Жұмбақ айтыс
Айтысқа отау беріп Массагеттен,
Админдер бөлім ашып, жақсы еткен,
Шақырамын жыр сүйер, Қауым мұнда,
Өрге жүзсін өнерің осы беттен.
Ашайын достарыма «Жұмбақ айтыс»
Жұмбақ айтыс- шабытқа тұнған айтыс.
Қолдайтын адам болса мұнда соққын,
Жұмбақ шешіп һәм жасырып, тынбай айтыс...
Бұл өзі келер ырыс бастарыңа,
Бағалай білмей өтсең бұл жақсыны,
Қолыңнан ұшып кетер қас-қағымда.
Атағы талайлардан асса деп тұр.
Өлең сөздің кірпішін қалаймын деп,
Айтысқа бүгін, міне, масса кеп тұр.
Бар бақыт Өмір деген белестегі.
Бағалай білмей өтсең, ұшып кетер,
Махаббат деген сезім емес пе еді?
Өлеңді айттың жата кеп.
Айтыстың басы жұмбақ па,
Айтыстың басы бата деп... бата бер!
Көрген едім талайын
Айналайын ағасы
НЕ мына бір шырайың?
Не аузы, не мұрны жоқ
Жұмбағыңа болайын!
Көрген едім талайын
Айналайын ағасы
НЕ мына бір шырайың?
Не аузы, не мұрны жоқ
Жұмбағыңа болайын!
Болсаң да «Қырдың қазағы».
Болма жұрттың мазағы
Әйтеуір ұйқас келді деп,
Бұл бала нені жазады?
Қазақ болсаң шынында,
Жұмбақ мәні ішкі сырында,
Не қатысы бар бұл жерде
Ауызың да, мұрын да?
Жұмбақ шешкің келмесе,
Бас қатырмай кет, бұрыл да.
Сенсіз де мұнда қатысар,
Қыздарым бар, ұлым да
Бар бақыт Өмір деген белестегі.
Бағалай білмей өтсең, ұшып кетер,
Махаббат деген сезім емес пе еді?
Махаббат, шешімі ол емес еді,
Осы сөз сен жазғанда кездеседі
Бағалай білмей өтсең, ұшып кетер,
Бақыт еді жасырған мен кешегі
Бұл ашылған бетіміз-Жұмбақ бетті,
Мына балдар бос сөзбен сынап кетті,
Болған жақсы әр нәрсе өз орнында,
Достарым, бүлдірмеңдер, Сұрақ бетті
Тағы бір жұмбақ:
Небәрі өзі бір әріптен тұрады,
Жаман нәрсе, сақтан одан шырағым!
Бір әріпке қоссаң және бір әріп,
Тіршілікке керек нәрсе болады.
Екі сөздің кім шешімін табады?
Екіншісі- кәдімгі ішер СУ болды,
Енді өзі жасырмады жұмбағын,
Кім де болса, мына қызың қу болды
Қәне тағы жасырайын жұмбақты,
Енді бізде болады екен, Кім тапқыр?
Лепіртіп көңіліңді, алып-ұшып,
Көбіне қонақ болып келіп кетер.
Арналған ол жақсылықтың барлығы үшін
Ол болғанда әрқашан тойың өтер.
Әр адам көңіліне мереке боп,
Кей кездері қойныңа сыймай жатар.
Одан өрбір ырыс пен береке көп,
Кей кездері жоғалып құмға батар.
Қуаныш болар, аға, өзіңіз жасырған,
Бар адамға соны ғана тілеймін,
Кетпесінші ешқашанда қасыңнан[/b:2oxszgx2]
Менің жұмбағым:
Ұмытылып қайта оралған араға,
Қуанады оған қарт та, бала да,
Мерекесі қазағымның думанды,
Көп жыл өтіп қайта оралған санама