных действий среди несовершеннолетних, выявление и устранение причин и условий, им способствующих, осуществляемых в совокупности с индивидуальной профилактической работой с несовершеннолетними, а также родителями или другими законными представителями несовершеннолетних, не исполняющими обязанности по их воспитанию, обучению и содержанию либо отрицательно влияющими на их поведение (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАҢДАР ЖАСАҒАН БҰЗАҚЫЛЫҚ - он төрт жастан он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының бірінші бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 331-бап)
ХУЛИГАНСТВО, СОВЕРШЕННОЕ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМ - мелкое хулиганство или хулиганство, предусмотренное частью первой статьи 257 Уголовного кодекса РК, совершенное несовершеннолетним в возрасте от четырнадцати до шестнадцати лет (ст. 331 КРКоАП от 30 января 2001 года № 155)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЬІ САУДАҒА САЛУ-кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып-көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 133-бап)
ТОРГОВЛЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМИ - купля-продажа или совершение иных сделок в отношении несовершеннолетнего, а равно его эксплуатация либо вербовка, перевозка, передача, укрывательство, а также совершение иных деяний в целях эксплуатации (ст. 133 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БАҒЫП-КҮТУ- кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өз қаржылық мүмкіндіктері мен қабілеттерінің шегінде оның салауатгы дамуы, оның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін және мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандартгарын қорғау үшін жағдай жасауы («Кәмелетке толмагандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
СОДЕРЖАНИЕ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНЕГО - создание родителями или другими законными представителями несовершеннолетнего в пределах своих финансовых возможностей и способностей условий для его здорового развития, защиты его имущественных и неимущественных прав и интересов и государственных минимальных социальных стандартов (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)


КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДЫ ҚАРАУЫНА БЕРУ- кәмелетке толмағанды ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтын жазбаша міндеттеме қабылдауынан тұрады (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 147-бап)
ОТДАЧА НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНЕГО ПОД ПРИСМОТР - отдача несовершеннолетнего под присмотр родителей, опекунов, попечителей или других заслуживающих доверие лиц, а также администрации специального детского учреждения, в котором он находится, состоит в принятии на себя кем-либо из указанных лиц письменного обязательства обеспечить надлежащее поведение несовершеннолетнего и его явку по вызову органа, ведущего уголовный процесс (ст. 147 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлік дамуына және әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғауға бағытталған мінез құлық ережелері мен нормаларын дарыту жөніндегі ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тарапынан оған әсер ететін үздіксіз процесс («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 ҚРЗ 1-бап)
ВОСПИТАНИЕ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНЕГО - непрерывный процесс воздействия на ребенка со стороны родителей или других законных представителей, а также работников государственных органов по привитию ему правил и норм поведения, принятых в обществе и направленных на его духовное, физическое, нравственное, психическое, культурное, интеллектуальное развитие и защиту от отрицательного влияния социальной среды (ст. 1 ЗРК «О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности» от 9 июля 2004 года № 591)

КӘСІПТІК АУРУ - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру (2007 жылғы 15 мамырдағы ҚР Еңбек кодексі № 251 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ - хроническое или острое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15мая 2007 года № 251)

КӘСІБИ БУХГАЛТЕР - кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 акпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ БУХГАЛТЕР - физическое лицо, имеющее сертификат профессионального бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)

КӘСІБИ БУХГАЛТЕР СЕРТИФИКАТЫ - сертификаттау жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007жылғы 28 ақпандағы № 234 ҚРЗ 1-бап)
СЕРТИФИКАТ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО БУХГАЛТЕРА - документ, выданный организацией по сертификации, удостоверяющий профессиональную квалификацию бухгалтера (ст. 1 ЗРК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года № 234)

КӘСІБИ ДИАГНОСТИКА - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуеттік мүмкіндіктерін анықтау («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДИАГНОСТИКА - определение потенциальных возможностей детей к усвоению и выполнению навыков трудовой деятельности или профессии с учетом имеющегося психического и (или) физического недостатка (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)

КӘСІБИ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МЕРЕКЕЛЕР - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер («ҚРмерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 267-ІІ ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ И ИНЫЕ ПРАЗДНИКИ - праздники, не наделенные статусом национальных и государственных праздников, отмечаемые отдельными категориями граждан (ст. 1 ЗРК «О праздниках в РК» от 13 декабря 2001 года № 267)

КӘСІП - адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИЯ - основной род занятий, трудовой деятельности человека, подтверждаемый соответствующими документами об образовании (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

КӘСІПКЕРЛІК - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 10-бап)
ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - инициативная деятельность граждан и юридических лиц, независимо от формы собственности, направленная на получение чистого дохода путем удовлетворения спроса на товары (работы, услуги), основанная на частной собственности (частное предпринимательство) либо на праве хозяйственного ведения государственного предприятия (государственное предпринимательство). Предпринимательская деятельность осуществляется от имени, за риск и под имущественную ответственность предпринимателя (ст. 10 ГК РК от 27 декабря 1994 года)

КӘСІПКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС - жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларына жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптамалық қорытындылар алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган («Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 ҚРЗ 1-бап)
ЭКСПЕРТНЫЙ СОВЕТ ПО ВОПРОСАМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА - консультативно-совещательный орган, создаваемый при центральных государственных и местных исполнительных органах для организации работы по получению экспертных заключений от аккредитованных объединений субъектов частного предпринимательства и заинтересованных некоммерческих организаций на проекты нормативных правовых актов, затрагивающих интересы частного предпринимательства (ст. 1 ЗРК «О частном предпринимательстве» от 31 января 2006 года № 124)

КӘСІПТІК ОДАҚТАР - дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады («Кәсіптік одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуірдегі ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ СОЮЗЫ - самостоятельные, с фиксированным индивидуальным членством общественные объединения, добровольно создаваемые гражданами на основе общности их профессиональных интересов для представления и защиты трудовых, а также других социально-экономических прав и интересов своих членов, охраны и улучшения условий труда (ст. 1 ЗРК «О профессиональных союзах» от 9 апреля 1993 года)

КӘСІПОРЫН - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР АК 119-бап)
ПРЕДПРИЯТИЕ - имущественный комплекс, используемый для осуществления предпринимательской деятельности (ст. 119 ГК РК от 27 декабря 1994 года)

КӘСІПТІК АУРУ - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін атқаруына байланысты қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ЗАБОЛЕВАНИЕ - хроническое или острое заболевание, вызванное воздействием на работника вредных и (или) опасных производственных факторов в связи с выполнением работником своих трудовых (служебных) обязанностей (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)

КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ - мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ОРИЕНТАЦИЯ - система мер, направленных на оказание помощи инвалиду в выборе видов трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)

КӘСІПТІК ЛИЦЕЙ - жалпы орта, бастауыш кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмысшы кадрларын даярлауды жүзеге асыратын орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ ЛИЦЕЙ - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и осуществляющее подготовку рабочих кадров повышенного уровня квалификации (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)

КӘСІПТІК МЕКТЕП - жалпы орта, кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ететін орта оқу орны («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ШКОЛА - среднее учебное заведение, реализующее образовательные программы общего среднего, начального профессионального образования и обеспечивающее подготовку работников квалифицированного труда по различным направлениям трудовой деятельности (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)


КӘСІПТІК ТӘУЕКЕЛ СЫНЫБЫ - өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың экономикалық қызмет түрлері бойынша қалыптасқан деңгейі («Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 ҚРЗ 1-бап)
КЛАСС ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РИСКА - уровень производственного травматизма и профессиональной заболеваемости, сложившийся по видам экономической деятельности (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности работодателя за причинение вреда жизни и здоровью работника при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей» от 7 февраля 2005 года № 30)

КӘСІПҚОЙЛЫҚ СПОРТ - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсіпкерлік қызметтің бір түрі («Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490 ҚРЗ 1-бап)
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ СПОРТ - вид предпринимательской деятельности, главной целью которой является получение доходов путем организации спортивно-зрелищных мероприятий и участия в них (ст. 1 ЗРК «О физической культуре и спорте» от 2 декабря 1999 года № 490)

КӘСІПШІЛІК АҢ АУЛАУ - аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 32-бап)
ПРОМЫСЛОВАЯ ОХОТА - добывание видов животных, являющихся объектом охоты, в целях предпринимательской деятельности (ст. 32 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

КӘСІПШІЛІК БАЛЫҚ АУЛАУ - балықты және балық аулау объектісі болып табылатын басқа да су жануарла-рын кәсіпкерлік қызмет мақсатында аулау («Жануарлар дүниесін цоргау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылгы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 34-бап)
ПРОМЫСЛОВОЕ РЫБОЛОВСТВО - лов рыбы и добывание других водных животных, являющихся объектом рыболовства, в целях предпринимательской деятельности (ст. 34 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

КЕДЕЙЛІК ШЕГІ - республикада экономикалық мүмкіндіктерге қарай белгіленетін, адамның ең төмен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті кіріс шегі («Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-I ҚРЗ 4-бап)
ЧЕРТА БЕДНОСТИ - граница дохода, необходимого для удовлетворения минимальных потребностей человека, устанавливаемая в республике в зависимости от экономических возможностей (ст. 4 ЗРК «О прожиточном минимуме» от 16 ноября 1999 года № 474-I)

КЕДЕН ҚОЙМАЛАРЫ - кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес тауарларды сақтау үшін арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-П ҚР ҚК 129-бап)
ТАМОЖЕННЫЕ СКЛАДЫ - специально определенное и обустроенное помещение или место, предназначенное для хранения товаров в соответствии с таможенным режимом таможенного склада (ст. 129 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕН ҚОЙМАСЫ - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР ҚК 124-бап)
ТАМОЖЕННЫЙ СКЛАД - таможенный режим, предназначенный для хранения под таможенным контролем ввезенных товаров в специальных помещениях или местах, имеющих статус таможенного склада, без взимания таможенных пошлин, налогов и без применения мер нетарифного регулирования, за исключением требований по безопасности товаров (ст. 124 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕН ТЕРМИНАЛЫ - ҚР кеден органының қызмет аймағындағы ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 -II ҚР КК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЙ ТЕРМИНАЛ - специально обустроенное, технически оснащенное и оборудованное место в зоне деятельности таможенного органа республики Казахстан, предназначенное для совершения таможенного оформления и (или) таможенных операций с товарами и транспортными средствами, перемещаемыми через таможенную границу РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК АЛЫМДАР - ҚР кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды ҚР кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЕ СБОРЫ - виды таможенных платежей, взимаемых таможенными органами РК за таможенное оформление, таможенное сопровождение, а также за хранение товаров и транспортных средств на складах, учреждаемых таможенными органами РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК АЛЫП ЖҮРУ - ҚР кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ - сопровождение товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем, должностными лицами таможенных органов РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ - ҚР кеден заңдарына сәйкес ҚР кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННОЕ АДМИНИСТРИРОВАНИЕ - совокупность организационно-правовых и иных действий и мер, осуществляемых таможенными органами РК в соответствии с таможенным законодательством РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК БАЖ - ҚР кеден органдары тауарды ҚР кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННАЯ ПОШЛИНА - вид таможенного платежа, взимаемый таможенными органами РК при ввозе товара на таможенную территорию РК или вывозе товара с указанной территории и являющийся неотъемлемым условием такого ввоза или вывоза (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ - ҚР кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша ҚР кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау ҚР кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-П ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мер, осуществляемых таможенными органами РК по соблюдению таможенного и иного законодательства РК, контроль за исполнением которого возложен на таможенные органы РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДАҒЫ ТАУАРЛАР - Кеден кодексіне сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР ҚК 7-бап)
ТОВАРЫ, НАХОДЯЩИЕСЯ ПОД ТАМОЖЕННЫМ КОНТРОЛЕМ - товары, в отношении которых осуществляется таможенный контроль в соответствии с Таможенным кодексом (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯ - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР КК 7-бап)
ТАМОЖЕННАЯ ДЕКЛАРАЦИЯ - документ, подтверждающий в письменном и (или) электронном виде заявленные декларантом сведения о товарах и транспортных средствах (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ - ҚР кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-ІІ ҚР КК 7-бап)
ТАМОЖЕННАЯ ИНФРАСТРУКТУРА - здания и сооружения, создающие условия для функционирования таможенных органов РК, а также предназначенные для социального обслуживания должностных лиц таможенных органов РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ҚР кеден органдары да, тұлғалар да ҚР кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЕ ОПЕРАЦИИ - отдельные действия, совершаемые в соответствии с таможенным законодательством РК как таможенными органами РК, так и лицами, в отношении товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР - ҚР кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР ҚК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЕ ПРОЦЕДУРЫ - совокупность действий, совершаемых таможенными органами РК и лицами, в сфере таможенного дела в отношении товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК РЕЖИМ - ҚР кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, ҚР Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-П ҚРКК 7-бап)
ТАМОЖЕННЫЙ РЕЖИМ - совокупность установленных Таможенный кодексом РК норм, определяющих статус товаров и транспортных средств в сфере таможенного дела при их перемещении через таможенную границу РК в зависимости от целей перемещения, использования на таможенной территории РК либо за ее пределами (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)