Мультфильмдер туралы

Бала күнімнен бері мультфильмдерді көргенді ұнатамын. Әсіресе, кеңес мультфильмдерін. Олар мейірімге, адалдыққа, ізгілікке толы. Қазір, өкінішке орай, игі іс-әрекеттерді көрсететін мультфильмдер жоқтың қасы. Барлығы дерлік атыс-шабыс, қырғын соғысты көрсететіндей.

Таяуда бір жаңалық естіген болатынмын. Шымкент жерінде Алдар көсеге арнап ескерткіш орнатпақ. Бұл жаңалыққа өз басым қуандым. Себебі, біздің елде кино және мультфильмдер кейіпкерлеріне ескерткіш тұрғызылмаған (бәлкім, тұрғызылған да шығар, өкінішке орай, мен білмейді екенмін).
Ал Ресей, Германия, Латвия, Украина елдерінде бір емес, бірнеше мультфильм қаһармандарына ескерткіштер орнатылған

Алдардың түрін кімге ұқсатып жасар екен))
менде жақсы көрем мультиктер :)
Кішкентайымнан бері "Том и Джерри","Микки Маус","Тимон и Пумба","Ну погоди","Чип и Дейл" тағы сол сияқты мультфильмдерді қатты жақсы көрем
маған монстры на канукалах деген мултик унайды,бірлетте 3d мен қарадым
спанч боб вабше күшті