Алғашында жолаушылар бұл кісінің әрекетіне наразылықпен қар

Алғашында жолаушылар бұл кісінің әрекетіне наразылықпен қараған, алайда олар мұның себебін білген бойда үнсіз қалды?
Жиырма төрт жастағы жігіт әкесімен бірге поезда жол жүріп бара жатады. Жас жігіт терезеге қарап жатып: «Әке, қарашы, ағаштар қасымыздан сырғып ұшып бара жатқан сияқты» - деп таңдай қағады. Әкесі баласының бұл іс-әрекетіне жылы шырайлық танытып, күлімсірейді. Әкесімен баласына көршілес отырған ерлі – зайыптылар бір-біріне қарап, дап дардай ересек адамның мұндай қылығын менсінбейді. Сәлден соң жігіт қайтадан айқай салып: «Әке, қарашы, бұлттар бізді қуып келеді» - дейді. Әкесі оған жымия қарайды. «Айтыңызшы, осы сізге балаңызды дәрігерге көрсету керек сияқты? Оған міндетті түрде қаралу керек!» - деп көршілес отырған жұптан дауыс естіледі. Алайда әкесі оларға еш ренжімей, қайта жайдары мінезбен: «Біз бірер минут бұрын ғана дәрігерде болғанбыз. Балам туғаннан соқыр, ал бүгін дәрігерлер балама көз шырымын сыйлады» -деп жауап береді.

Жаңа туған көздер әсемдікті көре алады. ;) :evil:
Қандай әсерлі! Жігітті аяп кеттім. Жас жұбайлардың орнына бұлай айтпаушы едім, мен керісінше өмірге риза адамдарды іздеймін. Рақмет жазбаңызға!
ияяяяяя асатпай жатып құлдық деме деген осы
Иә, дән ризамын
Адам деген қызық қой, білмей жатып айта береміз, кейін бармақ тістеп қаламыз, мына оқиға ой салады екен.
Білмеген у ішер деген осы.
Қандай әсерлі! Жігітті аяп кеттім. Жас жұбайлардың орнына бұлай айтпаушы едім, мен керісінше өмірге риза адамдарды іздеймін. Рақмет жазбаңызға!

:mrgreen: Дурыс омирге риза болып имр суру керек