Термин - ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағынал

Термин - ғылыми ұғымға айқын
анықтама беретін, оның мағыналық шегін
дәл көрсететін сөздер. Ғылыми ой-пікірді
дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,
айқын болу қажет. Сондықтан сөздің
мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді нақты
бір мағынада ғана алып қолдану арқылы
жасалады. Заң ғылымында қолданылатын
құқық, құқық қорғау, заң, тергеу, жаза т.б.
мағыналық шегі нақтыланған терминдер
қатарына жатады. Педагогика саласындағы зерттеулер
2013 № 1 (21) 189 2013 № 1 (21) 188
Ғылым саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминологиялық сөздік деп атай-
мыз. Қолданыста заң терминдеріне қатысты 20-дан астам сөздік бар. Алайда бұлардың
қайсысын оқу процесінде қолданудың дұрыстығын, олардың қай стандартқа немесе қай заң
жобасына негізделіп жасалғандығын айта алмаймыз. Өйткені, бұл сөздіктерде бірізділік
жоқ, терминдердің аудармасы әр сөздікте әртүрлі болып келеді. Осындай мәселенің өзі көп
жайтты аңғартса керек. Қолданыстағы терминологиялық сөздіктер үш тілді - «қазақша-
ағылшынша-орысша», екі тілді - «қазақша-орысша», «қазақша-ағылшынша» жасалған.
Ғ. Сапарғалиев «Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі» (Алматы, 1995), Окушева Г.Т.,
Жанаділова З.М., Еркінбаева Л.Қ. «Ағылшынша-орысша-қазақша заң терминдерінің сөздігі»
(Алматы, 2006). Бұл сөздіктерді арнайы мәтіндерге аударма жасауда қолдануға болады. Заң
мәтіні орыс тілінде дайындалып, содан кейін қазақ және басқа тілдерге аударылатын біздің
бүгінгі қоғамда көрсетілген сөздіктерге сұраныс бар. Дегенмен, терминологиялық сөздіктің
құрылысы төмендегі сипатта болуы керек.
Құқық қорғау қызметі – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік
қызметтің ерекше түрі.
Ротация – құқық қорғау органында уәкілетті басшыларды тең лауазымдарға ауыстыру.
Тәртіптік жаза – қызметкерге қолданылатын тәртіптік жауапкершілік шарасы.
Қазақ терминтану іліміне өзіндік үлес қосқан ғалымдарымыздың тұжырымдарын
басшылыққа ала отырып, заңтану, оның ішінде қаржы полициясы органындағы салалық
терминдерді біріздендіру мақсатында сала мамандары үшін термин жасаудың негізгі
қағидаларын ұсынамын.
Терминнің негізгі қасиеттері:
Ұғым атауы болуы – белгілі бір сала ұғымының заттық атауы ретінде қолданылуы,
мысалы, ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗА.
Ғылыми анықтамасының болуы – ұғымның басты белгілерін қамтитын дәл ғылыми
анықтамасының болуы, мысалы, “Қылмыстық жаза”- дегеніміз сот арқылы, мемлекет аты-
нан, қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану.
Салаға тәндігі – сол арнаулы сала ұғымының атауы болуы, мысалы, ҚЫЛМЫСТЫҚ
ЖАЗА – заң термині.
Мағына дәлдігі – термин мағынасының шегі анық, айқын болуы керек, Термин
белгілейтін ұғымның басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі, мысалы,
“Қылмыстық жаза”- 1. сот арқылы, 2. мемлекет атынан, 3. қылмыс жасаған адамға, 4.
қылмыстық заңмен белгіленген, 5. мемлекеттік шараны қолдану.
Контекстке тәуелсіздігі – термин мағынасының контекст көмегінсіз де түсінікті бо-
луы, мысалы, Қылмыстық жаза – ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс
жасауға кінәлі деп танылған адамға ғана қолданылады. т.б. сөйлем ішінде қолданбай-ақ
«қылмыстық жаза» терминінің мағынасын түсіне алатындығымыз.
Стилдік бейтараптылығы – терминмен белгіленетін ұғым мазмұнының
объективтілігіне байланысты көп жағдайда оның қандай да бір қосымша ассоциация, стилдік
реңк туғызбайтын қасиеті, мысалы, “Қылмыстық жаза”- ұғымының қосымша ассоциация,
стилдік реңк туғызбай, тек нақты «сот арқылы, мемлекет атынан, қылмыс жасаған адамға
қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану» - деген мағынаны білдіруі.
Арнайы жасалатындығы – көп жағдайда ғылыми-техникалық және басқа да арнау-
лы салалардың ұғымдарының атауы ретінде мақсатты түрде жасалу қасиеті, мысалы, жаза Исследования в сфере педагогики
2013 № 1 (21) 189 2013 № 1 (21) 188
түрлерінің жалпы атауы ретінде қолданылуы.
Дайын қалпында қолданылуы – құрамында бірнеше сөз болатындығына қарамастан тер-
мин сөз тіркестердің синтаксистік бірлігін сақтай отырып, тұрақты қалпында, семантикалық
тұтастықта жұмсалуы, мысалы, термин ретінде қылмыстық іс жазасы немесе қылмыстық
оқиға жазасы деп қолданбай, тұрақты қалпында қылмыстық жаза деп қолдануы.
Атаушы сөз болуы – адам қызметінің түрлі салаларына қатысты арнаулы ұғымдардың,
ғылыми және ғылыми-техникалық ұғымдардың атаулары болуы, мысалы, қылмыстық жаза
- заң саласындағы ҚР ҚК-де берілген арнаулы ұғым атауы.
Терминологиялық тіркестердің семантикалық тұтастығы – құрамында бірнеше
сыңары бар күрделі терминдердің бөлшектенбей, мағына тұтастығын сақтау қасиеті, мы-
салы, бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері - деген сөйлемдегі «бас
бостандығынан айыру» тіркесіндегі сөздер жеке-жеке алғандағы сөз мағынасын емес «сот-
талуына» деген мағынаны білдіреді.
Терминнің келісімділігі – терминтанушылар мен сала мамандарының келісімі негізінде,
мақсатты түрде жасалатындығы, қылмыстық жаза термині келісілген түрде жасалды деп ай-
ту әрине қиын. Дегенмен, ондай терминдер бар, мысалы «несие шарты не басқа азаматтық-
құқықтық шарт бойынша, сонымен қатар зиян келтіру мен басқа негіздерден туындайтын
қысқа мерзімді пайдалануға ақша немесе басқа затты алған кезде туындайтын міндеттеме
деген мағына беретін долг – сөзінің (қарыз, алашақ) – деген аудармасы алынбай (борыш) –
деген аудармасы алынған.
Терминге қойылатын талаптар: Терминнің бірмағыналылығы, ықшамдылығы, тілдің
сөзжасам заңдылықтарына сәйкестілігі, тілдік нормаға сәйкес келуі, туынды сөз жасауға
қолайлығы, эмоционалдық пен экспрессиялықтың болмауы, эстетикалық талаптарға сай
келуі, үндесімділігі, қолданысқа негізілгендігі, синонимдердің болмауы, инварианттылық,
уәжділігі, халықаралықтығы.
Терминтану жүйесінiң қалыптасу деңгейi сол ғылым саласының қаншалықты дәрежеде
дамып отырғанының көрсеткiшi болып табылады. Сонда дамыған ғылымның терминта-
ну жүйесi жетiлген болып шығады. Ғылыми түсiнiк сол саланың арнаулы терминдермен
белгiленедi. Терминдер негiзгi ғылыми тiлдi құрайды. Осы мақсатта Қаржы полициясы акаде-
миясында оқитын магистранттар мен докторанттардың ғылыми жұмыстарының мемлекеттік
тілде жазылуына басымдылық беру керек деп ойлаймың. Сонда ғана ғылыми пәндер термин-
тануын жүзеге асыру ғылымның концептуалды аппаратының дамуына жол ашады.
Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары, әрi жемiстi болса, баспадан шығарылған
сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Бүгiнгi таңда сөздiктiң практикалық мәнімен қоса,
оның ғылыми сапасына да ерекше назар аударылады. Сондықтан, сөздік кез-келген мекеме-
де емес, сол мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде
жасалынғаны жөн. Бүгінгі таңда Қаржы полициясы академиясы «Заңтану», «Құқық қорғау
қызметі» мамандықтары бойынша магистранттар мен докторанттар дайындайтын бірден-бір
ведомстволық ЖОО.
Баяндаманы Елбасының кешегі Халыққа Жолдауындағы мына сөздермен аяқтағымыз
келеді