Патент туралы

Өнертабыс формуласы өнертабыс объектісін анықтайды және оның мәнін көрсетеді. Формула анық, дәл болып, сипаттамаға негiзделуі керек.

Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей және өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi. Егер бұйымның елеулi белгiлерiнiң өнеркәсiптiк үлгiге көрiнiстерiне берiлген және елеулi белгiлер тiзбесiнде келтiрiлген жиынтығы өнеркәсiптiк үлгiге басымдық берiлген күнге дейiн дүние жүзiнде жалпыға мәлiм мәлiметтерде белгiсiз болса, өнеркәсiптiк үлгi жаңа деп танылады. Өнеркәсiптiк үлгiнiң жаңалығын анықтаған кезде Қазақстан Республикасында өнеркәсiптiк үлгiлерге бұрын басқа адамдар өтiнiм берген (қайтарып алынғандарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсiптiк үлгiлердiң неғұрлым ертеректегi басымдығы да ескерiледi.

Пайдалы модель – өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын, сонымен қатар олардың жалғамалы бөлімдерін (құрылғылар) сындарлы атқару. Егер оның маңызды белгілер жинағы техника деңгейі туралы тоқайластырудан беймәлім болса пайдалы модель жаңа деп танылады.

Патенттiк сенiмдi өкiлдер - заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары.