Дұрыс бояну ережелері
Қайырлы күн, форумдықтар! Кәсіби боянудың қыр-сырымен бөлісейікші. Ғаламтордан түрлі бейнелерді қарадым, бірақ олардың қимыл-әрекеттерін қайталай алар емеспін. Кеңестеріңізді ортаға салуларыңызды сұраймын!
қанша талпынсам да осы боянуды меңгере алмай қойдым, қыздар өтірік жағыпсың деп жиі ескерту айтып жатады))) негізі боянбай, табиғи келбетіңмен жүргенге не жетсін??
қатты боянғанды ұнатпаймын. Өзіме жарасып тұрса болды
көп бояна бермеймін. Арасындааааааа болмаса. Күнделікті қолданатыным -кремдер. Ерінге жағатын бальзам.Туштыда аса қажет етпеймін. Көздерім онсызда боялып тұрғандай әсер береді(кішкентай кезімде ағаларымнан сол үшін айқай да естігем) .
негізі ше, қыздааар ) не ғой, статистика бойынша көп жігіттер табиғи қыздарды ұнатады екен-міс, бірақ, қайдааам... )) негізі өзіме көбіне табиғи боп жүрген ұнайды ))
Кірпігімді боямаймын дым, ұзындығы да, түсі де ойдағыдай. Қажет кезінде мамандардың көмегіне жүгінгенім болмаса, былайынша уақытта бояна бермеймін, "табиғи бетпен жүре берем (с)". Өткенде бір адамның кеңесімен сүрме алғам фирмалық, бір жылағанда-ақ еріп ағып кетті кірпіктен онша бояна алмаймын шыным. Кейбір әп-әдемі боянып алған қыздарға қызығып кетем, өйтіп бояна алмағасын қоя қойсай дим сосын өзіме...
Ең керекті деген косметикалық құралдар не деп ойлайсыз?
Тушь, подводка, пудра - бастылары осылар мен үшін) Бірақ, көп боянбаймын, себебі, көөп боянып, келесі күні боянбай келсең: "Ауырып тұрсың ба? Неге боп-боз боп тұрсың?" деп сұрайды айналаңдағылар. Қасымдағы қыздардан білем Демек, табиғи түріңе үйренісе алмай қалады! Мен көп боянатын қыздарға боянбай келген күні солай айта берем, содан кейін-ақ өзі боянуды азайтады.