Рақмет / Спасибо / Thank You
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Жыл: 2007
Сериялар саны: 16
Жанр: мелодрама, романтика
Режиссер: Ли Чже Доң (Lee Jae Dong)
Рөлдерде:
Jang Hyuk (Чаң Хёк)
Gong Hyo Jin (Гоң Хёчжин)
Shin Sung Rok (Шин Саңрок)
Kim Sung Eun (Ким Саңын)
Чхве Кан Хи
Ким Су Ро және т.б.
Аударған: Zere
Сипаттама: Ёншин ақылынан алжасқан атасымен және ЖИТС-пен ауыратын Ли Бом есімді қызымен кішкентай бір аралда тыныш өмір сүріп жатады. Кейін осы аралға Сеулде беделді хирург бола тұра сүйіктісіне операция жасап, құтқара алмаған Мин Гисы келеді. Мин Гисының дөрекілігі мен арсыздығының артында дәрменсіздік жатыр. Ёншиннің бір бөлмесін жалға алған ол, уақыт өте келе үй тұрғындарына бауыр баса бастайды. Алайда Ёншинге қандай сезімі бар екенін ұқпай дал болады. Қарым-қатынастары баяу өрбіп келе жатқанда, қызы Ли Бомның әкесі Сокхён араларына түседі. Оның да бұл отбасына өзгеше сезімі оянады.
Қосымша: «Рақмет» телехикаясы шыққан бойда көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көп көтеріле бермейтін мәселелерді көтергені үшін беделді болды. Мысалы, дәрігерлердің қателігі, балалар арасындағы ЖИТС, жалпы емі жоқ ауруға шалдыққан ата-аналардың сезімі, ақылынан алжасқан қарттарды күтудің уайымы сынды проблемалар жақсы баяндалған. Актерлердің ойыны мен оқиғалардың әсерлі өрбуі адамды зеріктірмей, керемет сезімге бөлейді.