Тауар таңбасы - бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын ба

Тауар таңбасы - бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан ажырату үшiн қызмет ететiн белгi.

Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (қызметiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi. Тауар таңбасы ретінде бір тұлғаның тауарлар мен қызметтерін басқа тұлғаның біртекті тауарлары мен қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бейнелі, ауызша, әріптік, сандық, көлемді және басқа да белгілер немесе олардың құрамдастары тіркеле алады. Тауар таңбасы кез келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеле алады.