Алматының мәдени орталықтары?

Алматының мәдени орталықтары?

Толық жауап міне: Орталық Жаңа алаң (Тәуелсіздік алаңы) – Желтоқсан және Фурманов даңғылдарының ортасындағы Қ. Сәтбаев көшесінде жатыр. (45, 32, 63 автобустар барады).

Орталық Ескі алаң (Астана алаңы) – Панфилов көшесі мен Абылайхан даңғылының ортасындағы Төле би көшесінде орналасқан. (48, 16, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).

Абай алаңы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. Абай ескерткіші арқылы танисыз. (25, 35, 65, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).

Республика сарайы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).

Студенттер сарайы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аймағынан орын тепкен, әл-Фараби даңғылы, 71. (79, 105, 30, 70, 32, 45, 63, 27 автобустар, 11, 9, 7 троллейбустар).

Оқушылар сарайы – Сәтбаев және Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (45, 29, 48, 99, 128 автобустар).

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы – Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында тұр. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, 9 троллейбустар). Дәл осы тұтса Орталық стадион да орналасқан.

ҚР Ұлттық кітапханасы – Абай және Абылайхан даңғылының қиылысында орналасқан. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, троллейбустар).

"Кітаптар қалашығы" (қаладағы ең үлкен кітап дүкендерінің бірі) – Розыбакиев, 281 (әл-Фараби көшесінен төмен жатыр). (30, 31, 23 автобустар).

"Гулянда" кітап дүкені – Төле би – Шәріпов (48, 16, 99 автобустар), Сәтбаев – Байзақов (қоғамдық көлік қатынамайды), Шаляпин – Жандосов (Алтынсарин даңғылы) (қоғамдық көлік тура бармайды), Байтұрсынов – Шевченко (9 троллейбус) көшелерінің қиылысында бар.

Мемлекеттік Орталық мұражай – Самал-1 мөлтек ауданында, Сәтбаев – Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан. (63, 45 автобустар).



М. Әуезов мұражай-үйі – Төлебаев, 185, Фурманов – Достық көшелерінің ортасында орналасқан (Абай бекетіне жақын жерде Жетісуға қойылған ескерткіш арқылы табасыз). (25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты – Құрманғазы, 29. Достық – Құрманғазы көшесі арқылы баруға болады (79, 105, 29, 48, 65 автобустар, 11, 19 троллейбус). А. Байтұрсынов атындағы тіл институты мен Ғалымдар үйі де дәл осы жерде орналасқан.

ҚР Жазушылар одағы – Абылай хан даңғылы, 105. Төле би көшесімен қиылысады ("Детский мир" дүкенінің сол жағында). (48, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).

"Қазақконцерт" бірлестігі – Абылай хан, 83. Әйтеке би көшесінің бұрышында орналасқан. (48, 56 автобустар, 6, 5 троллейбус).

Алматыдағы Француз үйі – Фурманов, 187 а. Абай даңғылымен қиылысады. (63, 25, 35, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).



Орталық демалыс саябағы (М. Горький атындағы) – Гоголь және Бөрібаев көшелерінің қиылысында (29, 25, 65 автобустар, 11, 19 троллейбус). Алматы қаласының зообағын да осы саябақ арқылы таба аласыздар.



ҚР тұңғыш президентінің саябағы – әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшелерінің қиылысында (63, 27, 32 автобустар барады).



"Family" саябағы – Алтынсарин және Абай даңғылдарының қиылысында (45, 105, 124, 120, 25, 35 автобустар).

Қазақтың мемлекетті М. Әуезов атындағы драма театры – Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6, 5, 11, 19, 9 троллейбустар).

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры – Абылайхан даңғылы мен Мәметова көшелерінің қиылысында орналасқан. (32 автобус, 6,5 троллейбустар).

М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры – Абай және Абылайхан даңғылының қиылысында орналасқан. ( 25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79 автобустар, 6,5, 11, 19, троллейбустар).

Абай атындағы опера және балет театры – Қабанбай батыр, 110. Фурманов көшесінің бұрышында орналасқан. (105, 63, 79 автобустар).

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филаромниясы – Қалдаяқов және Төле би көшелерінің қиылысында (65, 29, 48, 25 автобустар, 11, 19 троллейбус).

"Глобус" ойын-сауық сауда орталығы – Абай даңғылы мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан (65, 25, 35, 120, 128, 34, 66 автобустар, 5, 6, 19 троллейбус).

"МEGA – 1, 2" ойын-сауық сауда орталығы – Розыбакиев, 247. (әл-Фараби көшесінен төмен жатыр). (31, 30, 23 автобустар).



"ESENTAI MALL" сауда орталығы – әл-Фараби 77/7. Көктем өзенінің бұрышында орналасқан (қоғамдық көлік қатынамайды).

ЦУМ – Абылайхан даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан. (6, 5 троллейбус, 32 автобус).

"Silk Way City" сауда үйі – Төле би және Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан. (30, 34, 48, 16 автобустар, 7 троллейбус).

"Prominade" сән орталығы – Абай даңғылы мен Шәріпов көшелерінің қиылысында, Балуан Шолақ сарайының сол жағында орналасқан. (25, 35, 65, 99, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6,5, 11, 19, 9 троллейбустар).

"Арман" киноорталығы – Абай даңғылы мен Достық (Ленин) көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 121, 66 автобустар, 11, 19 троллейбус).

Қазақ мемлекеттік циркі – Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. (25, 35, 65, 120, 128, 105, 79, 34 автобустар, 6, 5, 11, 19, 9 троллейбустар).

Орталық дәріхана – Фурманов және Гоголь (75, 105 автобустар), Әуезов – Ғабдуллин (7 троллейбус) көшелерінің қиылысында бар.
Кейде қыдырайын десең баратын жер таппайсың
Кейде қыдырайын десең баратын жер таппайсың

Таппайтыны несі, баратын жер сізді таппай жүр емес пе)) :D