Қызың өтірікті көп айтатын болса не істеу керек?

:| Иә, осы сұрақты қойғым келген. Бұл мені біршама уақыт бойы мазалап жүр. Тіпті кейде өтірік айтып тұрғанын біліп тұрсам да "сене саламын". БІрақ "өтіріктің арты бір-ақ тұтам" демей ме, бәрібір де бет қызартып, ыңғайсыз күйге ол да мен де түсеміз де қаламыз. Жалпы бұл жамандықтың белгісі. Отырып, дұрыстап сөйлесіп те көрдім. Ашуланып та, жалынып та айттым. Дәл бүгін ештеме де жақсы жағына өзгермегенін білдім. Көмекті сіздерден сұрайын дедім. Тек:
1. Дұрыстап сөйлес.
2. Сабыр сақта
3. Кешірме немесе кешіре сал деген біржақты пікірлерден басқасын күтемін, ДОСТАР. Көмектеріңіз керек... :|

(((
Меніңше, өтірік айту ол қанға сіңген қасиет. Одан арылу мүмкін емес сияқты. Сондықтан өзің шешім жасайсың.
Менің бір таныс қызым болды. Өзі өте көрікті болатын. Жігітін өліп-өшіп сүйді. Жігіті оны. Бірақ шылғи өтірік айтатын. Сол қыз бір мезгілде 3 жігітпен жүрді, сенесің бе? Актив номері өз жігіті үшін. Билайнды екінші жігіт үшін қосты. Кейде екеуін сөндіріп қойып Неоны қосып қойып түрік жігітпен сөйлесетін. Түріне қарап ондай қылыққа қимайсың, өкініштісі онысынан өзі жиренбейтін, қалыпты жағдай санайтын. Мына ситуация соған ұқсап тұр. Сен оны, ол сені сүйсе, бірақ өтірікті көп айтса, онда қызыңда бірдеме дұрыс емес. Яғни "запас" ұстауы ғажап емес. Мүмкін мен қателескен де шығармын, бұл жай ғана жорамал ғой. Сол онда...

Ардақ, мыналарды мен айтты деме ия. Қызыңыз кеп шаңымды қағып бермесін. )))


қайран ғазиз бас, біреуге "запас" болғаным-ау... О горе мне! Не деп кеттім нақ!
Не үшін өтірік айтқанына байланысты. Әйелдер қорқақ келеді. Жалпы көп өтірік айтатын әйелге көп өтірік айтатын балаға қарағандай қарау керек.
Сосын, не ғой, түрің өтірікке сенетін адамға ұқсаса, өзіңнен көр.
Өтірік айтуға жағдай жасамау керек.
Болмашыға ренжіп, болмашыға ұрсыса кететін әдетің болса, қыз қарым қатынасты сақтап қалу үшін ,немесе артық жанжал тудырмау үшін өтірік айтуы мүмкін.
саған айтайын еркек емессің ез екенсің бауырым! Сапляк! Тряпка! :!:
меніңде сүйіктімнің бір екі рет өтірігі ашылып қалған, содан кейін бір түрлі сөздеріне сенбей тұрады екенсің, бірақ сүйген адам кешірімді болады ғой, мен кешірдім, қазір өтірік айтпауға тырысады. Өтірік айтып тұрғанын бірденен ббііп қоямын ғой ;)
Сен оған "Өтірікші" деген ат қойып ал.Сосын қылқылдап айта бер өтірікші,эй өтірікші деп...Қайтесін өтірік айтатын қызды.Жақсы көрмесе жібершиш оны.Құрсын.Не зат ол ваще күнде өтірік айтатын болса сенің шашың ағарып жынданып өлесіңғо байғұс бала ау
байғұс бала-ау дейді? :shock: :mrgreen: Қатырдың, қарындасым 8-)
қыздар да алдай ма? )))))))))
қыздар да алдай ма? )))))))))


мейіргүл, байқадың ба, Гүлзат әдемі, иә? :D