Ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе)
Ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) жеке кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы - тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдерге орай, мүдделi тұлғалардың айғақтарына негiзделген құзыреттi органның немесе соттың шешiмiмен жалпыға бiрдей белгiлi танылған тауар таңбасы.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердiң атауы қорғалатын тауарларда және (немесе) олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқық беру, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу.
Тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының иесi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын, осы Заңға сәйкес тауар таңбасына айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие заңды тұлға немесе жеке тұлға.
Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгiленедi. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетiп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет.
Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
Тауар таңбаларының бірдейлілігі болып барлық элементтері ұқсас келетін белгі танылады.