Алғашқы қар (Virgin snow) фильмі
Мемлекет: Жапония, Оңтүстік Корея
Жанр: Драма, романтика
Шыққан жылы: 2007
Ұзақтығы: 01:43
Рөлдерде: Ли Чжун Ки / Lee Jun-ki
Аои Миядзаки / Miyazaki Aoi
Аударған: [b:3kvii2la][i:3kvii2la]Zere[/i:3kvii2la][/b:3kvii2la]
Редактор: [b:3kvii2la][i:3kvii2la]Aikonanur[/i:3kvii2la][/b:3kvii2la]
Сипаттама:
Профессор әкесімен Жапонияға көшіп келген корей жігіті мен жапон суретші қызының алғашқы махаббаттары жайлы хикая. Екі тілді адамдардың бір-біріне ғашық болуын және махаббат бар жерде ештеңе де кедергі болмайтынын бейнелейтін фильм. Бірақ, сол таза, кіршіксіз алғашқы махаббатты сақтап қалу әркімнің қолынан келе бермейді. Айрылысу мен түсініспеушілікті жеңуге бола ма?
Алғашқы махаббаттарын сағынған жандарға арналады...
Махаббатқа ұлттың бөлектігі бөгет болатын қаншама оқиғаларды білесіз? Осы күні махаббатқа нәсіл де, ұлт та, дін де тосқауыл бола алмайтынына көз жетті. Тіпті сөйлесетін ортақ тілдің болмауы да сезімге кедергі бола алмайды.
Бұл фильм Жапонияға Кореядан көшіп келген корей жігіті мен жапон қызының арасындағы махаббат жайлы сыр шертеді. Біреуі жапон тілін еркін біліп жарытпайды, екіншісі корей тіліне шорқақ, ал ортақ ағылшын тілі де кейде көмекке келмей қалатын кездері болады. Бірақ соған қарамай бір-біріне деген ынтық сезімдері бәрін жеңіп, екеуінің тіл үйренуде алға жетелеп, бірге ашқан қызығушылықтары болашақтарын айқындап береді.
Алайда, кез-келген құштарлық бақытпен аяқталмайтыны сөзсіз. Менталитет деген тағы бар. Осы кедергіге кейіпкерлеріміз қалай төтеп бере алады екен? Ұзақ уақыта айрылысу сезімдердің суымауына кедергі болмай ма?
Кіршіксіз алғашқы махаббатты бейнелейтін керемет фильм. Фильмнің соңы бойға бір сағыныш сезімін әуелетіп, романтикалық көңіл-күйге бөлейді. Үзілмей келе жатқан үміт бір күні ақталуына сендіретін ғажайып ертегі іспеттес.
Сағындырған айлы түндерде осы фильмді көріп, балғын сезімге бөленіңіздер.
Жапон-корей тілінде. Субтитрлері қазақша http://massaget.kz/translate/filmder/85