Қызметтiк өнертабыс не?

Қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi.

Өнертабысқа патент беруге өтiнiмге формалдық сараптама өтінім берiлген күн белгiленгеннен кейiн жүргізіледі, өтінімге формалдық сараптама жүргізу барысында қажетті құжаттардың болуы, сонымен қатар олардың орнатылған талапқа сәйкестігі тексеріледі. Формалдық сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейiн сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi.

Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама мәлiмделген ұсынысты өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгiн белгiлеудi, техника деңгейiн анықтау үшiн мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген объектiнiң (oбъектiлердiң) өнертабыс бiрлiгi мен патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкестiгiне тексеру жүргiзудi қамтиды.