Күтпеген қылық...

Сабақ беріп шығып келе жатсам, жолда бір қыз бен бір жігіт құшақтасып тұр. Өздері кішкентай ғана. Мектеп оқушылары деп шамаладым. Сөйтсем, әлгі "джентльмен" мен сабақ беретін 7 сыныптың оқушысы Райымбек екен. Мені көріп қалды да қатты қызарып кетті. "Апай..." деп бетін басты қыз құсап. Басқа басқа, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен Райымбекті қызға қырындайды деп кім ойлаған? ) Адам аласы ішінде деген осы болса керек сірә... Осыған ұқсас қандай жағдай кезіктірдіңіз? Таныстарыңыздың, достарыңыздың өзіңіз күтпеген қандай қылықтарына таңғалдыңыз?

Қайта ұяты бар жігіт екен :D
айтпа :lol:
Ондайға таң қалмаймын, кызбен, жігітпен жүрмейді дегендерді талай көрдік қой, керек десеңіз аузымыз ашылған кездер болған :D :lol:
Ондайға таң қалмаймын, кызбен, жігітпен жүрмейді дегендерді талай көрдік қой, керек десеңіз аузымыз ашылған кездер болған :D :lol:

жуастан жуан шығад деген :lol:
Негізі адамның ішінде не тұрғанын білу мүмкін емес.
Әркім өзіне жауап беру керек заман ғой. Бірақ шынымен де күтпеген қылық екен!
Ол да адам баласы ғой