Ноу-Хау дегеніміз не?
Ноу-Хау - (ағыл. - know-how, тікелей: қалай білемін) – техникалық немесе басқа тапсырмаларды шешу үшін қажетті техникалық білім, тәжірибе, өндіріс құпиясы. Көбінесе Ноу-хау ретінде техникалық шығармашылық нәтижесі түсініледі. Алайда бұл термин қандай да бір бұйымды өндіру үшін қажетті техникалық және басқа ақпаратқа, осы немесе басқа мемлекетте қандай да бір себеппен патенттелмеген өнертабыс деңгейінде орындалған техникалық шешімдерге қолданылуы мүмкін. Берілетін ғылыми- техникалық ақпараттың құпиялылық элементі Ноу- хаудың негізгі нышандарының бірі болып табылады. Қорғау ереже бойынша лицензиялық келісімшарт пен басқа да сол сияқты келісімдер шарттарына сәйкес тек келісімшарт тәртібінде ғана жүзеге асырылады.