Патент иеленуші кім?

Патент иеленуші – қорғау құжатының иесі. Патент иесіне өз қалауымен қорғалынатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану айрықша құқығы беріледі. Қорғалынатын өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану айрықша құқығы осы қорғау құжатын бергендігі туралы мәліметтің ресми бюллетенде жарияланған күнінен бастап қорғау құжатының қолданылуы кезеңінде патент иеленуші арқылы жүзеге асырылады.