Тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын ж
Тауарлық жануар - тауарлық өнiм өндiру үшiн пайдаланылатын жануар.
Тұқым - белгiлi бiр шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметiнiң әсерiмен қалыптасқан, "өз iшiнде" ұзақ уақыт өсiп-өнуi үшiн саны жеткiлiктi және шаруашылық және асыл тұқымдық құндылыққа ие, iрiктеу, таңдау, олардың генотипiне сай келетiн технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйi сақталатын, сондай-ақ оны бiр түрдегi басқа тұқымдардан ерекшелейтiн морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерiнде белгiлi бiр ерекшелiгi бар жалпы шығу тегi ортақ ауыл шаруашылық жануарларының бiр түрiнiң тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, желi болып табылады.
Ұрық (тұқым) - тұқымдық материалдың барлық ботаникалық нысандары: тұқымның өзi, жемiстер, дән шоғыры, күрделi жемiстердiң бөлiктерi, баданалар мен түйнектер.
Сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары.
Фонограмма - орындаушылардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгiзiлген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру.