МелоМен тобы жасай берсін!
Копшиликтин журегин әсем әндеримен жаулап журген бул топ 2007 жылдын куз айында курылган болатын. Онын курамында: Кайрат Мырзаханов, Жигер Ауыпбаев, Ролан Хазретов жане Габит Абилдаев есимди жас таланттар бар. Олардын жеке омири жайында томеннен оки жатарсыздар. Олар томендегидей жарыстарда оз бактарын сынаган болатын: фестиваль "Шабыт" 2008ж, Абай алеми 2009ж, Республикалық "Жас Канат" байкауында лауреант атанды. Казирги танда Жанна Абуова апаймыздын продюсерлик орталыгында шыгармашылыктарын жалгастрыруда.
Ролан: Мен - Хазіретов Ролан Мәлікұлы 1988 жылы, 13 шілдеде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келдім. Анамның есімі - Баян, жергілікті сотта қызмет атқарады. Әкемнің есімі - Мәлік, ауылшаруашылығымен айналысады. Отбасында үш ағайындымыз, өзімнен үлкен Нұрлан және Руслан есімді екі ағам бар. Бүгінде екеуі де өз алдына бөлек отбасын құрған азаматтар. Үйдегі жалғыз бойдақ - мен. Ауылдық мектепте 9-сыныпты бітірген соң, Талдықорған экономика-тенхнологиялық колледжіне, салық мамандығы бойынша білім алуға құжат тапсырдым. Аталмыш колледжді тәмамдаған соң, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне тапсырдым. Бірақ, мұнда жүргенде өнерге деген құлшынысым оянып, оқуға деген ниетім өзгерді. Содан соң, бұл оқуды тастап, арман қуып Алматыға келдім. Өзім қалаған Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түстім. Дәл қазіргі сәтте дилом алып жатқан жағдайым бар. Алдағы уақытта, білімімді әрмен қарай ұштастырғым келеді. Бірақ, әлі қай оқу орнына, қай мамандыққа тапсыратынымды шешкен жоқпын.
Қайрат: Мен - Мырзаханов Қайрат Қамсаұлы 1985 жылы, 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылында дүниеге келгенмін. Әкем - Қамса Сексенбайұлы отбасындағы арқа сүйер асқар тауымыз. Ал анам - Кәрібаева Гүлбайра балаларынан қамқор көңілін аямайтын аяулы жан. Отбасында біз де үш ағайындымыз. Қарлығаш есімді әпкем және Сандуғаш есімді қарындасым бар. Мен үйдің ортаншысымын. Туған ауылымда тоғызыншы сыныпқа дейін оқыдым. Сосын, біз отбасымызбен Семей қаласына көшіп келдік. Семейге көшіп келген бетте, мектепте де, колледжде де қатар оқуға мүмкіндік болды. Соны пайдаланып, мен аптаның бір күнінде колледжде дәріс алып, ал қалған күндері мектепте орта білімімді жалғастырдым. 2002 жылы, мектепті тәмамдап, 2003 жылы Заң колледжін бітіріп шықтым. Ал 2004-2006 жылдары, әскерде отандық борышымды өтедім. Сөйтіп, 2007 жылы осы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түстім. Сол жерде білім алып жүріп, қасымдағы жігіттер Ролан, Ғабит, Жігермен таныстым.
Жігер: Мен Ауыпбаев Жігер Жандосұлы, Алматы облысының тумасымын. 1987 жылы, мамыр айының 3 жұлдызында Райымбек ауданы, Кеген ауылының қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем - шаруа қожалығында, ал анам болса аудандық маслихатта қызмет етеді. Отабасында алты ағайындымыз. Гүлнұр атты әпкем, Алмас есімді інім, Айым, Назерке, Ақжан есімді қарындастарым бар. Ауылда 8-сыныпта оқып жүргенімде, марқұм Шманов Амантай деген ағамыз мені байқап қалып, Қарасаз ауылындағы Мұқағалидың өнер мектебіне шақырған болатын. 1 жылдай сол мектепте дәріс алдым. Бірақ, Амантай аға қайтыс болған соң, ауылыма қайта қайтып келдім. Бір жыл көлемінде Алматыдағы Шалтай Смағұлов атындағы № 9 мектеп-интернатта білім алдым. Бірақ, 11 сыныпты ауылдық мектебімде бітірдім. Бүгінгі таңда, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің түлегімін. Алдағы уақытта, жұмыстан тыс уақытымның барлығын білімге, ізденіске арнағым келеді. Өмірдің биік шыңына жетсем деген зор арманым бар.
Ұнайды! Керемет әншілер. Дауыстары да тыңдауға жағымды, өлеңдерінің мағыналары да керемет!