Жұмбақ айтыс

Айтысқа отау беріп Массагеттен,
Админдер бөлім ашып, жақсы еткен,
Шақырамын жыр сүйер, Қауым мұнда,
Өрге жүзсін өнерің осы беттен.

Ашайын достарыма «Жұмбақ айтыс»
Жұмбақ айтыс- шабытқа тұнған айтыс.
Қолдайтын адам болса мұнда соққын,
Жұмбақ шешіп һәм жасырып, тынбай айтыс...

наурыз мейрамы деген болады
наурыз мерекесі әр үйге қонады
22 наурыз туралы айтып отырсың
жауабым менің осы :D
Сұраққа жауап берген Шаттық Гүлі,
Түрленбелі білсеңіз өмір заңы.
Жұмбағың қайда сенің біз шешетін,
"Жұмбақ айтыс" заңы бұл ел білетін :!:
Жұмбақ айтыс дегенде, Жұмбақ айтыс,
Сөз жасырып, достарым, жырлап айтыс,
Тағы бір жасырайын жұмбағымды,
Шешіңдер қалдеріңше, болмай жай тұрыс :
Табасың бұдан керек бар нәрсені,
Үлкенге де, кішіге де жолдас еді,
Қазіргі заманымның озығы бұл,
Ол болмаса біздің осы айтыс та болмас еді.
Дегенде жұмбақ айтыс,
жұмбақ айтыс...
Болады бұл айтыста керім қайыс.
Сұрағыңның жауабы ғалам торма?
Талай адам тұталған бұл бір торға.

Енді менде қояйын сұрағымды,
Үрлеп жағып өлеңнен шырағымды.
Жас пен кәрі қорқатын үкімінен,
Тым тұрақсыз тұтқын бар Өмір деген.
Сол тұтқында тұтылған сиқырына,
Ешкімге бағынбайтын бағынышсыз,
Ол құдірет сырын аш шаман келсе?
Дүниенің тәттісі- Өмір болар,
Дұрыс сүрсең оған да көңіл толар,
Алланың жалғыз өзі әкелетін,
Дүниенің қаттысы - Өлім болар
Басқа да атауы бар одан бөтен,
Алла берер ащысы - Ажал ма екен?
Өлім деген алданшы сұлу керім,
Сұрайды екен адамдар сұлу өлім.
Жұмбағымның жауабы УАҚЫТ еді,
Мен күштіні көрмедім онан игі

Таппадын жауабымды айыптысың,
Өтеуі бар айтыста айыптының.,
Ал ендеше өтейін айыбымды,
Жазшы мынаған өзіңнің пайымыңды :

Сыйлап өтер бұл затты бар ғаламда,
Қолданған көп оны әкем де, анам да.
Бұл нәрсенің арқасында өзімнің,
Талай ілім, ғылым қалды санамда
Ал қазіргі адамның көп ісі жоқ,
Қолданып жүр тек мектепке балам да
Білімге құмартады саналы жан,
Әр адамның өзіндік арманы бар.
Абай мен Ыбырайлар ұлық көрген,
"КІТАП" болар жауабын анық білсем.
Бүгінде ол КІТАПтан қадір кетті,
Ғалам тор әсерінен күні жетті...
Әл-Фараби бабам айтқан,
Бір асыл сөз...
"Өмірдің парықы не бағамдасаң,
Не дүние өтеді аялдасаң....? "
Байқасам, бес ай бопты жасырғалы,
Көктемді көкжиектен асырғалы.
Дананың өсиеті аз емес-ті
Зерделеуге жетпейді ғасыр-дағы.

Тағылымды сөздерін сараптай дөп,
Тармақ қосып тағы да тараптай кет!
Қалайсыңдар алаш жұртым,халқым қазақ
Шетел жеді-ау наныңды,қалды аз-ақ
Қытайменнен Рессейдің қол астында
Қызмет етіп,боларсың елге мазақ