фантастикалық жанрдағы телехикаялар!!

Бүгінде телетоптамалардың түрі аса көп. солардың ішінде фантастикалық жанрлар да аз қамтылмаған. Мысалы қазіргі таңда 31 арнадан осы бағытта үш бірдей телехикая жүріп жатыр. оның бірі "Вавилон" нағыз қиял мен ғажайыптың туындысы. мұнда галактика аралық соғыстар мен болашаққа деген болжам секілді дүнилер қамтылған. соған қарағанда батыстық режиссерларды егер дүние технология осылай қарқынды дами бесе, алдымызда мынадай да заман болуы мүмкін-ау деген пайымдау ма, әлде не... осы жағы мені қатты толғандырып жүр. Сондай-ақ, вампирлер мен түрлі үрейге толы фильмдер де өз көрермендерін табады. Мысалы ,"Дневники вампира" деген топтама. Қазақстанда алғаш рет 31-арнадан көрсетілуде. Бұл енді бір қара ниетті, бір ақниетті ағайынды екі вампирдің тартысы туралы фильм. жалпы, қазақ тілінде "қанішер" деген сөзтіркесі бар. соған қарағанда қанға құмар жандар атам заманнан болған ба әлде, қалай. жалпы бұл бағыттағы фильмдердің мақсаты не?
Ал, "Нағыз Арон Стоун" Бұл онлайн ойындардың батырынан шынайы батырға айналған бүгінгі күннің жасы туралы сериал. бір қызығы ол осы компьютерлік ойындардың шеберіне айналғаны сонша, өзі де кереметтей тылсым күшкен ие болады. Былай қарасаң қазіргі заманға сай, бүгнгі күннің ұланы туралы әңгіме. дегенмен, өмірде бәрі де олай емес қой...

[youtube:3jfbtnmq]http://www.youtube.com/watch?v=dYwTa8bJvyU&feature=youtu.be[/youtube:3jfbtnmq]


[youtube:3jfbtnmq]http://www.youtube.com/watch?v=-Uk3h5UiLP0&feature=youtu.be[/youtube:3jfbtnmq]




Вампирлер тарихы кинода өз маңызын жоғалтқан емес. Бізге жеткен бұл тақырыптағы алғашқы фильм - «Носферату. Үрей симфониясы» 1922 жылы түсірілген болатын. Режиссері Фридрих Мурнау.
Неміс режиссері Брэм Стокердің «Дракула» атты шығармасын экранға шығармақ болған еді. Алайда, Prana Film киностудиясы романды қолдануға хұқықты сатып ала алмады. Фильмді түсіру жұмыстарын жалғастыру үшін Мурнау басты кейіпкерлердің есімі мен сюжет желісіне аз ғана өзгертулер жасайды. Дегенмен, бұл да көмектеспеді. Брэм Стокердің жесірі киностудияны шығармашылық ұрлық жасады деп кінәлап, сотта жеңіп шығады. Сот шешіміне сәйкес, кинофильмнің барлық көшірмесі жойылуға тиіс болатын, алайда 1930 жылы фильмнің пираттық көшірмелері пайда болды, ол фильмнің қайта жаңғыруы мен сақталуына үлкен ықпал етті. Сол уақыттан бері вампирлер кинематографияның тұрақты кейіпкерлеріне айналды, жүздеген толықметражды фильмдер, телехикаялар мен анимациялық фильмдер түсірілді. Биыл киноөндірісі картиналардағы вампирлердің 90 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде көрермен қауым ажалсыз Дракуладан бастап (1922), Стефани Майердің Ымырт дастанына (2011) дейінгі вампирлердің өмірін қызыға бақылайды. Фильмдердің арасында айрықша ерекшеленетін және ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндері де бар. Солардың бірі «Вампир күнделігі» - тылсым, қиялғажайып, үрей стилінде жазылған Лиза Джейн Смиттің романдар сериясы. Ең алдымен «Жандану», «Аштық» және «Ашу» (1991) трилогиясы жарық көрді, алайда оқырмандардың қызығушылығы Смиттің төртінші кітап – «Қараңғы альянсты» жазуына (1992) ықпал етті. 1998 жылы Смит басты кейіпкер Дэймонның оқиғасын өрбітіп, «Вампир күнделігі: Қайта оралу» атты трилогияны жазғанын мәлімдеді. 2009 жылы Лиза Смиттің романы телетоптамаға сәйкестендіріліп, америкалық телеарналардың бірінен эфирге жол тартты.

«Вампир күнделігі»

Ағалы-інілі вампир жігіттердің жүрегін жаулаған Елена атты қыз туралы бұл оқиға әлемнің көптеген елдерінде миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулады. «Вампир күнделігі» телетоптамасының алғашқы маусымында 17 жасар Елена Гилберт пен оның он бес жасар інісі Джеремидің ата-анасы көлік апатынан қайтыс болады. Елена үздік оқушы, мектептегі әдемі де белгілі қыз болатын, алайда, енді оған қайғысын ішіне жасыру оңайға соқпауда. Оқу жылының басында Елена мен оның достарының назары әдемі, жұмбағы мол жаңа оқушы Стефан Сальваторға ауады.
Стефан мен Елена бірін-бірі бірден ұнатады, алайда Елена Стефанның жүздеген жыл өмір сүрген қансорғыш екенін білмейді. Ағасы Дэймон – қанға құныққан қатыгез, нағыз вампир екеніне қарамастан, ол адамдардың арасында мүмкіндігінше бейбіт өмір сүруге тырысады. Енді, бірі мейірімді, бірі жауыз екі вампир - Елена мен оның достары және Мистик Фоллз қаласының өзге тұрғындарының жаны үшін күреске түседі.

Әйгілі америкалық телетоптаманың қазақстандық тұсаукесері «31 арнада» болды. Әлемдік прокатта аса табысты болған фильм енді қазақстандық көрермендердің назарында!
31 арна, ұрпақ санасына кері әсер ететін бұндай фильмдерді сатып алып көрсеткенше неге өзіміздің қазақи иісте басқа туындылар түсіріп көрсетпеске :?: :!: