Кейбір ғалымдар бүгінгі Ақыртасты араб деректерінде кезігетін Ұлы Жібек жолының бойындағы Касрибас қаласы деген болжам жасайды. Бұл тұжырымның дәлелі мынадай: VIII ғасырдың екінші жартысында (751 жылы) қарлұқтар мен араб әскері бірігіп Атлах маңында Қытайларды тас-талқан қылып жеңіске жетеді. Осы жеңістен кейін бейбіт өмір басталып, екі мемлекет арасында келісім орнаған шақта, басшылар қала салуға кіріскен, бірақ тағы сол белгісіз себептермен құрылыс тоқтап қалған.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/ ... nym/51729/