Стиліңіз қандай?

Стиль сөзін жиі қолданатын болдық. Әр адамның өз стилі болады. Оны үстіне киген киіміне, бояну үлгісіне қарап анықтаймыз. 8-) Біреулер тек классикалық киімді кисе, енді бірі спорттық, милитари, француз стильдерінде киінеді. Сіздің стиліңіз қандай? Арнайы стильде киінбесеңіз де, қандай стиль талғамыңызға сай келеді?

қазақылық байқалмайтын сияқты...
Бірақ шашы ұзын әдемі екен.
Биылғы Әлем Аруы байқауына қатысатын қазақ қызы Толеуова Айнур жайлы не дер едіңіздер?

Басқа ұлт өкілімен шатыс сияқты, қазақылықты көрмей тұрмын.
Ал істильге келетін болсақ, стилім жоқ менде, базардан киінемін, бішкектің киімдері жақсы еді... енді жабылды, кедендік одақтың кесірі...

Мысалға инту маркалы жинсиі бір жыл бұрын 3000 теңге болатын, қазір оған 4500 - 5000 теңге сұрап тұр.
Осы қыз түк те ұнамад. Қазақты менсінбеушілік байқап қалдым бір сөзінен :evil:
"Адам - көркі шүберек" , ендеше әр жеке тұлғамын деген адам үстіндегі киімін таза, ұқыпты, жинақы, жарасымды, сол ортасына сай киінсе және де ең бастысы талғаммен киіну де бір өнер! Адам өзі жайлы киім киісінен де азды-көпті мәлімет берері сөзсіз. Ендеше қандай киім таңдасаңызда жасыңызға сай етіп, жарасымды етіп таңдау маңызды!
Қыз баланың бойын асемдігіне әсемдік беретін киімі, сондықтан да барынша киім таңдаған да жарасымды болуына көп көңіл бөлемін! Жарасады екен деп ашық-шашық киімдерді қолдамаймын. Күнделікті өмірде әрине жағдайға, баратын жеріңе қарай және де ауа райына қарай киінеміз. Негізі студент болғандықтан ба көбіне классикалық стильде киініп жүремін. Ал былайша жеңіл әрі спорттық киімдерді ұнатамын!!! ;)
Осы жазда макси ұзындығы сәнді болатын сияқты... Қалай ойлайсыздар?
?????????????? Дер едім ана суретке.....
Биылғы Әлем Аруы байқауына қатысатын қазақ қызы Толеуова Айнур жайлы не дер едіңіздер?


Қыз қазақшы сөйлей алмайды. Бірақ шашы ұзын, әдемілігі бар енді. Қазақстанның атынан өзге ұлт қызынан гөрі қазақтың қызы қатысатынына өз басым ризамын.
Қазақтың ұлттық стилін қазіргі киімде қолдануға болады ма?