Шекті қатыраты фильмдер мен кітаптар

Шекті қатыраты фильмдер мен кітаптар естеріңізде ме? Мен мысалға "Менің атым Қожа" фильмін қанша рет көрсем де, жатып күлемін)

теңдесі жоқ шедеврғой ол кино! базар жоқ түсірілген! сол режиссерлар осы күні болғанда ғо! Қазақ киносын аспанға бірақ көтерер еді!
теңдесі жоқ шедеврғой ол кино! базар жоқ түсірілген! сол режиссерлар осы күні болғанда ғо! Қазақ киносын аспанға бірақ көтерер еді!

Иә қазақ киносының шарықтаған кезі
Бала кезімде "Жабақтың оқиғаларын" оқитынмын, жыл сайын, тіпті тоқсан сайын мектеп кітапханасынан 1 аптаға деп алып, үйдегі төртеуіміз төрт қайтара оқымайынша өткізбейтін едік... "Жабақ" - ең сүйікті кітабым, күлмей оқи алмайтынмын, ол да сүйікті Қожамыз сияқты ақылды тентек, тек жасы кішірек )))
Мына "Көгілдір қоянның" нублинский аудармасымен көріңіздерші. Ішекті қатырады

[youtube:q07xkp3a]http://www.youtube.com/watch?v=uv2ASlCYH3E[/youtube:q07xkp3a]
Мен балаларға арналған шетелдік фильмдерді көргенді ұнатамын. "Один дома", "Трудный ребенок", "Бетховен" сияқты
"Трудный ребенок" деген Джуниор деген бала жайында емес пе? Уааай, оны да талай көрдік қой, мазмұнын жаттап алсақ та жалықпай көретін едік қой... "Один дома"ны да жақсы көруші ем, бірақ М.Калкиннің үлкейген суретін көріп қаттыыыы көңілім қалды, жоға әдемі ғой, бірақ, сол бала кейпін ғана біліп жүре бергенім жақсы еді. Нұрлан Сегізбаевпен де солай... Ағайынды Олсендер, Линдси Лохан, Катя Старшовалар - бәрінің де өскен кездегісін көргеннен кейін кіп-кішкентай кейіпкерлеріне деген көзқарасың өзгеріп кетеді екен...
Жабағымның "ешқашан өзгермейтіні" қандай жақсы....
Джеки Джанның комедиялары!