Авторлық құқық дегеніміз не? Ол қалай сақталады?
Авторлық құқық – ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың бөлігі.
Оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға өнеркәсіптік меншік объектісінің авторы болып табылады. Егер өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн жасауға бiрнеше жеке адам қатысқан барлық олардың бәрi оның авторлары болып есептеледi (қосалқы авторлар). Қосалқы авторлардың тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi. Авторлық құқық иеліктен шығарылмайтын жеке құқық болып табылады және мерзімсіз қорғалынады. Егер Қазақстан Республикасында қорғалынатын тауар таңбаларының үшінші тұлғаның құқы бұзылмайтын болса, автор өнеркәсіптік меншік объектісіне өз атын немесе арнаулы ат бере алады.